Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет66/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

(дозатор). 
 
ТК-3 дозаторы 0,2 мен 1,0 г аралығындағы ұнтақтар салмағын бөлшектеп 
өлшеуге арналған. ТК-3 металл корпустан (1), тастағыштан (2), дозатордан (3) 
және түзелткіш бұрандадан (винттан) (4) тұрады. Ең алдымен берілген өлшем 
дозаны белгілейді. Ол үшін дозатордың бункеріне ұнтақтық масса салып, оң 
қолдың басбармағымен тіреп, тастағышты бункерге қарай жылжытып, 
аспапты ұнтақ тұрған ыдыстың үстінде ұстай отырып, ұнтақтың артық 
мөлшерін алып тастайды. Саусақты алмай, тастағышты бастапқы қалпына 
келтірген кезде, бункер ашылады. Дозаны таразыға салып, оның салмағын 
тексереді. Егер салмақ дозаға сай келмесе, винтті бұрай отырып, берілген 
салмаққа келтіреді. Осыдан кейін бөлшектеп өлшегіш (дозатор) жұмысқа 


108 
дайын. Әр уақытта жұмыстан соң аспапты жақсылап тазалау қажет. Керек 
болған жағдайда оны, тілше-тіреуішті басып, тастағышты алға қарай 
жылжыта отырып, корпустан шығарып бөлшектейді. 
Ұнтақтарды көлеммен дозалау үшін ДПР-2 аспабы да қолданылады 
(Сурет 21.). 
Сурет 21. ДПР-2 типті өлшегіш (дозатор). 
ДПР-2 дозаторы 0,1 мен 2,0 г аралығындағы салмақта өлшеуге арналған. 
ДПР-2 жылжымалы штогі бар бос цилиндр тәрізді корпустан, алынатын ұшы 
бар жылжымалы гайкадан тұрады. Жұмыс істеу принципі реттелетін өлшегіш 
қуысты дозатордың ұшын осы ұнтаққа батыру арқылы бөлшектелетін 
ұнтақпен толтыруға негізделген. Ұнтақты бөлшектеу штокті жылжыту 
арқылы жүзеге асырылады. 
Дәріханаларда дәрілік препараттарды дайындау кезіндегі рұқсат етілген 
ауытқу нормалары ҚР Үкіметінің 2012 ж. 16 қаңтардағы № 60 «Дәрілік 
препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау 
қағидаларын бекіту туралы» Қаулысында келтірілген.
Ұнтақтардың 
салмағындағы 
ауытқу, бөлшектеу 
әдісіне 
және 
қолданылатын аппараттарға тәуелсіз, нормативті құжатта көрсетілген мәнге
сәйкес болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет