435
Вазелин майы
2,0
Вазелин
80,0
Сусыз ланолин 16,0
m
ж
= 100,0
Сынаптың сары тотығы суда да,
негізде де ерімейді, негізге суспензия
түрінде енгізіледі.
Технологиясы: Асептикалық жағдайда стерильді келіде 2,0 сынап сары
тотығын 2,0 вазелин майымен ысқылайды, содан
соң стерильді вазелин мен
сусыз ланолин балқымасын қосып, біртекті масса алынғанша ысқылайды.
Дәрілік заттың ұнтақталу дәрежесін ҚР МФ сәйкес микроскоппен тексереді.
Дайын жағар майды шыны банкіге салып, тығындап, босатуға безендіреді.
Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау. Көз тамшылары
мен көзге арналған ерітінділердің сапасын қамтамасыз
ету құралдары мен
тәсілдерінің қазіргі кездегі көрсеткіштері 24 кестеде көрсетілген.
Көзге арналған дәрілік түрлердің технологиясын жетілдіру
бағыттары.
Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын және технологиясын
жетілдіруді келесі бағыттармен дамытқан ұтымды:
-
көз тамшыларын фильтрлеу, дозалау, орамдау, стерильдеу үшін
ықшамды, жоғары өнімді, сенімді және қарапайым қондырғылар мен
аппараттарды дамыту;
- жаңа жетілген қосымша заттарды
биоадекватты табиғи полимер
коллаген, полисахарид аубазидан, карбопол және басқа қосымша
заттарды
консервант,
тұрақтандырғыш,
буферлі
еріткіштер,
пролонгаторлар ретінде қолдану;
Кесте 24
Достарыңызбен бөлісу: