Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет297/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді қосымша дәрі 
дайындайтын ыдысқа 50 мл шаншуға арналған суды өлшеп, онда 0,05 г 
атропин сульфаты ( ҚР ДСМ 01.11.1996 ж.№ 481 бұйрық талабына сәйкес) 
ерітіледі. Содан соң стерильді пипеткамен 0,5 мл 0,1 моль/л хлорсутек 
қышқылының ерітіндісін қосып стерильді шыны таяқшамен араластырады. 
Ерітіндіні сыйымдылығы 50 мл флаконға сүзіп, химиялық талдауға 
(сандық, сапалық) жібереді. Талдау қорытындысы тіркеу журналында 
көрсетіледі. Содан соң флаконды тығындап, механикалық қоспадан 
тазалығы тексеріледі. Бақылаудан соң егер көзге көрінетін бөлшектер 
табылса, ерітіндіні алғашқы қолданылған фильтр арқылы сүзіліп, қайтадан 
тексеріледі, тығынды өлшемі 3х6см ұзартылған ұшы бар пергамент 
қағазымен жауып, жіппен байлап, оған ерітіндінің атауын, дайындалған 
күнін, фармацевтің қолы қойылады. Осылай безендірілген ерітіндісі бар 
құты стерильдеуге жіберіледі. Автоклавта 120 
0
С температурада 8 минут 
стерильденеді. Уақыт өткен соң салқындатып, мөлдірлігін, түсін, 
механикалық қоспалардан тазалығын тексереді. Сонан соң ерітіндіні 


395 
босатуға безендіреді. Негізгі этикеткада көк түсті «Шаншуға арналған» 
толық ерітінді құрамы және қолдану тәсілі көрсетіледі. 
Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін 
тұрақтандыру. Сулы ерітіндіде ВА тұзы іс-жүзінде В
+
және А
-
иондарына 
диссоциацияланады. 
Су 
молекуласы 
Н
+
және 
ОН 
иондарына 
диссоциацияланады. 
ВОН - күшті негіз болғандықтан, В
+
және ОН
-
иондарының әрекеттесуі 
су диссоциациясының тепе-тендігін бұзбайды. Н
+
және А
-
иондарының 
әрекеттесуі аз диссоциацияланатын НА қышқылының түзілуіне әкеледі. 
Осыған байланысты ерітіндіде бос Н

иондары төмендейді және ОН

иондарының артық мөлшері жиналады, ал ерітінділердің рН мәні 
жоғарылайды: 
ВА + НОН = В
+
+ОН

+ НА 
Гидролиз қышқылды ортада күшейеді. Гидролизді бәсеңдету үшін,
натрий гидроксидін (0,1 моль/л) немесе натрий гидрокарбонатын қосып, 
әлсіз сілтілі орта жасау қажет. Күшті негіз және әлсіз қышқылдан түзілген 
тұздарға: натрий нитриті, натрий тиосульфаты, кофеин-натрий бензоаты 
жатады. 
Осы тұздардың ерітінділерін тұрақтандыру үшін, олардың 1 л: натрий 
нитрит ерітіндісіне - 2 мл 0,1 моль/л натрий гидроксидін; кофеин-натрий 
бензоат ерітіндісіне - 4 мл 0,1 моль/л натрий гидроксидін; натрий 
тиосульфат ерітіндісіне - 20 г натрий гидрокарбонатын қосады. Барбитур 
қышқылының натрий тұздары көмір қышқылының әсерінен суда ерімейтін 
қышқылды түрін бөле отырып, жеңіл гидролизденеді. Мысалы: гексенал 
ерітіндісін 0,05 - 0,25% концентрацияда натрий гидрооксидін, тиопентал-
натрий тұзы ерітіндісін 5-6% концентрацияда натрий карбонатын қосып 
тұрақтандырады. 
 
Rp.: Solutіonіs Coffeіnі natrіі bensoatіs 10 % 20 ml
Sterіlіsetur! 
Da. Sіgna. Тері астына 1 мл 
Есептеу:
Ерітіндінің жалпы көлемі: V
ж
= 20 ml 
10 - 100 
х - 20
х=2,0 г кофеин натрий бензоаты күшті әсер ететін зат 
Дозасын тексеру: 2 - 20 мл 
0,1 г - 1 мл
Рецепт бойынша
МФ Х бойынша
ЖРД 0,1 
0,4
ЖТД 0,1
1,0 дозасы аспаған
Кофеин натрий бензоаты күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз, 
натрий гидроксидімен тұрақтандырылады. 


396 
0,1 моль/л натрий гидроксиді тұрақтандырғыш мөлшерін есептеу: 
4 мл - 1000 мл
х - 20 мл х = 0,08 мл (2 тамшы) 
Ерітіндідегі дәрілік заттың мөлшері 3% жоғары. Ерітіндіні дәрілік заттың 
көлем ұлғаю коэффициентін немесе өлшегіш ыдыста белгілі көлемге жеткізу 
арқылы дайындауға болады. 
V
О
Н
2
= 20 - (2 ∙ 0,65+ 0,08) = 18,62 мл КҰҚ
коф.нат.б 
= 0,65 мг/л 
БП N 1: 
Aquae pro іnjectіonіbus q.s. 
Coffeіnі natrіі bensoatіs 2,0 
Sol. Natrіі hydrooxydі 0,1 mol/l guttas ІІ 
Aquae pro іnjectіonіbus ad 20 ml 
V
ж 
= 20 ml 
 
БП N 2:
Aquae pro іnjectіonіbus 18,6 ml 
Coffeіnі natrіі bensoatіs 2,0 
Sol. Natrіі hydrooxydі 0,1 mol/l guttas ІІ 
V
ж 
= 20 ml 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет