74
басқа компоненттерде біркелкі тарату. Бұл
сұрақтарды барлық жағдайларда,
дәрілік препараттың агрегаттық күйіне, қолдану тәсілі мен жеріне байланыссыз
шешуге тура келеді. Ұнтақталған зат басқа бір зат массасында таралған физика-
химиялық дисперстік жүйелер (лат. dіspersіus – таралған, шашылған) екендігі
белгілі. Таралған зат жүйенің үздіксіз дисперстік фазасын, ал тасымалдағыш зат
жүйенің дисперстік ортасын құрайды.
Осыған байланысты, барлық күрделі
дәрілік түрлер өздерінің табиғаттары бойынша әртүрлі дисперстік жүйелер
болып келеді. Дәрілік түрлер технологиясы дисперсологияның бір түрі болып
табылады, (дисперстік жүйелер жөніндегі ілім). Дисперстік жүйелер жөніндегі
ілімді академик П.А.Ребиндер зерттеген, ал дәрілік түрлердің дисперсологиялық
жіктелуін Н.А. Александров ұсынып, А.С. Прозоровский жасап шығарған.
Дәрілік түрлердің жіктелуін: дисперстік жүйе
бөлшектері арасындағы
байланыстың болуы немесе болмауы; дисперстік ортаның агрегаттық жағдайы;
дисперстік фазаның майдалығы белгілері негізінде жасауға болады (кесте 1).
Достарыңызбен бөлісу: