Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді дәрі дайындайтын
ыдыста шаншуға арналған судың бір бөлігін өлшеп, онда 2,0 г кофеин натрий
бензоатын ерітіп, стерильді пипеткамен 0,1 н. 2 тамшы натрий гидрооксиді
ерітіндісін тамызып, көлемін 20 мл дейін шаншуға арналған сумен жеткізеді.
Ерітіндіні шыны фильтрмен немесе стерильді фильтр қағаз және медициналық
мақта арқылы сыйымдылығы 30 мл стерильді бейтарап маркалы флаконға
сүзеді. Химиялық талдау жасауға жібереді (сапалық, сандық). Талдау нәтижесі
тіркеу журналына жазылады. Оң нәтиже алған соң флаконды резеңке
тығынмен жауып, механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Пергамент
қағазбен жауып, жіппен байлап 3х6 см ұзартылған ұшына ерітіндінің атауын,
концентрациясын, дайындалған күнін, фармацевтің қолы қойылады.
Автоклавта 120
0
С 8 минут стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып,
мөлдірлігін, түстілігін, механикалық қоспадан тазалығын тексеріп, безендіреді.
Негізгі этикетка көк түсті «Шаншуға арналған» толық рецепт көрсетіледі.
Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін
тұрақтандыру. Гидролиз нәтижесінде аз диссоциацияланатын әлсіз негіз және
әлсіз қышқыл молекулалары түзіледі, сондықтан гидролиз жоғарыдағы
жағдайларға қарағанда толығырақ жүріп, реакция нейтралды болады:
ВА + НОН ВОН + НА
Мұндай тұздар гидролизін болдырмау тек ББЗ қосу арқылы мүмкін
болады, өте сирек кездеседі.
397
Шаншуға арналған ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырауы тотығу-
тотықсыздану реакциялары есебінен де жүреді.
Жеңіл тотығатын заттар ерітінділерін тұрақтандыру. Жеңіл
тотығатын заттарға аскорбин қышқылы, адреналин гидротартраты,
этилморфин гидрохлориді, викасол, новокаинамид, фенотиазин туындылары,
құрамында жеңіл қозғалғыш сутек атомдары бар карбонильді, фенолды,
спиртті, амин топтары бар кейбір препараттар жатады. Бұл препараттардың
шаншуға арналған ерітінділерін су құрамындағы және ерітінді үстіндегі оттегі
қатысында дайындау процесінде, әсіресе жылу стерилизациясы кезінде дәрілік
заттар тотығады. Тотығу нәтижесінде ерітінділерде улы немесе физиологиялық
белсенді емес өнімдер түзіледі. Тотығу механизмі туралы түсініктер негізін
А.Н. Бах және И.О. Энглердің асқын тотықты теориясы және академик Н.Н.
Семеновтың тармақталған тізбекті реакциялар теориясы жатады. Тізбекті
реакциялар теориясына сәйкес тотығу-бастапқы заттар молекулалары мен
иницирлеуші факторлар – жарық және жылу энергиясының әсерінен түзелетін
бос радикалдармен әрекеттесу арқылы жүреді. Бос радикал тотығу өзгерістері
тізбегін бастайды. Ол оттегі мен әрекеттесіп, асқын тотықты радикал түзеді де,
жеңіл тотығатын заттардың басқа молекулаларымен алғашқы аралық өнім-
гидроасқын тотық және жаңа бос радикал түзеді. Гидроасқын тотық бос
радикалдар түзе отырып, ыдырайды. Процесс тізбекті реакциялар түрінде
жүреді. Тотығу процесін келесі кезекті этаптар түрінде көрсетуге болады:
RH (жарық, температура) R
+ H
R
+ О
2
R - O - O
R - O - O
+ RH
R - O - O - H + R
мұндағы: RH
– жеңіл тотығатын зат;
R
– алкилді радикал;
RO
– асқын тотықты радикал;
ROOH
– Гидроасқын тотық.
Көрсетілген схема бойынша тотығу процесін келесі тәсілдермен
баяулатуға болады:
а) алкилді радикалдармен тез әрекеттесетін зат енгізу, нәтижеде RO - ға
R
радикалдарының бір бөлігі ғана айналады;
б) асқын тотықты радикалдармен тез әрекеттесетін қосылыс енгізу. Ол
ROOH түзілу жылдамдығын төмендетеді;
в) молекулярлы өнімдер түзе отырып, гидрототықтарды бұзатын зат
енгізу.
Жеңіл
тотығатын
заттардың
ерітінділерін
тұрақтандыру
үшін
антиоксидантар қосылады. Антиоксидантардың тұрақтандыру механизмі
күрделі және олар антиоксидантардың және дәрілік заттардың табиғатына,
сонымен қатар ерітіндідегі ауыр металдардың микроқоспаларына да
байланысты.
398
Фармацевтік технологияда тізбекті реакцияларды бұзатын ингибиторлар
қолданылмайды, себебі олар тек оттегісіз ортада тиімді. Негізінде
гидроасқынтотықтан белсенді радикалдың түрлеріне кедергі болатын
антиоксидантар қолданылады. Олардың ішінде тиімдірегіне фенолдар,
аминофенолдар және т. б. жатады. Олар гидроасқынтотықты радикалдармен
төмендегі реакция бойынша әрекеттеседі:
RO
2
+ JnH
ROOH + Jn
;
мұндағы:
JnH – қозғалғыш сутек атомы бар антиоксидант;
Jn
– төмен белсенді антиоксидант.
Ең тиімді антиоксидантар - гидроасқынтотықтарды бұзатын заттар. Олар
тотығудың
тізбекті
процессін
тоқтатпайды,
тізбектің
тармақталу
жылдамдығын төмендете отырып, тотығу процессін тежейді. Оларға күкіртті
қышқыл тұздары және күкірттің органикалық қосылыстары жатады. Реакция
келесі схема бойынша жүреді:
ROOH + R
SR
ROH + R
2
SO
ROOH + R
2
SO
OH + R
2
SO
2
Қазіргі кезде құрамына төмен валентті күкірт кіретін бейорганикалық
және органикалық көптеген антиоксидантар бар:
Na
2
SO
3
– натрий сульфиті, Na
2
S
2
O
3
– натрий метабисульфиті;
NaHSO
3
- қышқылды натрий сульфиті;
NH
2
- C - NH
2
– тиомочевина;
S
OH
H
2
C-SO
2
Na – ронгалит (натрий формальдегидсульфоксилат);
Н
2
С - SH
H - C - SH
H
2
C-SO
3
Na – унитиол (2,3 – димеркаптопропансульфонат натрий)
Бұл тура антиоксидантар, тотығуға жоғары қабілетті, күшті
тотықсыздандырғыштар. Олардың әсері күкірттің тез тотығуына негізделген.
Мысалы ронгалит:
399
ОН
Н
2
С-О-S-O
a
+2О
CH
2
O + NaHSO
4
S
+ 2
S
+6
Антиоксидант ретінде альдегидті, этанолды, фенолды топтары бар, басқа
органикалық заттар: парааминофенол, аскорбин қышқылы және т.б.
қолданылады.
Тотығу - тотықсыздану процестері бірқатар: ауыр металл иондарының
болуы, рН мәні, оттегі мөлшері, температура және т.б. факторлардың әсерінен
күшейетіндігі белгілі.
Дәрілік заттардың тотығу процесіне, тотығу процесінің катализаторы
болып табылатын, ауыр металдардың (Fe
3+
, Cu
2+
, Mn
2+
және басқалар) іздері
үлкен әсер етеді. Ауыр металл иондары, тізбекті тотығу - тотықсыздану
реакцияларына қатыса отырып, ерітіндідегі әр түрлі иондардан электрондар
тартып алып, оны бос радикалға ауыстыруға қабілетті:
Cu
2+
+ RCOO
-
Cu
+
+ RCOO
Cu
2+
+ ROOH
R
Түзілген радикал оттегімен реакцияға түсіп әрі қарай тізбекті реакцияға
қатысатын, асқын тотықты радикал түзеді. Жарым жартылай тотықсызданған
(қалпына келтірілген) ауыр металл ионы оттегімен алғашқы формасына дейін
жеңіл тотығады, содан соң процесс қайталанады:
Cu
+
O2
Cu
2+
Ауыр металл иондары ерітіндіге шыныдан, аппаратурадан немесе өндірістік
қоспа ретінде дәрілік заттан жиі өтеді. Жеңіл тотығатын заттардың тұрақты
ерітінділерін алу үшін, оларды ауыр металдардың қоспасынан тазарту керек.
Қазіргі кезде суды және дәрілік заттардың ерітінділерін ауыр металл
қоспаларынан, оларды белсендірілген көмір және целлюлозаның қышқылды
формасы арқылы фильтрлеп тазартады.
Жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру үшін комплексондар: ЭДТА -
этилендиаминтетра-сірке қышқылы, трилон Б - этилендиаминтетра-сірке
қышқылының динатрий тұзы, тетацин-кальций, этилендиаминтетра-сірке
қышқылының кальций-динатрий тұзы қолданылады. Комплексондар ауыр
металдардың катиондарымен берік суда еритін қосылыстар түзеді.
Комплексондардың тұрақтандыру механизмі комплекс түзгіш заттар металдар
катиондарын комплекстерге байланыстырып, олардың гидроасқынтотықтарға
қатысы белсенді емес, іс жүзінде диссоциацияланбайтын қосылысқа
айналатындығымен түсіндіріледі.
Жеңіл тотығатын заттарды тұрақтандыру бірқатар технологиялық іс-
әрекеттер жүргізуді қажет етеді:
1. Антиоксидантар енгізу (тізбекті тотығу реакцияларын тоқтату оттегіні
байланыстыру);
400
2. Ерітіндіге ауыр металлдар иондарын байланыстыратын комплексондар
немесе басқа заттарды енгізу;
3. Оптималды рН шекараларын жасау;
4. Еріткіштегі және ерітінді үстіндегі ауа құрамындағы оттегі мөлшерін
төмендету (СО
2
газбен суды қанықтыру, инертті газ ағынында флакондарды
ерітіндімен толтыру).
Достарыңызбен бөлісу: |