Жылқы қымыздық
шикізатын солдырады. Шикізатты жинау кезінде, жас өсімдіктерді қалдырып отырады. Жылқы қымыздық тамырларын күн астында да және көлеңкеде де кептіруге болады. Шикізатты жұқалап (3-5 см) қағазға немесе матаға жайып кептіреді. Қолайсыз ауа райында кептіргіштерде 50-60°С температурада араластыра отырып кептіреді.
Химиялық құрамы. Жылқы қымыздық тамырларында 4% дейін құрамында хризофан қышқылы мен хризофанол кіретін антрахинон туындылары бар; бұдан басқа, пирокатехинді топтағы илік заттар (15%-ға дейін, яғни рауғашқа қарағанда көбірек); флавоноидтар, кофе қышқылы, эфир майы, шайырлар, темір (органикалық қосылыс ретінде) бар. Жемістерінде антрахинон туындылары мен илік заттар табылған. Жапырағынан флавоноидтар (гиперозид, рутин және т.б.), аскорбин қышқылы, каротин табылған. Өсімдіктің барлық бөлігінде кальций оксалатының үлкен мөлшері бар. Химиялық құрамы жөнінен жылқы қымыздық рауғашқа ұқсас.
Медицинада қолданылуы. Жылқы қымыздықты қайнатпа мен ұнтақ күйінде колиттер мен энтероколиттерді, геморройды емдеуге пайдаланады. Аз дозада олар бырыстырғыш, ал үлкен дозада іш жүргізетін қасиет көрсетеді. Қымыздықтың препараттары бүйректің несеп тасы ауруларында қолдануға болмайды.
Қара жемісті арония
Арония черноплодная
Aronia melanocarpa Elliot.
Раушангүлділер тұқымдасы
Rosaceae
Биіктігі 3 м бұта. Бұталарының өнім беретін жасы 10 жылға дейін. Жапырақтары кезекті орналасқан, кең дөңес немесе керіжұмыртқа тәрізді, ұзындығы 4-8 см, ені 3-5 см, жәй, шеттері бүтін, жазда ашық-жасыл түсті, күзде қызыл; жапырағының үстіңгі беті тері сияқты жылтыр, тегіс, күңгірт-жасыл түсті, ал төменгі бетін аздап ақ түк басқан.
Гүлдері 12-35 данадан қалқанша гүл шоғырына жиналған, күлтешелері ақ немесе қызғылт түсті. Арония мамыр-маусымда жапырағын түзгеннен 2 аптадан кейін гүлдейді, гүлденуі 12-15 күнге созылады. Жемістері домалақ немесе аздап созылыңқы, алма тәрізді, диаметрі 1,5 см-ге дейін, жалаңаш, қара түсті, жылтыр, кейде көгілдір қабат пайда болады, кейде күңгірт-қызыл түсті, сөлді, қышқылтым-тәттілеу бырыстырғыш дәмі бар. Жемістері тамыз-қыркүйекте піседі алғашқы аязға дейін түспейді.
Дәрілік шикізаты. Медицинада қара жемісті аронияның жас немесе құрғақ жемістері қолданылады. Аронияның көптеген бағалы қасиеттері бар олар: жыл сайын жақсы өнім береді, өнім беруі ерте басталады, ұзаққа созылады, жемістері алғашқы аязға дейін бұталарында сақтала береді, қысқа төзімді, топырақ талғамайды, тыңайтқыштарды жақсы қабылдайды, көбеюге қабілетті. Жемістерін жинаған кезде асықпайды, себебі жемістері ерте қарайып үлгереді, жемістерінің едәуір жақсы дәмі кейінірек күзде бітеді. Бұл кезде жемістерін құстардан сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |