Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет42/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Дәрілік түрлердің жіктелуі не үшін қажет? 
2. Агрегаттық күйіне байланысты дәрілік түрлердің жіктелуін қандай 
мақсатта қолданады? 
3. Енгізу жолдарына қарай дәрілік түрлер қандай топтарға бөлінеді? 
4. Дисперстік жүйелердің жіктелуінің мәні неде және оның дәрілік түрлер 
технологиясында маңызы қандай?
5. Дисперстік ортаның агрегаттық күйіне байланысты дисперстік жүйелер 
қалай бөлінеді? 
6. Дисперстік фазаның ұнтақталу дәрежесіне байланысты дәрілік түрлер 
қандай дисперстік жүйелерге бөлінеді? 
7. Дәрілік түрлерге қойылатын жалпы талаптар? 
 
 
1.6. Қосымша заттар 
Қазіргі кезде барлық белгілі дәрілік түрлерді қосымша заттарды қосу 
арқылы дайындайды, яғни, дәрілік түр - дәрілік және қосымша заттардан 
тұратын жүйе. 
Қосымша заттар – дәрілік препаратты дайындау үшін қолданылатын 
көмекші заттар. Қосымша заттар МФ, ФМ, УФМ немесе арнайы нормативтік 
құжаттармен медициналық қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс. 
Әсерлі дәрілік препараттарды жасау көптеген қосымша заттарды 
қолдануды талап етеді. Бұрынғы кезде қосымша заттарға фармакологиялық 
және химиялық индифференттік талаптары қойылатын, бірақ, бұл заттар 


78 
белгілі бір дәрежеде дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігіне әсер 
етуі мүмкін: дәрілік заттардың әсерін күшейтуі немесе төмендетуі, әртүрлі 
себептер салдарынан әсер ету сипатын өзгертуі, атап айтқанда, комплекс түзу, 
молекулярлық реакциялар, интерференциялар және т.б. 
Қосымша 
заттар 
дәрілік 
түрлерден 
дәрілік 
құралдардың 
резорбциялануына әсер етеді, оны күшейтеді немесе баяулатады, демек 
қосымша 
заттарды 
қолдану 
арқылы 
дәрілік 
құралдардың 
фармакодинамикасын реттеуге болады. 
Қосымша заттар дәрілік құралдардың тек қана терапевтік тиімділігіне 
ғана емес, сонымен бірге, дайындау және сақтау процесіндегі дәрілік түрдің 
физика-химиялық сипаттамасына да әсерін тигізеді. Әртүрлі тұрақтандырғыш 
құралдарды қосу дәрілік препараттардың ұзақ мерзімде сақталу кезіндегі 
жоғары әсерлігін қамтамасыз етеді. 
Қосымша заттар барлық дәрілік түрлердің міндетті түрдегі 
ингредиенттері болып табылады және қолданған кезде ағзаның мүшелерімен, 
ұлпаларымен контактіге түседі, сондықтан, оларға белгілі бір талаптар 
қойылады: 
1) дәрілік препараттың медициналық белгіленуіне сәйкес болуы, яғни, 
дәрілік құралдың сәйкес фармакологиялық әсер көрсетуін қамтамасыз 
етуі, дәрілік құралдың биологиялық тиімділігіне әсер етпеуі және 
өзгертпеуі тиіс; 
2) қолданылатын қосымша заттардың мөлшерлері биологиялық зиянсыз 
және ағза ұлпаларымен биологиялық сыйымды болуы және аллергиялық, 
улы әсер көрсетпеуі қажет; 
3) қосымша заттар дәрілік түрге талап етілетін қасиеттер беруі тиіс: 
құрылыстық-механикалық, физика-химиялық. Қосымша заттар дәрілік 
препараттардың органолептикалық қасиеттеріне кері әсерін тигізбеуі 
керек (иісі, дәмі, түсі және т.б.); 
4) дәрілік препараттарды дайындау және сақтау процесінде дәрілік 
құралдармен, орамдаушы және тығындаушы құралдармен, сонымен бірге, 
технологиялық қондырғы материалдарымен химиялық немесе физика-
химиялық әрекеттесуінің болмауы. Әртүрлі әрекеттесулер салдарынан 
дәрілік препараттың әсерінің төмендеуі, жеке жағдайларда улы 
қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін;
5) қосымша заттар дәрілік препараттардың микробтық ластануының негізгі 
көзі 
болып 
табылатындықтан, 
дайындалатын 
препараттың 
микробиологиялық тазалығының дәрежесіне байланысты, жіберілуі 
шектеулі микробтық контаминация талаптарына сәйкес болуы және 
стерильдеу мүмкіндігі болуы қажет; 
6) экономикалық тиімді және отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі керек. 
Тамақ өнеркәсібінде және халық шаруашылығының басқа да салаларында 
қолданылатын құралдар тізімін қысқарту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет