Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Дисперстік фазаның бөлшектірінің біркелкілігі



Pdf көрінісі
бет176/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дисперстік фазаның бөлшектірінің біркелкілігі. Микроскоп арқылы 
анықталады. Ірі бөлшектер болмауы керек. Бөлшек өлшемдері жеке 
мақалаға сәйкес болуы керек. 
Тұну уақыты. Сақтаған кездегі тұнған тұнбаның мөлшеріне 
байланысты суспензияның тұрақтылығын анықтайды.Тұнбаның биіктігі 
неғұрлым аз болса, соғұрлым суспензия тұрақты болып саналады. 
Ресуспендирленуі. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау 
жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан 
соң, ал 3 тәулік сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң 
бөлшектерінің дисперстік ортада біртекті таралуы. 


251 
Құрғақ қалдық. Суспензияны дозалаудың дәлдігін тексеру мақсатында 
анықтайды. Суспензияның қажетті мөлшерін өлшеп алып, кептіреді содан соң 
құрғақ қалдықтың салмағы анықтайды. 
Жалпы мөлшеріндегі ауытқулар қатты фазаның мөлшеріне байланысты 
анықталады. 
Суспензиялардың теориялық негіздері - суспензиялық линименттер
жағар майлар, суппозиторийлер технологиясында қолданылады. 
Технологиясында Дерягин ережесі қолданылады, ал лайлау тәсілі 
қолданылмайды. Себебі қолданылатын негіз тұтқыр немесе тығыз зат, олар 
суспензия тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 
Дәріханада суспензия технологиясын жетілдіру 
- кіші механизация құралдар, майдалағыштар (электрлік араластырғыштар) 
енгізу, өнімділігі төмен қол енбегін жеңілдету, суспензия сапасын 
жақсарту; 
- тұрақтандырғыштар 
ассортиментін 
кеңейту. 
Дәрілік 
заттардың 
тұрақтылығын жоғарлату; 
- суспензиялар 
сапасын бағалауға инструменталды әдістер енгізу. 
Дисперстік фазаның бөлшектерінің мөлшерін микроскоп көмегімен (МФ 
ГДР) анықтау; 
- суспензиялық дәрілік түрдің перспективті дамуы «құрғақ суспензия» 
дайындау болып табылады, ол - дәрілік заттар мен тұрақтандырғыштар 
қоспасы, кейде оған консерванттар қосылады, көбінесе түйіршіктер 
түрінде дайындалады. Қолданар алдында құрғақ суспензияларға 
тазартылған су қосылады. Құрғақ суспензиялар тасымалдауға ыңғайлы 
және ұзақ уақыт сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет