Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет248/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Гидрофобты негіздерге: майлар және май тәрізді заттар, олардың 
эмульгаторлармен және табиғи көмірсутекті заттармен балқымалары жатады. 
Классикалық негіз ретінде какао майы қолданылады. 
1. Какао майы (Oleum Cacao seu Butyrum Cacao) - шоколад ағашының 
ұрығынан алынатын тығыз консистенциялы өсімдік майы. Алғашқы рет какао 
майын 1766 жылы француз фармацевті Антуан Бом қолданды. Бөлме 
температурасында - какао майы ашық сары түсті, әлсіз какао иісті және тәтті 
дәмді. Балқу температурасы 30-34 
0
С. Егер рецептіде негіз көрсетілмесе, какао 
майы қолданылады, ол индифферентті, көптеген дәрілік заттармен жақсы 
араласатын, пластикалық масса.
Какао майының кемшіліктері: суды қиын инкорпорирлейді 
(эмульгирлейді); полиморфизм қасиеті тән, яғни жоғары температурада ұзақ 
қыздырған кезде какао майы фазаға бөлініп, балқу температурасы 23 
0
С 
болатын модификациясына ауысып, қатуы ұзақ жүреді, сондықтан ол 
суппозиторийлерде қолмен формалауда ғана қолданылады; ыстық климатта 
қолдану қиын; қымбат, импорты өнім. 
2. Жапон коричник майы (Oleum Cіnnamonі peduncularі) - қатты өсімдік 
майы, жапон коричник жемісінен алынады. Балқу температурасы 34-35 
0
С. 
Какао майының толық аналогы болып табылады. 
3. Какао майының аталған кемшіліктеріне және импорты өнімді отандық 
өнімге алмастыру мақсатымен 1930 жылдан бастап суппозиторий негіздеріне 
іздену жұмыстары жүргізілді. Бұл гидрогенизацияланған майлардың 
эмульгаторлармен, май тәрізді заттармен, көмірсутекті өнімдермен 
балқымаларын алу жолымен жүзеге асырылды. 
Алғаш рет 1934 жылы А.Т. Босин 4% парафин қосылған 
гидрогенизацияланған майлардың балқымасын алып, бутирол деп аталған 
негізді ұсынды. 
Қазіргі кездегі бутирол құрамы: 
Гидрогенизацияланған май - 50 % 
Парафин
- 20 % 
Какао майы
- 30 % 
4. ББЗ қосылған гидрогенизацияланған майлар. 
а) Гидрогенизацияланған майларды суппозиторийлік негіз ретінде Ю.А. 
Благовидова және И.С. Ажгихин зерттеді. Гидрогенизацияланған майлардың 
Т-2 эмульгатормен балқымасы құрылыстық-механикалық қасиеті бойынша 
какао 
майына 
жақын 
және 
құрамындағы 
Т-2 
эмульгатордың 


333 
концентрациясына байланысты какао майына тән кейбір кемшіліктерден 
арылған. Бұл негіздердің Т-2 эмульгаторының пайыздық мөлшеріне 
байланысты келесі шартты атаулары бар: ГХМ-4Т, ГХМ-5Т, ГХМ-10Т
Негіздер сулы ерітінділерді жеңіл инкорпорирлейді және дәрілік заттардың 
сіңірілуін күшейтеді. Бұл негіз норсульфазолмен, сульфадимезинмен, натрий 
сульфапиридазинмен, новобиоциннің натрий тұзымен және т.б. дәрілік 
заттармен суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындау үшін қолдануға 
ұсынылған. 
б) А.И. Тенцова және В.В. Сергеев суппозиторийлік негіз ретінде 
гидрогенизацияланған арахис майының 3% эмульгатор Т-2 мен немесе 3% 
эмульгатор N 1 - пропиленгликоль моностеаратымен балқымасын ұсынды. 
5. Сонымен бірге фармацевтикалық практикада өсімдік және жануарлар 
майларының гидрогенизацияланған термиялық немесе химиялық фракция 
өнімдерін қолдану ұсынылған. Бұл өнімдердің өндірісі табиғи немесе 
гидрогенизацияланған майлардан температуралық белгілері бойынша какао 
майына жақын, глицеридтер фракциясын бөліп алуға негізделген. 
а) Осындай типті негіз - себувинол - 1948 жылы Г.А. Вайсманмен 
ұсынылған, бұқа майының қатты фракциясы. Оның өзіне тән кемшіліктері бар 
- тез қышқылданады, пластикалылығы төмен суппозиторийлік масса береді, 
балқу 
температурасы 
36-37
0
С. 
Тек 
ректалды 
және 
вагиналды 
суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісі бойынша алуға қолайлы, консервантсыз 
тез бұзылады.
б) И.С. Ажгихин ацетонда еритін сиыр және пальмоядерлі майлардың 
гидрогенизат фракцияларын ұсынды. Ацетонды бөліп алған соң қатты және 
нәзік өнімдер алынады. Негіз алу үшін оларға келесі эмульгаторлардың біреуі: 
3% Т-2; 5 немесе 10% пропиленгликольмоностеарат; 0,5% қант глицериді; 
0,5% сахароза дистеараты қосылады. 
в) Термиялық фракциялау өнімі - кит саломасынан және мақта, арахис 
майының гидрогенизатынан алынады, балқу температурасы 30,2-36,8 
0
С. 
6. Гидрофобты негіздер тобына сонымен қатар жартылай синтетикалық 
жолмен алынған спирттер мен қышқылдардың бағытталған этерификация 
өнімдерін жатқызуға болады.
а) Имхаузен (Іmhausen) немесе витепсол (Wіteрsol) импорты, патентелген 
негіз (ФРГ) - лаурин және стеарин қышқылдарының үшглицеридінен тұрады, 
эмульгатор - лаурин қышқылының моноглицерин эфирі.
б) Лазупол (Lasupolum) бірқатар шетел мемлекеттерінің фармакопеясына 
негіз ретінде енгізілген. Ол фталь қышқылының эфирі мен жоғары спирттердің 
қоспасы. Оның құрамы: 90% - майлы алкогольфталаты, 10% - бос спирттер, 
балқу температурасы 34-37 
0
С.
в) Ланол негізі: балқытылған (60-80%) ланольден, (10-20%) гидромайдан 
және (10-20%) парафиннен тұрады. Ланоль фталь қышқылы мен жоғары 
молекулалы майлы спирттердің күрделі эфирі. Сары-қоңыр түсті балауыз 
тәрізді, өзіне тән иісі бар қатты масса. Балқу температурасы 35,5-37,5 
0
С.
7. Дәріхана практикасында суппозиторийлік негіз ретінде А және В типті 
«қатты май» қолданылады. А типті қатты май 100% кондитер майынан тұрады. 


334 
В типті қатты май құрамы: 95-99% кондитер қатты майы және 1-5% стеарин 
қышқылының (қатты эмульгатор Т-1 немесе N 1) моноглицериді. А типті 
қатты май негізін құрамындағы липофильді дәрілік заттары (майлар, майлы 
ерітінділер) және ұнтақ тәрізді (15% дейін) заттары бар суппозиторийлерді 
дайындағанда қолданған жөн. В типті қатты май негізін құрамында суда да 
және майда да еритін ұнтақ тәрізді дәрілік заттары және сұйық экстрактылары 
бар суппозиторийлерді дайындағанда қолдануға ұсынылған. Балаларға 
арналған суппозиторийлерді құрамында эмульгаторы жоқ А типті қатты май 
негізінде дайындау ұсынылған. Дәріхана жағдайында суппозиторийлерді 
қалыпқа құю әдісімен дайындау үшін келесі құрамдағы суппозиторий негізі 
(УФМ 42-173-72) қолданылады: 95,0 - шоколадты өнімдер, кәмпит және азық-
түлік концентраттары үшін кондитерлік май балқу температурасы 36,5 
0
С 
аспауы және қаттылығы 550 г/см кем болмауы қажет (ОСТ 18-197-74), қатты 
эмульгатор (Т-2) - 5,0 (ТУ-18-17-05-75). Негіз ашық сары түсті, өзіне тән әлсіз 
иісті, бөлме температурасындағы қатты, 36,4-36,9 
0
С температурасында 
балқитын масса. Балқыған масса мөлдір, механикалық қоспасы жоқ болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет