Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Жағар майлардың және линиментердің технологиясын



Pdf көрінісі
бет245/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Жағар майлардың және линиментердің технологиясын
жетілдірудің негізгі бағыттары 
Жағармайлардың сапасын және технологиясын жетілдіру бірнеше бағыттар 
бойынша жүргізіледі. 
Жағармайлардың қолдану мақсатына қарай бағытталған таңдау бойынша 
және де науқастың жасына (балалар және қарттар) байланысты негіздердің 
ассортиментін кеңейту. Соңғысы балалар және қарттар ағзасының 
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. 
Жағармайлардың тұрақтылығын және терапевтік тиімділігін болжау 
жолдарын табу. 
Сұйық дәрілік препараттарға қарағанда, жағармайлардың әлдеқайда 
тұрақтылығына қарамастан, оларды тұрақтандыру мәселесі, демек, сақталу 
мерзімінің ұзаруы әрқашанда актуальды. Суспензиялық және эмульсиялық 
жағармайлардың физикалық тұрақтылығын қоюландырғыштар, эмульгаторлар 
және басқа қосымша заттар қосу арқылы арттырады. Химиялық тұрақтылығын 
арттыру мақсатында, жағармайлар мен липофильді негіздердің тотығу 
реакцияларын 
төмендету 
және 
болдырмау 
үшін 
антиоксиданттарды 
(бутилоксианизолды, 

-токоферолдарды және т.б.) қолдану перспективті. 
Жағармайлар мен жағармай негіздерінің микробиологиялық тұрақтылығын 
арттыру үшін консерванттарды: сорбин қышқылы (0,2%), нипагин мен нипазол 
қоспасы (1:3), бензил қышқылы (0,9%) және т.б. қолдануға болады. 


330 
Жағар майларды буып түю, орамдау проблемасы да, қазіргі заманның 
талаптарына сәйкес шешуді қажет етеді. 
Қазіргі кезде шетел және отан ғалымдарының жүргізетін ізденістері, бөлек 
компонентердің жақсы қасиеттерін (алюминий фольгасы, полимерлер, қағаздар) 
біріктіру арқылы, аралас (ламинирленген) материалдарды және де бір рет 
қолданатын орауыштарды жасап шығаруға бағытталған. 
Объективті талдау әдістерін және жағармайлардың тұрақтылығы бойынша 
сапасын бағалау, реологиялық көрсеткіштері бойынша, биологиялық сіңімділік 
бойынша және т.б. мәселелерді шешуді қажет етеді. 
Дәріхана үшін ең маңызды және актуальды болып жағармайлар 
технологиясында кіші механизация элементерін еңгізу болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет