Медицинамен бекітілген бұйымдар мен дәрілік заттардың таңбалануы.
Таңбалау – тауарлық ақпараттың бір құралы. Ол орамдауға белгіленген текстік белгіменен немесе таңба болып табылады. Ол өз кезінде тауар туралы ақпарат үшін өте қажет.
Белгілену жеріне байланысты өндірісте немесе саудалық таңбасы болады. Әсіресе алатын өнімнің өндірістік таңбасына қатаң талаптар қойылады. Ол “Стандартизация туралы”, “Дәрілік заттар туралы” “ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі №0947-015-05749470-90”, “Әр заттардан безендіруліге жалпы талаптар” деген нұсқаулармен, регламентелінеді.
Мысалы: соңғы құжатқа сәйкес дәрілік заттың регистрациялық нөмері “Р” әрібімен немесе арап сандарымен белгіленеді. Алғашқы екі сан ДСМ бұйрымен көрсетіледі.
Таңбаға үш элемент жатуы мүмкін:
Мәтін, сұрақ және ақпараттық белгілер. Соңғы бұйрықтарға сәйкес өндірістік маркировкасы мемлекеттік тілінде жазылуы керек және оқуға ыңғайлы болуы керек деп көрсетілген.
Таңбаны талдау кезінде ақпараттық белгілердің мағынасын таба алуда білу керек. Негізінен ақпараттық белгілердің 10-нан көп түрлері бар. Солардың ішінде ең тиімдісі тауармен бекітіледі, штрихты код, компонентті белгілер және т.б.
Тауар белгісі – бір өндірістің шығарған тауардың конкуренттер тауарынан ажырату үшін және тауарды белгілеу үшін арналған кез-келген атаулар, символдар, суреттер және олардың комбинациялары. Тауарлық белгіге құқық заңымен қорғалынады. Тауарлық белгілеу тіркелген соң 10 жыл бойы күшін жоймайды.
Штрихты кодтар – бағамен, мөлшерімен, салмағымен, түсімен, сапасымен ерекшелінген әр тауар белгісіне тіркелген белгілі сан: ол тауарға штрихтар түрінде немесе екі әртүрлі пробалы түрінде белгіленуі мүмкін. Штрих кодтардан бірнеше стандарттар бар. Штрих кодта бірінші саны мемлекетті білдіреді.
Құрамдық белгіленуі – тауарға қойылған әртүрлі компонентті және ас қоспаларды туралы ақпаратқа ие Е компонентті белгілер жиі кездеседі, яғни атаулары өте қиын және ол қоспалардың химиялық атауларының альтернативті белгілері.
Сауда таңбасы- тасымалдаушы ретінде тауарлық және кассалық шектер болып саналады. Олар тауарды нақты дәріханада және нақты уақытта сатып алынғанын көрсету үшін өте қажет.
Ішкі және сыртқы упаковкаларда көрсетіледі:
Дәрілік заттардың атауы;
Өндіруші мекеменің атауы.
Серия нөмері және жасалу күні.
Қолдану әдістері.
Оралымдағы дозалар саны.
Жарамды мерзімі.
Босату шарттары.
Сақтау жағдайлары.
Дәрілік затты қолдану кезінде сақтық шаралар.
Қолданысқа түсетін дәрілік заттардың қолдану туралы штрих кодта мемлекеттік тілінде келесі жазулар болуы керек. 1) дәрілік заттарды шығарған өндірістік кәсіп орынның адресі және атауы. 2) Дәрілік заттардың атауы 3) Дәрілік заттың құрамына кіретін компоненттер туралы ақпарат; 4) қолдану саласы; 5) қолдануға қарсы көрсеткіштер; 6) жанама әсерлері; 7) басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі; 8) дозалануы және қолдану түрі; 9) жарамды мерзімі; 10) дәрілік затты жарамды мерзімі біткеннен кейін қолдануға болмайды деген жазу бар; 11) дәрілік заттарды балалардан тыс жерде сақталуы туралы жазу бар; 12) босату жағдайлары.
Этикеткада: маркалы белгі, спецификациясы, жарнамасыз материалдар, қолдануға арналған инструкциясы, сақтық шаралары және т.б. болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |