Медициналық сүліктерді дәріхана жағдайында сақтау.
Сүліктерді дәріхана жағдайында шыны немесе пластикалық ыдыста көлемі 2/3, екі тәулік бойы тұрып қалған суда сақтайды. Егер сүліктер бөлме температурасында турған болса, онда оны 2-3 рет (аптасына) тұрып қалған жуып қояды. Егер шыныдағы су түсін жиі өзгертетін болса, онда сүліктерді жиі жуып туру қажет.
Медициналық сүліктерді аранайы үй-жайларда сақтайды, онда жарық болуы қажет және оларда дәрі-дәрмек иісі болмау керек. Температураның күрт ауытқуына жол берілмеуге тиіс, өйткені будан сүліктер өліп қалады. Сүліктерді дәріханада 50-100 сүлікке арналған, 3 литр суға есептелген, мойыны кең шыны сауыттарда ұстау қажет. Сүліктердің таралуына жол бермеу үшін сауытты тығыз салфеткамен немесе қос қабатты дәкемен жабады және жіппен немесе резеңкемен буып тастайды. Сүліктерді сақтауға арналған су таза болу қажет, онда хлор, пероксид қосындылары, ауыр металдар тұздары, механикалық ластану болмау қажет, бөлме температурасы сақталуға тиіс. Сауыттағы суды күнде ауыстырып тұруға тиіс, ол үшін оны күн ілгері қолданудан екі тәулік бурын дайындап қойған жөн. Суды ауыстырған жағдайда сауыт қабырғаларын іш жағынан шаяды, будан кейін ыдыстың мойынын дәкемен жабады және суды сол арқылы құйып алады. Сауытқа 1/3 банкі таза су құйяды. Сүліктерді ұстаған кезде барынша тазалық ұстау талап етіледі.
Сабақтың мазмұны:
Өз бетінше атқаратын жұмыс:
1 тапсырма
Жұмыс дәптеріне ішуге арналған негізгі емдік сулардың классификациясын жазу.
2 тапсырма.
Дәріханадан босатылатын жұғыш, парфюмерлі-косметикалық, дезинфекциялық, дезинсекциялық заттардың тізімін жазу.
3 тапсырма.
Концентрлі қышқылдармен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздігін жазу.
Оқытушылармен бірге атқаратын жұмыс: (Ситуациялық есеп)
Дәріханаға минералды сулар түсірілді, фармацевт оларды қабылдап, подвалға тығып жағын жоғары қаратып сақтауға қойды. Осы дұрыс істеліндіме? Дұрыс емес, минералды сулардың емдік сапасын және тығындары атылып кетпеу үшін ұзыннан жатқызып сақтау керек.
Дәріханаға реактив ретінде концентрлі күкірткі қышқылы мен азот қышқылы жеткізілді. Олар кәрзеңкеде болған еді, бірақ фасовщиктер оларды кәрзеңкеден алып, темірден жасалған торға салып қойды. Олар дұрыс іңстедіме? Жоқ, дұрыс емес. Концетрлі қышқылдары бар баллондарды ағаштан істелінген кәрзеңкелерден алуға болмайды. Себебі, концентрлі қышқылдар құйылған баллонда төгілсе күйіп қалуға әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |