Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


Медициналық сүліктер – биологиялық активті заттардың негізі



бет38/47
Дата21.02.2022
өлшемі0.62 Mb.
#455630
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Фармацевтикалық-тауартану

Медициналық сүліктер – биологиялық активті заттардың негізі.
Медициналық сүліктер 30 ғасыр бурын белгілі болғанымен, оларды дәрігерлер біраз уақытқа дейін емдік қасиетін білмей жүрді, содан кейін 18 ғасырдан бастап қолдана бастады.
1884 жылы К. Дьяконов сүлік денесінен экстракт алды. Медициналық сүліктер биологиялық активті заттардың негізгі көзі болып табылады, сондықтан олардан көптеген биологиялық активті препараттар алуға болады.
Гиалуронидаза – бұл фермент, гидролиздік бөлу реакциясын катализдеуге қатысады. Бұл фермент тірі табиғатта кең таралған: жылан уында және өрмекшілерде, бактерияларда, сүлік экстрактысында кездеседі. Бұл фермент адам ағзасында әртүрлі заттардың енуін, яғни кіруін, және т.б. заттарын жақсартуға қатысады.
Гистамин текті заттар – сүліктердің сілекейінде кездеседі. Сүліктердің сорғаннан кейін іздің қалуы осы құрамындағы гистамин текті заттарға байланысты.
Гирудин – 1884 жылы Хайкрафт сүлігінен экстракт алынған, ал экстракт құрамында гирудин бар екені анықталған, ол тромбин ферментінің арнайы ингибиторы болып табылады. Гирудин препараттары токсикалы болып табылмайды.
Псевдогирудин – медициналық сүліктерден бөлініп шыққан гирудинге плевдогирудин деп аталатын активсіз компонент қосылады. Гирудиннен айырмашылығы - онда валин компоненті кездеседі. Псевдогирудиннің молекулярлы массасы 5000 Д. Сонымен бірге, псевдогирудин құрамында цистеин және т.б. заттар табылған.
Бделлиндер – трипсин және плазмин ингибиторы болып табылады. Бірінші рет 1969 ж. гирудиннің коммерциялық препаратынан табылған. Бделлиндер плазмин және трипсин алидолитикалық активтілігін ингибирлеу қасиетке бейім. Бделлиндер аффинді хроматография жолымен алынған. Молекулярлы массасы 7000 (топ А) және 5600 (топ В) Д болатын полипептид түрінде кездеседі.
Эглиндер – ең бірінші гирудин препаратының құрамында табылған, олардың молекулярлы массасы 6600-6800 Д болатын полипептидтер тобынан құралған. Адамның гранулоцитдерінің нейтралды протеаздары деградация клеткасына кіреді, еритін протеаздар комплементарлы факторларды активтейді, қабыну жауабын жоғарылатады. Эглиндер таза күйінде алынған және олардың құрамы және физика-химиялық қасиеттері жеткілікті зерттелген. Эглиннің 1-ші құрамында С-да 70 аминоқышқыл қалдықтары жиналады.
Дестабилазды комплекс – Дестабилаза E-(y-Glu) – ₤ys изопептидаза медициналық сүліктердің сілекейінде 1986 ж. бірінші рет табылған. Фермент өзінің фибринолитикалық активтілігін изопентидтік байланысының гидролизімен қосылғанда көрсетеді. Дестабилаза электрофорезде үш сызық түрінде көрінеді. Ішкі күре тамырға еңгізгенде ағзадағы тромбыларды бузып, антипрокоагулянты потенциалын тез жоғарылатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет