Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі



бет11/47
Дата21.02.2022
өлшемі0.62 Mb.
#455630
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Фармацевтикалық-тауартану

в Dвr




Даярлаушы мен сатушыларды ассортиментті толықтыруға итермелейтін себептер:


Моральдық ескірген, сұраныста қолданылмайтын тауарларды алмастыру.
• Сапасы жақсарған тауарларды тұтынушылардың оны сатып алуын ынталандыру мақсатында өңдеу.
• Бұрын ұқсас болмаған тауарларды жобалау және өңдеу.
• Ұжымның бәсекелестік артықшылығын жасау үшін ассортиментті толықтыру есебінен ұлғайту.
Ассортимент құрылымы жалпы жиынтықтағы тауардың әрбір түрінің және немесе атауларының үлес салмағымен сипатталады. Ассортимент құрылымы көрсеткіштерінің табиғи немесе ақшалай көрінісі бар және салыстырмалы сипатқа ие. Оны жеке тауарлар санының ассортиментке енетін барлық тауарлардың жалпы санына қатынасы ретінде есептейді.
Ассортимент құрылымы көрсеткіштерін аналитикалық зерттеу мақсатына байланысты таңдайды. Егер қойма бөлмелерінің аумағына қажеттілікті, сондай-ақ тауарды есептеу үшін аумақты анықтау қажет болса, ассортимент құрылымының табиғи көрінісін таңдайды, ал тауардың жеке түрінің пайдасын талдауда – ақшалай көрінісін қарастырады.
Медициналық техника бұйымдары үшін ассортименттің моральдық тозуы бойынша құрылымы үлкен мағынаға ие, оны Кm коэффицентімен көрсетуге болады.

Тс
Кm = , мұндағы


Ті


Тс – бұйымның типтік үлгісі нарықта алғаш шыққан кезден бастап оның өнеркәсіпке түскен уақыты (немесе емдеу – сауықтыру мекемелерінде пайдалану мерзімі),
Ті – осы сауда маркісі бұйымының өміршеңдігі.
Медициналық техника бұйымдарын моральдық тозу дәрежесі бойынша төрт топқа бөледі.
• І – топ - қазіргі кездегі бұйымдар (Кm 0,3-0,35 аспайды).
• ІІ – топ – фирма даярлаушылар өндіретін немесе енді шығарылмайтын біршама жаңа бұйымдар (0,33<Кm<1,0), алайда тиісті фирмалық техникалық қолдауға ие.
• ІІІ топ – 3-4 жыл аралығында шығарылмайтын, алайда тиісті техникалық қолдауға ие жаңа емес бұйымдар (1,0<Кm<1,7).
• ІV – топ - өндірістен алынып тастаған және фирмалық техникалық қолдауы жоқ ескі бұйымдар (Кm<1,7).
Ассортимент тұрақтылығын зерттелетін уақыт аралығындағы ассортименттің енділігі, толықтығы, тереңдігі көрсеткіштерінің өзгеру дәрежесімен анықтайды.
Ассортименттің үйлесімділігі (салыстырылатындық) – іс жүзіндегі пайдалану, өндіріс ұжымына қойылатын талаптар және басқа да көрсеткіштерге сәйкес әртүрлі ассортимент топтарының тауарлары арасындағы жақындық дәрежесі. Үйлесімділік ассортименттің сапа жағын қамтамассыз етеді және санмен өлшенбейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет