361
Екінші топқа жататын дәрілік заттармен пилюлялар дайындау.
Екінші топтағы дәрілік заттармен пилюля дайындаған кезде,
массаға
жеткілікті тұтқырлық, серпімділік қасиеттер беретін заттар қосылады.
Егер рецептіде өсімдік экстрактылары (тұтқырлық қасиет беретін)
жазылса, онда өсімдік ұнтақтары (серпімділік қасиет беретін) қосылады.
Егер пилюлялық массаға сұйық экстракт кіретін болса, онда қажет
болған жағдайда алдын-ала су
моншасында оны қоюлатып, содан соң басқа
компонентермен араластырады. Керісінше, құрғақ
экстрактылар спирттің әр
түрлі концентрацияларымен тұтқыр массаға жеңіл айналады.
Rp.: Extractі Belladonnae 0,3
Dіbazolі
Salsolіnі hydrochlorіdі ana 1,0
Massae pіlularum quantum satіs, ut fіant pіlulae N 30
Da. Sіgna. 1 пилюлядан күніне 2 рет
Бұл жазылымда итжидек экстрактысы дәрілік зат ретінде берілген,
жазылымдағы заттар күшті әсер ететін заттар, дозалары тексеріледі.
Рецепт
бөлінетін әдіспен жазылған.
Итжидек экстрактысы
Рецепт бойынша
МФ бойынша
ЖРД: 0,3 : 30 = 0,01
0,1
ЖТД: 0,01 х 2 = 0,02
0,3
Дибазол
Рецепт бойынша
МФ бойынша
ЖРД: 1 : 30 = 0,03
0,05
ЖТД: 0,02 х 2 = 0,04
0,15
Сольсолин гидрохлориді
Рецепт бойынша
МФ бойынша
ЖРД: 0,03
0,1
ЖТД: 0,04
0,3
дозалары аспаған
Есептеу:
Итжидек экстрактысы құрғақ 1:2
0,3 х 2 = 0,6
Дибазол 1,0
Сальсолин гидрохлориді 1,0
Қосымша затты таңдау: итжидек экстрактысы пилюлялық массаға
тұтқырлық
қасиет береді, сондықтан масса серпімділік қасиет беретін
өсімдік ұнтағын (мия тамырының ұнтағын) қосады.
Пилюлялардың жалпы салмағы (m
ж
)
Бір пилюля салмағы 0,2 г
m
ж
= 0,2 х 30 = 6,0 г
Көмекші заттың салмағы (мия тамыры ұнтағы)
6 - (0,6 + 1,0 + 1,0) = 6 - 2,6 = 3,4