4. Оқытудың нәтижелері:
БҚ1. Мейіргер мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну;
БҚ.2. Ортақ нәтижеге жету үшін, топтағы көзқарасты әртүрлі адамдармен этикет нормаларына сәйкес ынтымақтастық байланыс орната білу;
БҚ.3. Адами қасиеттер үлгілеріне негізделген рухани құндылықтар мен нормаларды түсіну және қолдану;
БҚ.4. Негізгі ұғымдар мен терминдерді, әртүрлі нысандар мен нақты құбылыстар арасындағы қатынастар мен байланыстарды ашатын заңдарын білу;
БҚ – 1. Оқу
БҚ-1.1. Өздігінен даму: кәсіптік өсу, оқытудың ұзақ мерзімді жоспарлау дағдыларын меңгерген.
БҚ-1.2. Ақпарат: ақпаратты жинайды және талдау жүргізеді, практикада білімін қолданады.
БҚ-1.3. Компьютерлік технологиялар: жұмысында және өзін-өзі дамыту үшін ақпараттық компьютерлік технологияларды пайдаланады.
БҚ-2. Этика.
БҚ-2.1. Қоғамдық өмір: қоғамдық өмірге белсенді қатысады.
БҚ-2.2. Этикалық қағидалар: кәсіптік этикалық қағидаларды сақтайтынын көрсетеді.
БҚ-2.3. Эстетика: жұмыс ортасындағы эстетиканы бағалайды және қолдайды.
БҚ-3. Коммуникациялар және топта жұмыс
БҚ-3.1. Коммуникативтік дағдылар: жағдайды есепке ала отырып, әртүрлі адамдар мен тиімді қарым-катынастарды көрсетеді.
БҚ-3.2.Топта жұмыс: әртүрлі топта жұмыс істегенде жауапкершілікті көрсетеді.
ҚҚ.1. Қазіргі заманғы емдеу әдіс-тәсілдерді, инновациялық психологиялық технологияларды, анатомия пәннің негізін түсініп, меңгеріп алуы тиіс;
ҚҚ.2. Өзін-өзі бақылау, тиімді әдістер мен құралдарды таңдау, жоспарлау әдістерін меңгеру;
ҚҚ.3. Қауіпсіздік: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады, қауіпсіздік деңгейінің түрлі технологияларын қолданады, оларды сын тұрғысынан бағалайды және күтпеген және тез өзгеретін жағдайларға, сондай-ақ дағдарыс және дау жағдайларына бейімдейді.
КҚ-1. Денсаулықты нығайту.
КҚ-1.1. Салауатты өмір салты: халық, отбасылар және жеке адамдардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына бағытталған қызметін іске асырады.
КҚ-1.2. Бақылау: әртүрлі қатер топтарынан адамдар мен науқастарға тиімді бақылау жүргізеді.
КҚ-1.3. Кеңес беру: денсаулықты нығайту мен сақтау мәселелері бойынша науқасқа/клиентке және оның отбасына кеңес беру дағдыларына ие.
КҚ-2. Қауіпсіздік және сапа.
КҚ-3. Клиникалык құзырет.
Достарыңызбен бөлісу: |