Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет251/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Дәрілік заттарды негізге енгізу. Дәрілік заттарды негізге енгізу дәрілік 
заттардың мөлшеріне және физика-химиялық қасиетіне байланысты жүргізіледі. 
Егер негіз ретінде майлар және май тәрізді заттар қолданылса.
а) Майда еритін заттар: фенол, анестезин, хлоралгидрат, тимол, ментол, 
фенилсалицилат, камфора және т.б. Оларды майлы негіздің балқытылған бір 
бөлігінде ерітеді.
б) Суда еритін заттар. Оларға алкалоид тұздары, новокаин, хинозол, опий 
экстракты, этакридин лактаты және т.б. жатады. Бұл заттар, негізінде, аз 
мөлшерде жазылады. Оларды алдын ала бірнеше тамшы суда, глицеринде немесе 
спиртте ерітіп алып, негізге енгізеді. Кей жағдайларда ерітіндіні сусыз 
ланолиннің аз мөлшерімен эмульгирлеп, содан соң негізбен араластырады. Аз 


337 
мөлшерде жазылған дәрілік затты еріту, олардың негізде біркелкі таралуын және 
жергілікті тез әсер етуін қамтамасыз етеді. 
Эмульгатор ретінде сусыз ланолин (С/М типіндегі эмульсия), минимальді 
мөлшерде қосылады. 
Құрғақ экстракт, протарголды және колларголды негізге концентрлі сулы 
ерітінді немесе су-спирт-глицеринді ерітінді түрінде енгізеді.
в) Суда да, майда да ерімейтін заттар: мырыш тотығы, дерматол, 
ксероформ, висмуттың негізгі нитраты, стрептоцид және т.б. Бұл заттарды негізге 
суспензия түрінде енгізеді. Егер олар рецептіде аз мөлшерде жазылса, онда 
бірнеше тамшы шабдалы, бадам майымен ысқылап, негізбен араластырады. Егер
дәрілік заттар көп мөлшерде жазылса, онда оларды майдалап, балқытылған 
негіздің бір бөлігімен ысқылайды да негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосады. 
Суда еритін, бірақ жазылымда көп мөлшерде берілген заттар да негізге суспензия 
түрінде енгізіледі. 
г) Байланыстырғыш қасиеттері бар қою, сұйық заттарды, мысалы ихтиол, 
винилин, нафталан мұнайын негізбен араластырады. 
д) Суппозиторийлерді желатин-глицерин негізінде дайындаған кезде
дәрілік заттарды негізді дайындауға арналған судың немесе глицериннің бір 
бөлігімен ысқылайды. 
Суппозиторийлердің технологиялық процесі. Суппозиторийлерді үш түрлі 
әдіспен дайындауға болады: 
- қолмен илеу әдісі; 
- қалыпқа құю әдісі
- престеу әдісі. 
Суппозиторийлерді дайындау әдісін таңдау негіздің қасиетіне байланысты. 
Мысалы, какао майын негіз ретінде суппозиторийлерді қолмен илеу әдісімен 
дайындағанда қолданады. Қалыпқа құю әдісімен суппозиторийлерді кез-келген 
негізді (какао майынан басқа) қолдана отырып дайындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет