222
Б.П.
Camphorae 10,0
Olei Persicorum 90,0
m
ж
= 100,0
Технологиясы. Құрғақ қоңыр түсті босататын құтыға алдын-ала
өлшенген 10,0 г камфораны салады. Құтыны таразыда тарирлеп, 90,0 г шабдалы
майын өлшейді. Тығындап, су моншасында камфора толық ерігенше 45-50
0
С
температураға дейін қыздырып ерітеді.
Толық еріген соң, суытып, босатуға
безендіреді. Негізгі этикетка сары түсті «Сырт тәнге», ескерту этикеткасы
«Балалардан сақта».
Аралас ерітінділер дайындаған кезде
дәрілік заттардың ерігіштігін,
еріткіштердің қасиетін (ұшқыш, тұтқыр), еріткіштерді дозалауды (салмақпен
немесе көлеммен) ескереді.
Rp.:
Anaesthesini 2,0
Acidi borici 1,0
Picis liquidae 5,0
Olei Ricini 2,5
Spiritus aethylici 96% ad 50 ml
Mіsce. Da. Sіgna. Ауырған жерге жағуға
Қара май мен майсана майы ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 «Дәрілік
құралдарды дайындау Ережелері туралы» бұйрығына сәйкес салмақпен
өлшенеді. Этил спирті көлеммен өлшенеді және оның мөлшері жазылымда
көрсетілмеген.
Құрғақ заттардың концентрациясын (пайыздық мөлшерін) анықтау
2,0+1,0 = 3,0 құрғақ
заттар
3,0 – 50 мл ерітіндінің жалпы көлемі
х –100 мл
х= 6 % > 3%
Қажетті спирт көлемін, қара май мен майсана майының және дәрілік
заттардың алатын көлемдерін ескеріп, есептеуге болады.
Анестезиннің КҰК 0,85 мг/л
Бор қышқылының КҰК 0,65 мг/л
Қара майдың тығыздығы 0,938 г/см
3
Майсана майының тығыздығы 0,958 г/см
3
Есептеу:
Майсана майынан 2,5
2,5/0,958=2,6 мл
Қара майынан 5,0
5,0/0,938=5,3 мл
Анестезиннен
2,0
Бор қышқылынан 1,5
96% этил спиртінен 50 мл – (2,6+5,3+2,0∙0,85+1,5∙0,65)=39,4 мл