Сабақ мақсаты: тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға береді



Дата14.10.2023
өлшемі0.76 Mb.
#480742
түріСабақ
Наурыз уыз мерекесі


№111М.Маметова атындағы ЖОББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахмедова Дилфуза Турсункуловна
8- “Б” сынып
Ашық сабақ тақырыбы: Наурыз-уыз мерекесі
Сабақ мақсаты:
-тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға береді
- түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана біледі

Психологиялық ахуал
“Аялы алақан”
Үйге тапсырма: "Wordwell" әдісі
https://wordwall.net/embed/ba3d7586e58f42dca6b4629e86453c57?themeId=21&templateId=30&fontStackId=0
Бағалау "Бәйге" әдісі
1-топ домалақ тоқаш
2-топ үшбұрыш тоқаш

Наурыздың оны
Сынып жұмысы
Наурыз-уыз мерекесі
Жаңа сөздермен жұмыс: уыз, өріс
"Жариялау" әдісі
  • Уыз — жаңа төлдеген малдың ең маңызды сүті. Бабаларымыз алғашқы 3-5 тәуліктегі осы сүтті пайдаланып, уыз тағамын дайындаған. Сары уызды енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алады. Ал бір тәулік өткен соң сүттің маңыздылығы кеміп, ақ уыз пайда болады.
  • Уыздың нәрлілік қасиеті кәдімгі сүтті екі орап алады. Уыз құрамында антиоксиданттар өте көп. Сондықтан ол балаң ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттырып, ас қорыту жүйесін ретке келтіреді. Анасының уызын тойып емген төл мықты болып өсіп, тез ширайды. Сондықтан қазақта «уызына жарымаған» деген сөз қалған. Бұл әлсіз және ауыршаң балаларға және төрт түліктің әлсіз төлдеріне де қатысты айтылады.
  • Қазақта уыздан дәмді тағамдар да дайындайды. Уызды көбіне сиыр, қой, ешкі сүтінен дайындайды. Жаңа сауылған сүтті таза етіп жуылған қой бүйеніне құйып, қайнап жатқан суға салып пісіреді. Кейде сүтке кішкене қант немес тұз сеуіп уыздың дәмін келтіреді. Бір үлкен қойдың бүйеніне 1,5 литрге дейін сүт сыяды. Уыз піскен кезде қатады, сондықтан бүйенмен бірге біркелкі кесіледі.

Уыз — жаңа төлдеген
малдың ең маңызды сүті.
Өріс-мал жайылатын жер

1-тапсырма Оқылым. Айтылым
Өлеңді мәнерлеп оқып, сәйкесін табу
https://wordwall.net/embed/1ad9b3bcd131427f8d61d9ebbda2cd1d?themeId=46&templateId=46&fontStackId=0

Дескриптор:
-өлеңді мәнерлеп оқиды;
-Сәйкесін табады;

"Сөз іздеу" әдісі тапсырмасы
https://wordwall.net/embed/f56b36b9ef5b47b2865199245e58f8f1?themeId=1&templateId=10&fontStackId=0

Әрітердің арасынан сөз шығарады

Сергіту сәті.

"Қара жорға" биі

2-тапсырма Оқылым Айтылым
Мәтінді оқып, постер қорғау

Дескриптор:
Мәтінді оқиды
Уыздың қалай жасалуын айтады
Наурызкөже қалай дайындалуын айтады

Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күніндегі басты тағам. Ол қасиетті 7 дәмнен тұрады, яғни оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты түрлі дән мен ақ қосылатыны белгілі. Жалпы, ұлттық тағамнан алғаш рет ауыз тиген адам оның дәмдік ерекшілігіне тамсанбай қоймайды. Құрамы нақты емес, бірақ өте дәмді тағам. Наурыз көже келер жылғы молшылықтың жаршысы ретінде Наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы десек те болады.

Бағалау "Бәйге" әдісі
Үйге тапсырма 10-тапсырма
Мәтінді оқып, 4 сұрақ құрастырып жазу


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет