2. Пәннің мақсаты:
Пәннің басты мақсаты – бұл пәндер бойынша оқушылардың білім алуына көмектесу. Болашақ мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламада қан, жүрек-қан тамырлар, ас қорыту, тыныс алу, зәр шығару және жүйке жүйесі физиологиясына ерекше назар аударылған. Физиологияны үйрену ауруды тануға, дұрыс емді тағайындауға, сондай-ақ ғылыми негізделген алдын алу шараларын дамыту үшін қажет.
Аурудың негізгі себептері мен дамуының заңдылықтарын, физиологиялық жүйелердің, мүшелердің, жасушалардың және олардың құрылымдық қызметтерінің бұзылыстарын, қорғаныс-бейімделу механизмдерінің қалыптасуын, өте маңызды әрі жиі кездесетін патологиялық үрдістер мен ауруларды және олардың аяқталуын үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: |