437
Антибиотиктер
микроорганизмдермен
түзілген
және
олардың
микробтыққа қарсы әсері бар (антибиотик сөзі грек тілінен аударғанда анти –
қарсы және биос – өмір дегенді білдіреді).
Антибиотиктерді қолдану бойынша зерттеулердің басы, атап айтқанда
пенициллинді (алғаш рет пенициллинді 1928 жылы ағылшын микробиологі
А. Флеминго ашқан) қолдану, 1942 жылы З.В. Ермольевамен жүргізілген.
Қазіргі кезде 3000 астам антибиотиктер
бөлініп алынған және
сипатталған, олардың көбінің химиялық құрылымы белгіленген. 70 астамы
практикада қолданылады, дәріхананың экстемпоралды рецептурасында
пенициллин, тетрациклин, гризеофульвин,
эритромицин, канамицин және
тағы басқалар қолданылады.
Инфекциялық
ауруларды
антибиотиктермен
емдеу
олардың,
макроорганизмнің жасушаларына токсикалық әсер етпей, патогенді
микроорганизмдердің көбеюін таңдап жою қабілетіне негізделген.
Антибиотиктер, басқа дәрілік заттардан айырмашылығы, физика-
химиялық қасиеттерінің ерекшіліктерінде:
сақтау мерзімі қысқа, қышқыл
әсеріне сезімтал (әсіресе пенициллин), жартылай ыдырау периоды қысқа,
көптеген қосымша заттармен әрекеттеседі, суда қиын ериді (кейбір
антибиотиктердің сулы ерітінділері толық тұрақты емес), термолабильді
(оларды термиялық стерильдеуге болмайды).
Көрсетілген қасиеттер құрамында антибиотиктері бар дәрілік түрлердің
технологиясына елеулі әсер етеді. Сондықтан антибиотиктердің физика-
химиялық және фармакологиялық қасиеттерін және олар өзінің белсенділігін
сақтайтын жағдайларды білу керек.
Қазіргі медициналық іс-тәжірибеде қолданылатын
антибиотиктердің
арсеналы кең. Олардың көбісі өндірісте лиофилизацияланған ұнтақ түрінде
металл қалпақпен жабылған флакондарда шығарылады. Осы ұнтақтар
дәріханада дәрілік түр дайындау үшін қолданылады. Антибиотиктер
рецептіде ерітінділер (көзге және мұрынға арналған), жағар майлар,
суппозиторийлер және басқа дәрілік түрлер ретінде жазылуы мүмкін.
Құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер технологиясы, сол
дәрілік түрлер басқа дәрілік заттармен дайындалатын технологиялық тәсіл
бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік
түрлерді дайындау кезінде төмендегі жағдайларды ескеру керек:
-
антибиотиктер
ферменттердің әсерінен (мысалы, пенициллиндер
пенициллиназаның әсерінен), өзінің белсенділігін жоғалтады. Сондықтан
құрамына антибиотиктер кіретін дәрілік түрлер асептикалық жағдайда
дайындалады;
- негізінен антибиотиктер суда ериді. Олардың сулы ерітінділері жеткілікті
тұрақты емес. Сондықтан дәрілік препараттардың құрамына суспензия
түрінде енгізу дұрыс;
- көптеген антибиотиктер қышқылдар және сілтілер әсерінен гидролизге
ұшырайды,
сондықтан
антибиотиктердің
дәрілік
препараттағы
тұрақтылығы ортаның рН мәніне байланысты болады. Антибиотиктердің
438
инактивациясы сонымен қатар этанолдың, глицериннің, ауыр металлдар
тұздарының қатысында да жүреді;
- антибиотиктер көптеген дәрілік және
көмекші заттармен әрекеттеседі,
сондықтан күрделі жазылымдарда компонентерінің сыйымдылығын аса
мұқият тексеруді қажет етеді;
- көптеген
антибиотиктер
термолабильді,
сондықтан
термиялық
стерильдеуге төзімсіз;
- құрамында антибиотиктері бар дәрілік препараттар, антибиотиктердің
қасиетіне және олардың тазарту дәрежесінің
төмендігіне байланысты,
сақтаған кезде тұрақсыз.
Антибиотиктер рецептілерде көбінесе әсер ету бірлігімен (ӘБ) беріледі.
Антибиотик ұнтағының салмағын анықтау үшін, антибиотик белсенділігі мен
оның салмағының арасындағы, әсер ету бірлігімен белгіленетін, байланысқа
негізделген есептеу бойынша жүргізіледі (кесте 25).
Антибиотиктерді
таңдау
дерттің
барысының
клиникалық
ерекшеліктеріне және оның ауырлығына байланысты жүреді.
Кез келген дәрілік препаратты, әсіресе
егер компоненті антибиотик
болса, дәрілік түрді ғылыми негізделген әдіспен дайындаудың үлкен
маңызы бар.
Дайындау әдісі дәрінің химиялық құрамының, физикалық күйінің
және фармакологиялық әсерінің өзгермеуін дайындау процесі кезінде,
сонымен қатар сақтау және қолдану кездерінде қамтамасыз ету керек.
Кесте 25
Достарыңызбен бөлісу: