Егде және қарт адамдардағы дизентерияның ағымы
Жедел дизентерия өту ағымы қоздырғыштың вирулентігіне, макроорганизмнің жағдайына және қоршаған ортаның ерекшеліктеріне байланысты.
Көптеген әдебиеттер мәліметтерін және тәжірибелік байқауларға сүйенсек, қарт адамдарда дизентерия ауыр және ұзағырақ өтеді, әсіресе Флекснер дизентериясы.
Жас адамдармен салыстырғанда егде адамдарда нәжісте қан мен шырыш жиі, іштің ауруы диффузды, тік және сигма тәрізді ішектегі өзгерістер айқын және тұрақты. (С.Ш.Шмыкова, А.Т.Чесноков – 1976ж., Ш.М.Назаров,Т.А.Ислямова – 1981, А.М.Кочетов және оның басқа авторларының 1983 мәліметтері бойынша). Науқастың жасы ұлғайған сайын жалпы токсикоз симптомы өте айқын көрінеді (В.И.Перевали және т. б. авторлар, 1989ж.). Сонымен қатар колиттік синдроммен бірге гастроэнтерит белгілері бар, жас адамдармен салыстырғанда егде және қарт адамдарда ауыр формасы жиі кездеседі. Ағзаның қартаюына байланысты патологиялық процесс – иммунды жетіспеушілік, аутоиммунды өзгерістер, диспротеинемия фонында дамиды. Осы өзгерістермен бірге қарт және егде адамдарда дизентерияның ағымы преморбитік фонмен қосымша ауруларға байланыстада өзгереді. Зонне дизентериясы орташа және ауыр ағымы 43% науқастарда, ал жас адамдарда 15% дамиды. 60 жас одан асқан адамдарда патологиялық нәжіс 95% науқастарда, іштің төменгі бөлігінің ауруы - 80% сигма тәрізді ішектің ауруы мен сезімталдығы байқалады. Аурудың локализациясы сол жақ мықын аймағында және сигма тәрізді ішектің спазмы - 60% жағдайда дамиды. Науқастардың 25% нәжіс біртіндеп өзгереді, алғашқыда сұйық тәрізді, одан кейін нәжіс аз мөлшерде қан, шырыш аралас болады, тенезм тән, іштің ауруы ұстамалы, температурасы 38 градустан жоғары және улану симптомы айқын. Сонымен қатар асқазан ішек трактісі жағынан өзгеріс бірден пайда болмайды, ол 2-3 күннен кейін байқалады. Ауру жедел басталады, температурасы жоғары көтеріледі, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, жүрек айну, нәжісі тұрақты емес, іштің ауруы диффузды болып сипатталады. Жалпы улану және асқазан-ішек трактісі жағынан өзгерістер шамалы болуы бұл диагнозды қоюда қателіктерге әкеліп соқтырады. Сигма тәрізді ішектің спазмы сирек кездеседі, ал жас адамдарда жиі дамиды. Іш ауруының ұзақтығы шамамен 1 аптаға созылады. Егде және қарт адамдарда жедел дизентерияның гастроэнтероколиттік және гастроэнтериттік варианттары жиі кездеседі, ал 18-20 жастағы науқастарда гастроэнтерит пен колиттік варианттары басым. Осы жастағы адамдар арасында маңызды симптом – патологиялық нәжіс (96% науқаста), іштің төменгі бөлігінің ауруы 80% науқаста, сигма тәрізді ішектің спазмы 60% науқаста кездеседі. Нәжіс біртіндеп дизентериялық сипат алады: алғашқы күндері нәжіс сұйық, нәжіс сипаты, одан кейін аз мөлшерде, жиі шырыш аралас, ал кейбір науқаста (25%) қан аралас болады. Жалған тенезмдер мен шақырулар әсіресе орташа және ауыр ағымдарында жиі кездеседі. Аурудың ауырлық дәрежесі преморбидтік фонға, қосымша ауруларға байланысты дамиды.
Қорыта келгенде, қарт және егде адамдарда дизентерия жиі атипті өтеді, колиттік синдром айқын емес, гастроэнтерит, энтероколит көріністерімен, ал колиттік синдром тек аурудың қызған шағында пайда болады. Клиникалық сауығу кешірек, орта төсек күні – 16,6 күн.
Ректоромоноскопиялық өзгерістер: катаральды-геморрагиялық, эрозивті-жаралық, осы морфологиялық өзгерістер айқын және репарация процесстері ұзаққа созылады. Организмнің бактериядан тазаруы 3-4 аптаға созылады, созылмалы дизентерия мен дизентериядан кейінгі колит жиі дамиды.
Ішектің тесілуі, парез, ішектің өтпей қалуы, іріңді және перфоративті перитонит – 1,17% жағдайда дамиды.
Бір жасқа дейінгі балаларда дизентерияның ағым ерекшеліктері
Бір жасқа дейінгі балаларда дизентерия оларда анатомия-физиологиялық және иммунологиялық ерекшелігіне байланысты өз ерекшелігі бар.
Көптеген балаларда дизентерия жедел басталады, бірақ келесі 3-4 күн ішінде симптомдар үдейді. Алғашқы кезеңде сұйық нәжіспен бірге жалпы улану симптомдары: дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі, құсу, мазасыздық, ұйқысының бұзылуы пайда болады. Сонымен қатар ересек балаларға тән айқын нейротоксикоз дамымайды. Сондықтан осы жастағы балалар арасында токсикалық форма өте сирек дамиды.
Кейбір балаларда ауру іш өтумен басталады да, біртіндеп үдейді. Колитикалық синдром айқын емес. Нәжісі көбінесе энтероколиттік, қан араласу жиі, бірақ барлық порциясында емес, аурудың бастапқы кезеңінде болмайды. Нәжіс аз сипатын жоймайды, бірақ та әрқашан да бұлыңғыр шырыш пен жасыл түстес болады. Жас балалар іші түскен емес, кепкен болады. Айқын тенезм болмайды, оларға эквивалентті өзгерістер: дефекация кезінде бетінің қызыруы, күшену, жылау, анустың икемге келгіштігі немесе оның үңіреюі тән.
Қорыта келгенде, бір жасқа дейінгі балаларда, ересек балаларға қарағанда дизентерияның барлық симптомдары айқын емес. Осы жастағы балаларда жеделдеу және асқынған ағымы тән. Оларда жүрек-тамыр жетіспеушілігі мен алмасу токсикозы мен айқын сусыздану дамиды. Осындай балаларды жалпы палатаға госпитализациялау кезінде жедел респираторлы вирусты инфекция (өкпесінің зақымдалуымен) және әртүрлі энтеробактерияларымен суперинфекция дамиды. Флекснер дизентериясында өлім қаупі жиі кездеседі.
Осы жастағы балаларда атипті ағымы дамуы мүмкін. Диспепсиялық формасы әсіресе 6-айға дейінгі балаларда жиі дамиды. Аурудың жалпы жағдайы өзгереді, нәжіс сұйық, бірақ нәжіс сипатын жоймайды, жасыл түсті, шырыш аралас, ақ түйіршек араласқан. Нәжісте қан болмайды. Дефекация жиілігі тәулігіне 3-5-8 рет. Диагноз қоздырғышты тапқаннан кейін ғана қойылады.
Тесттік тапсырмалар
-
Шигеллез инфекциясының қай тобқа жататынын көрсетіңіз:
+ ішекті
-
Шигеллез бұл-
+ антропоноз
-
зооантропоноз
-
антропозооноз
-
сапроноз
-
Дизентерия қоздырғышын көрсетініз:
+ Shigella
-
Echerichia
-
Clostridia
-
Klebsiella
-
Шигеллездің берілу механизмі:
+ фекалді-оралды
-
Дизентерия қоздырғышының берілу жолы:
+ алиментарлы
-
тікелей қатынас
-
инъекция арқылы
-
жәндік шағу арқылы
-
Григорьева-Шига шигелласының негізгі берілу жолы:
+ тұрмыстық қатынас арқылы
-
трансмиссивті
-
тікелей қатынас арқылы
-
Зонне шигелласының негізгі берілу жолы:
+ алиментарлы
-
тұрмыстық қатынас арқылы
-
тікелей қатынас
-
дұрыс жауабы жоқ
-
Флекснер шигелласының негізгі жұғу жолы:
+ су арқылы
-
алиментарлы
-
тұрмыстық қатынас арқылы
-
инъекция арқылы
-
трансмиссивті
9. Дизентерияның инкубациялық кезеңі:
+ 1-7 күн
10. Жедел дизентерияға тән синдром:
+ колиттік
-
гемолитикалық
-
спастикалық
11. Жедел дизентерия кезінде зақымдалады:
-
асқазан
-
12 елі ішек
-
мықын ішек
-
соқыр ішек
+ сигма тәрізді және тік ішек
12. Дизентерияға тән нәжіс:
-
таңқурай желесі
-
күріш қайнатпасы
+ ректальды түкірік
-
бұршақ көже тәрізді
-
смола тәріздес
13. Дезинтерияда қоздырғыш не арқылы бөлінеді:
+ нәжіспен
14. Дезинтерия диогностикасында лабораторлық зерттеуге алынатын материал болып табылады:
+ нәжіс
-
құсық массасы
-
асқазан жуған су
-
барлық аталғандар
-
жауабы жоқ
15. Дезинтерияны анықтауда қолданылатын лабораторлық әдіс:
-
бактериологиялық
-
серологиялық
-
копрологиялық
-
аллергиялық
+ барлық аталғандар
16. Шигеллездің диагностикалаудағы құрал-жабдық әдісі:
+ ректороманоскопия
-
бронхоскопия
-
фиброгастроскопия
17. Дезентерияны анықтаудағы тері-аллергиялық сынама:
+ Цуверкалов
18. Дезинтериямен ауырған науқасқа тағайындайтын диета:
+ N2
19. Дизентерияның этиотропты еміне қолданады:
+ фуразолидон
-
изотоникалық тұзды ерітінді
-
бифидумбактерин
-
эритромицин
-
сарысу
20. Дезинтериядағы қолданатын дезинтоксикациялық терапия:
+ изотоникалық тұзды ерітінді
-
бифидумбактерин
-
эритромицин
-
сары су
21. Ішекті дисбактериозын емдеу үшін дезинтериямен ауырған науқасқа беріледі:
-
фуразолидон
-
изотоникалық тұзды ерітінді
+ бифидумбактерин
22. Жедел дизентерияда копрограммада табылу керек:
- лейкоциттер 10-ға дейін және жоғары
- эритроциттер 10-ға дейін және жоғары
- шырыш көру аймағында көп
- ешқайсысы емес
+ барлығы
23. Жедел дизентерияны жиі мынадай аурулармен ажырату керек:
+ сальмонеллезбен
- холециститпен
- пневмониямен
- эшерихиозбен.
- калькулезді холециститпен
24. Созылмалы дизентерияның рецидивті формасына тән:
- күніне 2-3 рет пішінделген нәжіс
- аз мөлшерде шырышты ботқа тәрізді нәжіс
+ кезеңді тұрақсыз нәжіс
- іші жұмсақ, ауырсынбайды
- ешқайсысы емес
25. Созылмалы дизентерияның үздіксіз формасына келесі симптомдар тән:
+ ремиссия мен рецидивтің кезектесуі
- іштің сирек ауруы
- науқастың жағдайының прогрессивті төмендеуі
- айқын вегетативті бұзылыстар
- толғақ тәрізді, периодты тоқ ішек бойында ауырсыну.
26. Науқас Н. 40 жаста, кезекті түрде шырыш араласқан нәжісті байқаған, нәжісі күніне 2-3 реттен 1 ай бойы болған. Іш ауырсынуының орналасуы анық емес. Анамнезінде: жарты жыл бұрын жедел дизентериямен ауырған.
Сіздің алдын-ала диагнозыңыз:
- амебиаз
- сальмонеллез
- ішек иерсиниозы
+ созылмалы дизентерия
- вирусты диарея
27. Эпид көрсеткіші бойынша және зерттеулер кезінде науқаста шигелла Флекснерге 2 анықталды. Сұрастырумен мына жағдайлар анықталды: бір жұма бұрын науқаста іштің тұрақсыз түрде ауырсынуы болды, 3 рет сұйық патологиялық қосындысыз нәжіс болды. Ауырудың клиникалық формасын қойыңыз:
+ жедел дизентерия
- созылмалы дизентерия
- жедел бактериотасымалдаушы
- созылмалы бактериотасымалдаушы.
- дизентерияның реконвалесценті
28. Ауру жедел басталып, жиі сулы, еш қоспасыз нәжіс, жиі құсу мен сусызданумен, пальпацияда іштің ауырсынуынсыз, қалыпты дене қызуы бар. Сіздің диагнозыңыз?
+ дизентерияның гастроэнтероколиттік формасы
- дизентерияның колиттік формасы
- сальмонеллездің гастроэнтериттік формасы
- сальмонеллездің гастриттік формасы
- эшерихиоздың энтероколиттік формасы
29. Қан және шырыш аралас сұйық, аз мөлшердегі нәжіс. Диагноз көрсетіңіз?
- тырысқақ
- ТТИ
+ жедел дизентерия
- спецификалық емес ойық жаралы колит
- иерсиниоз
30. Науқас К. 35 жаста, ауруы жедел басталды, іс сапардан Ташкент қаласынан келген соң дене қызуы 38 С көтерілді. Қалтырау, бас ауруы, ұстамалы іштің ауруы пайда болды, сұйық жиі нәжіс, кейін қан мен шырыш аралас аз мөлшерде нәжіс, жалған шақырулар, тенезмдер болды. Диагноз қойыңыз?
- ТТИ
+ жедел дизентерия
- амебиаз
- тырысқақ
- сальмонеллез
Жауаптары:
1. Б 16. А
2. Б 17. Г
3. Б 18. Б
4. В 19. А
5. Б 20. Б
6. В 21. В
7. Б 22. Д
8. А 23. А
9. Б 24. В
10. В 25. А
11. Д 26. Г
12. В 27. А
13. Б 28. А
14. А 29. В
15. Д 30. Б
Кесте № 1
Дизентерияның клиникалық жіктелуі
(Ресей денсаулықсақтау ұйымының ұсынылған регламенттік құжаттар бойынша, 1982ж.)
Форма
|
Клиникалық вариантары
|
Ауырлық ағымы
|
Ағым ерекшелігі
|
Этиология
|
Жедел дизентерия
|
колиттік
гастроэнтероколиттік
гастроэнтериттік
|
жеңіл, орташа ауыр, ауыр
жеңіл, орташа ауыр сусыздану 1-2 дәрежесімен, ауыр сусызданудың 3-4 дәрежесімен
жеңіл, орташа ауыр сусыздану 1-2 дәрежесімен, ауыр сусыздану 3-4 дәрежесімен
|
клиникасы өшірілген, жеделдеу
|
Көрсетілген шигеллалардың түрлері: Зонне, Флекснер, Бойда, Григорьев-Шига, Лардж-Сакс, Штутцер-Шмитц, Ньюкастл
|
Жеделдеу дизентерия
|
|
|
|
|
Созылмалы дизентерия
|
|
|
рецидивті,
үзіліссіз
|
|
Шигеллездің бактериясақтаушылық
|
|
|
субклиникалық,
реконвалесцентті
|
|
Кесте № 2
Дизентерияның жіктелуі
(Н.И.Нисевич және В.Ф.Учайкин бойынша)
Типі
|
Ауырлығы
|
Ағымы
|
Типтік формасы
|
1. Жеңіл формасы
2. Орташа ауыр формасы
3. Ауыр формасы
А. Токсикалық өзгерістер басым
Б. Жергілікті өзгерістер басым
В. Араласқан формалары
|
1. Жедел (1 айға дейін)
2. Жеделдеу (3 айға дейін)
3. Созылмалы (3 айдан жоғары)
А. Үзіліссіз
Б. Қайталмалы
|
|
1. Жалпы улану симптомдары (менингоэнцефалиттік синдром, жүрек-тамырлық бұзылыстар, зат алмасу синдромы және т.б.)
2. Жергілікті өзгерістер (нәжістің сипаты мен жиілігі, іштің өздігімен ауруы, артқы өтістің үңіреюі, тік ішектің шырышты қабаттың түсуі)
|
Атипті формасы
1. Клиникасы өшірілген
2. Диспепсиялық
3. Субклиникалық
4. Гипертоксикалық
|
|
Әдебиеттер
1. Казанцев А. П., Зубик Т. М., Иванов К. С., Казанцев В. А. Дифференциальная диагностика инфекционных болезней.-М.: 1999.-482 с.
2. Кетлинский С. А., Калинина Н. М. Иммунология для врача. — СПб.: Гиппократ, 1998. — 156 с.
3. НеверовВ.А., РахмановаА. Г. Современные кишечные инфекции (стратегия и тактика диагностики и лечения). — СПб.: ССЗ, 2000. - 84 с.
4. Руководство по инфекционным болезням/Под ред. Ю. В. Лобзина - СПб.: «Фолиант», 2000. - 936 с.
5. РахмановаА. Г., ПригожинаВ. К., Неверов В. А. Инфекционные болезни: Руководство для врачей общей практики. — М., 1995. - 304 с.
6. Соринсон С. Н. Инфекционные болезни в поликлинической практике: Руководство для врачей. СПб.: Гиппократ, 1993. – 320с.
7. Соринсон С. Н. Неотложные состояния у инфекционных больных. - Л.: Медицина, 1990. - 256 с.
І2. Эмонд Р., Роуланд X., Уэлсби Ф. Инфекционные болезни Пер. с англ. - М., Моsbу-WоІfе - Практика (совместное изд.) 1998. - 439с.,513илл.
13. Лекции по инфекционным болезням/Академик РАМН, проф. Н.Д.Ющук; чл.корр. РАЕН6 проф. Ю.Я.Венгеров. В двух томах, том№ 1, 2-е изд. перераб. и доп. – М.: Вунлец, 1999. – 454с.
14. Международная анатомическая номенклатура, Халықаралық анатомия номенклатурасы – Алматы; 2003 – 296бет.
15. Шигеллезы. Покровский В.И., Блюгер А.В. и др., Медицина. 1989.
16. Особенности течения инфекционных болезней у лиц пожилого и старческого возраста. Дунаевский О.А., Постовит В.Н., Л. 1982.
17. Приказ № 542 «О мерах профилактики заболеваемости ОКИ РК» 29.12.1995.
Терминдер
-
бактериемия – айналымдағы канда бактерияның болуы
-
дезинфекция – қоршаған ортада жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою.
-
дефекация – артқы өтіс арқылы нәжіс массасын ішектен шығаратын күрделі-рефлекторлы акт. (нәжіс)
-
диарея (іш өту) – тәуліктік нәжіс массасының ұлғаюы, дефекацияның жиілеуі, тағы да жинақталмаған сұйық нәжіс.
-
диета – науқасқа тағайындалған тағам рационы мен тамақтану режимі. (тамақтану режимі)
-
дисбактериоз – ағзаның қалыпты микрофлорасын құрайтын микроорганизмдердің азаюы немесе жоғалуы. (микрофлораның бұзылуы)
-
иммунитет – организмнің инфекциялық агентті және антигендің қасиеті бар заттарды қабылдамаушылығы. (қабылдамаушылық).
-
инвагинация – ішектің бір бөлігінің екінші бір бөлігіне енуі.
-
перфорация – тесілуі.
-
проктосигмаидит – тік ішек пен тоқ ішектің шырышты қабықтарының үйлесіп қабынуы.
-
проктит – тік ішектің шырышты қабығының қабынуы.
-
ректороманоскопия – ректоскоп көмегімен тік ішек пен сигма тәрізді ішекті зерттеу.
-
тенезмы – жалған және ауырсынып келетің дефекация.
-
РПГА- тіке гемагглютинация реакциясы
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе...................................................................................................... 3
2. Тарихи мәлімет....................................................................................... 4
3. Этиологиясы........................................................................................... 4
4. Эпидемиологиясы.................................................................................. 6
5. Патогенезі ............................................................................................... 8
6. Патологиялық анатомия ...................................................................... 11
7. Клиникалық көрінісі ............................................................................ 13
8. Жедел дизентерия колиттік варианты ............................................... 15
9. Жедел дизентерия гастроэнтероколиттік варианты ......................... 17
10. Жедел дизентерия гастроэнтериттік варианты ............................... 18
11. Созылмалы дизентерия ..................................................................... 19
12. Бактериясақтаушылық ...................................................................... 20
13. Асқынулар .......................................................................................... 20
14. Диагноз бен салыстырмалы диагноз ................................................ 21
15. Емі ....................................................................................................... 23
16. Алдын – алу ...................................................................................... 31
17. Егде және қарт адамдағы дизентерияның ағымы ...........................33
18. Бір жасқа дейінгі балаларда дизентерияның ағым ерекшеліктері .35
19. Тестік тапсырмалар ........................................................................... 37
20. Жауаптар ............................................................................................ 45
21. Кестелер ............................................................................................. 46
22. Әдебиеттер ......................................................................................... 48
23. Терминдер........................................................................................... 49
24. Мазмұны.............................................................................................. 51
ҚММА- баспаханасында басып шығарылды
Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 40
Көлемі 3.2 баспа табақ
100 дана
Достарыңызбен бөлісу: |