Қосымша
Жоба
Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының қызметін ұйымдастыру және пәрменділігін бағалау
Әдістемелік ұсынымдар
Астана 2014
УДК_
ББК_
К_
Баспаға Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ Ғылыми-сараптау кеңесі ұсынды.
Бас редактор: Ғ.Н. Шойкин, саяси ғылымдарының кандидаты
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтарының қызметін ұйымдастыру және пәрменділігін бағалау. Қазақ және орыс тілдерінде. / Құраст.: Г.Е.Шлымова, ә.ғ.к., Э.Р.Кауменова, Г.Н.Новикова, Р.М.Абдрахиева, М.Ө. Иманбаев, с.ғ.к., - Астана: Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі, 2013. – 28 б.
Әдістемелік ұсынымдарда дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық топтарының негізгі мақсаттары мен міндеттері, бағыттары, іске асыру формалары, сондай-ақ, құрылуы мен қызмет атқару тәртібі ұсынылған. Әдістемелік ұсынымдарда, сонымен қатар, мақсатты аудиториялармен жұмыс істеу талаптары, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық топтарының пәрменділігін бағалайтын өлшемдер қамтылып отыр. Аталған ұсынымдарда АНТ қызметінің БАҚ-тарда жариялануына баса назар аударылады.
Ұсынымдар қызметі мемлекеттік саясатты және дін саласындағы ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік орган қызметкерлеріне басшылыққа алуға арналған.
ISBN_
© Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі. Астана, 2014.
ISBN_
Мазмұны
|
1
|
Ақпараттық-насихат тобының мақсаттары
мен міндеттері................................................................................................4
|
|
2
|
Ақпараттық-насихат тобының құрылу тәртібі
және қызмет атқаруы............................................................................ 5
|
|
|
2.1. Ақпараттық-насихат тобы қызметінің құқықтық негізі және қаржылық қамтамасыз етілуі
|
|
|
2.2. Ақпараттық-насихат тобының құрылымы және оның құрамына қатысты талаптар
|
|
|
2.3. Ақпараттық-насихат тобының мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігі
|
|
3
|
Ақпараттық-насихат тобының қызмет
бағыттары ................................................................................................. 10
|
|
|
3.1. Конфессияаралық келісімді насихаттау
|
|
|
3.2. Діни және құқықтық сауаттылықты көтеру
|
|
|
3.3. Діни экстремизмнің алдын алу
|
|
4
|
Ақпараттық-насихат тобының жұмыс формалары
мен әдістері ............................................................................................12
|
|
|
4.1. Ақпараттық-насихат тобы жұмысының негізгі формалары мен әдістері
|
|
|
4.2. Мақсатты аудиториялар
|
|
5
|
Ақпараттық-насихат тобының қызметін әдістемелік
қамтамасыз ету...................................................................................... 16
|
|
|
5.1. Ақпараттық-насихат тобының мүшелерін оқыту және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру
|
|
|
5.2. Ақпараттық-насихат тобының қызметін ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету
|
|
|
5.3. Ақпараттық-насихат тобының қызметіне талдамалық-әдістемелік материалдарды әзірлеу және қамтамасыз ету
|
|
6
|
Ақпараттық-насихат тобының қызметін
ақпараттық қолдау.....................................................................................18
|
|
|
6.1. Ақпараттық-насихат тобының іс-шараларын БАҚ-тарда жариялау
|
|
|
6.2. Ақпараттық-насихат тобы мүшелерінің мақалалары мен сұхбаттарының жариялануы
|
|
|
6.3. Ақпараттық-насихат тобының қызметінде теледидар мен радионы қолдану
6.4. Ақпараттық-насихат тобы жұмысының ақпараттандырылуына мониторинг жасау
|
|
7
|
Ақпараттық-насихат тобының қызметін қорытындылау...................................................................................... 21
|
|
|
7.1. Ақпараттық-насихат тобының қызмет қорытындысын жариялау
|
|
|
7.2. Есеп берудің формалары мен түрлері
|
|
8
|
Ақпараттық-насихат тобы қызметінің
тиімділігін бағалау...............................................................................23
|
|
|
8.1 Ақпараттық-насихат тобының жұмыс пәрменділігін
өлшеу әдістері
|
|
|
8.2. Ақпараттық-насихат тобының жұмыс пәрменділігі
өлшемдері
|
|
|
Қосымша................................................................................................25
|
|
-
АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Ақпараттық-насихат жұмысы – мемлекеттік саясаттың түрлі аспектілері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында билік органдарының халықпен жұмыс жүргізу формасының бірі.
Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтары (әрі қарай - АНТ) еліміздегі үйлесімді конфессияаралық қарым-қатынасты қалыптастыруға және нығайтуға, халықтың діни сауатын арттыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихат және түсіндіру жұмыстарын іске асыру тәсілінің бірі болып табылады.
АНТ қызметі, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
АНТ мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерінен, дәстүрлі діндердің өкілдерінен, дінтанушылар мен дін мәселелері жөнінде толыққанды әрі шынайы ақпарат алу бойынша азаматтардың конституциялық құқығын іске асыру мақсатында құрылады.
Дін мәселелері жөніндегі АНТ қызметі конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуге және оны іске асыруға, қоғам назарын дін саласындағы өзекті мәселелерге аударуға және ел тұрғындарын діни кеңістікте және мемлекеттік-конфессиялық қатынас саласында орын алып отырған мәселелерді шешуге жұмылдыруға, экстремизм мен терроризмнің алдын алуға септігін тигізеді.
Ақпараттық-насихат тобын құру мақсаты арқылы мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру ұсынылады:
-
тұрғындардың әртүрлі топтарының дін саласындағы негізгі түсініктерін қалыптастыру, сонымен қатар азаматтардың мемлекеттік саясат туралы ақпараттандырылуын арттыру, тұрғындардың Қазақстандағы конфессияаралық келісімді және діни қарым-қатынас саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауын қамтамасыз ету;
-
азаматтардың дін саласындағы құқықтық сауат деңгейін көтеру арқылы олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
-
конфессияаралық және ішкі конфессиялық мәселелер негізінде орын алуы мүмкін әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және ескерту;
-
азаматтар арасында гуманизм қағидаттарын, толеранттылық пен қазақстандық қоғамның рухани бірлігі идеясын қалыптастыру және тарату;
-
тұрғындарды Қазақстандағы діни бірлестіктер мен ағымдардың қызметтері туралы, сонымен қатар дәстүрлі діндердің қызметінің мән-мағынасын ашып көрсетумен ақпараттандыру;
-
қоғамда жалған сипаттағы діндердің және радикалдық ұйымдар мен ағымдардың идеяларының таралуына тосқауыл қою;
-
қоғамда діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын идеологиялардың таралуын ауыздықтау.
-
Радикалдық діни идеологияны жақтаушылардың, оның ішінде қылмыстық-түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларды қоғамдық орта мен дәстүрлі діннің құндылықтарына қайтару және оңалту.
-
АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі АНТ құру тәртібі келесідей жұмыстарды ұйымдастыруды қамтиды:
-
жергілікті атқарушы органдардың АНТ құруды, қызметінің мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын, сондай-ақ АНТ-ның жұмыс ұстанымдары мен қалыптасу тәртібін айқындайтын нормативтік актілерді қабылдауы;
-
АНТ мүшелерінің сандық және сапалық құрамын бекіту;
-
АНТ қызметін қаржылық қамтамасыз ету;
-
АНТ жоспарын және іс-шаралар кестесін бекіту.
АНТ қызметін жүйеге келтіру мақсатында Дін істері басқармалары жанынан коммуналдық мемлекеттік мекеме (әрі қарай – КММ) формасында өңірлік Дін мәселелерін зерттеу орталықтарын құру арқылы АНТ жұмысын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
Дін саласында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру барысында аталған тәсіл келесідей мүмкіндіктер береді:
- әртүрлі сипаттағы деструктивті діни ағымдардың идеяларының Қазақстанға енуіне және таралуына тосқауыл қоятын іс-қимылдар мен идеологиялық жұмыстарды кадрлық әлеуеті жоғары әрі маманданған ұйымдарды тарта отырып кәсіби деңгейде атқаруға мүмкіндік береді;
- елімізде қызмет атқарып отырған Теріс діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту орталықтарымен тиімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Осы ретте, Теріс діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалту орталықтарының қызметі әлеуметтік мәнге ие екендігін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты әлеуметтік-бағдарланған үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) арасында сақтау мен жетілдіру тәжірибесіне кең қолдау көрсету қажет;
- еліміздің әрбір өңірінде мақсатты түрде қаржыландырылатын және Дін істері басқармалары мен Терроризмге қарсы комиссиялар тарапынан бақыланатын АНТ жұмыстарын ұйымдастыратын бір орталықтың құрылуы, өз кезегінде, өңірлерде жүргізіліп отырған ақпараттық сипаттағы шараларды қоса алғанда мемлекет тарапынан қабылданып отырған шаралардың кешенділігін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді.
КММ қызметінің негізгі бағыттары:
- өңірдегі діни ахуалға талдау жасау, оның ішінде әлеуметтік зерттеулер, мониторинг және БАҚ-тарға контент-талдау жүргізу, әртүрлі талдау материалдарын дайындау және т.б.;
-
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізумен қатар дәрістер, акциялар, кездесулер өткізу, ақпараттық материалдарды тарату, кеңес беру және баспасөз конференцияларын, медиа-жоспарлауды ұйымдастыру және баспасөз құралдарымен және электронды БАҚ-тармен өзара әрекеттесу, интернетте жұмыстар жүргізу жасау т.б.;
-
радикалдық діни идеологияны ұстанатындар арасында мақсатты бағытталған түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, және радикалдық-экстремистік идеологияның ықпалына ұшыраған жандарды оңалту;
-
АНТ жұмыстарын әдістемелік және әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, оның ішінде әдістемелік және анықтамалық құралдар, брошюралар, буклеттер, бейнематериалдар, таныстырылымдық материалдар әзірлеу және оларды жарыққа шығару және өңірлік деңгейдегі АНТ мүшелерінің біліктілігін арттыру.
КММ өзінің қызмет бағыттарына сәйкес:
-
орталық және жергілікті атқарушы органдар және өңірлік Терроризмге қарсы комиссиялар өз жұмыстарында пайдаланулары үшін, оның ішінде дін саласында және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда мақсатты ақпараттық-насихат жұмыстарын жетілдіре түсу мақсатында (әрбір ақпараттық-насихат шараларының нысанын, ондағы шаралардың әдіс-тәсілдері мен түрлерін қоса алғанда) өңірдегі діни ахуал туралы талдау базасын қалыптастырады;
-
АНТ құруды ұйымдастырады, олардың қызметін алдын-ала келісілген мақсатты топтар мен тақырыптарға сәйкес жоспарлайды, сондай-ақ АНТ қызметіне және олардың жұмыстарының ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етілуіне (АНт қызметінің үзбей жүргізілуін қамтамасыз ету, топ мүшелерін таңдау мен іріктеу, АНТ мүшелерін оқыту және біліктілігін көтеруді ұйымдастыру, әдістемелік материалдарды әзірлеу және басып шығару) бақылау жүргізеді;
-
ақпараттық-құқықтық және психологиялық кеңес беруді, сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен жандарды оңалтуды ұйымдастырады. КММ осы мақсатта өңірдегі дін мәселелері бойынша қызмет атқарып отырған барлық кеңес беру-оңалту орталықтарының және Теріс діни ағымдардан зардап шеккен жандарға көмек көрсету орталықтарының қызметін өзара үйлестіруді, сондай-ақ олардың республикалық «Қауырт желі-114» қызметімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Дін мәселелерін зерттеумен айналысатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдарына сәйкес құрылады.
Өңірлерде КММ ұйымдастыру барысында «Астана қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ қызметінің тәжірибесін қолдану қажет.
Өңірлердегі АНТ және КММ қызметін жалпы үйлестіруді Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі (әрі қарай – ДІА немесе Агенттік) жүзеге асырады. Ақпараттық-насихат жұмыстары терроризмнің алдын алудың маңызды тетігі болғандықтан, өңірлік деңгейдегі дін мәселелері жөніндегі АНТ және КММ қызметі әкімдіктердің Дін істері басқармалары арқылы өңірлердегі Терроризмге қарсы комиссиялардың (әрі қарай - ТҚК) үйлестіруші рөлі мен бақылауымен жүргізіледі.
ТҚК-ның жергілікті деңгейдегі АНТ және КММ қызметін ұйымдастыру мен бақылау ісіне қатысуын келесідей жүйелі алгоритмде жүргізу ұсынылады:
- ТҚК аппараттары ТҚК-ның ақпараттық сұраныстарын жүзеге асыру шеңберінде ТҚК мүшелерінен алынған мәліметтер және өңірлердегі дін саласындағы ахуал туралы КММ берген талдамалық ақпараттар негізінде өңірлерде қалыптасып отырған діни ахуалға жан-жақты талдау жасайды;
-
ТҚК аппараттары діни ахуалға талдау жасау негізінде өңірдегі діни ахуалға келеңсіз әсер етіп отырған проблемалық мәселелерді анықтайды, оларды шешу бойынша шараларды пысықтайды және әкімдіктердің Дін істері басқармаларына АНТ-ның түсіндіру жұмыстары бағытталуы тиіс нысандар бойынша нақты ұсыныстар жасайды;
-
Дін істері басқармалары өңірлердегі КММ-мен бірлесе отырып, ТҚК ұсыныстарына сәйкес АНТ іс-шаралары жоспарларының жобаларын әзірлейді, мақсатты топтармен жұмыстар жүргізетін АНТ құрады және мақсатты топтарға әсер ету тактикаларын белгілейді;
-
Дін істері басқармалары АНТ іс-шаралары жоспарларының жобаларын келісу үшін ТҚК отырысына енгізеді, және осыдан соң іс-шаралар жоспары облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен – өңірлік ТҚК басшыларымен бекітіледі.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын осындай тәртіпте ұйымдастыру, өз кезегінде, дін саласында және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда мемлекеттік органдардың алдына қойылып отырған мақсаттарға қол жеткізуге мақсатталған АНТ және ТҚК тарапынан жоспарлаған іс-шараларды біртұтас кешенге біріктіруге мүмкіндік береді.
2.1. АНТ қызметінің құқықтық негіздері және қаржылық қамтамасыз етілуі
Құқықтық негіз – ақпараттық-насихат топтарының қызметін реттейтін нормативтіқ құқықтық актілерде көрініс тапқан құқықтық нормалар жиынтығы.
Қаржылық қамтамасыз ету – ақпараттық-насихат топтарының ағымдағы қызметін жүргізу үшін мемлекет тарапынан бөлінген ақшалай қаражат.
Ақпараттық-насихаттық топтарының қызметі Дін істері агенттігі мен жергілікті атқарушы органдардың құқықтық актілерімен, сондай-ақ келесідей актілермен реттеледі:
-
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 4 бабының 3), 5) тармақшаларына және 5 бабының 6) тармақшасына сәйкес ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізу, оның ішінде конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты жетілдіруге және діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүргізу Агенттіктің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне кіреді.
-
Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 5 және 6 баптарына сәйкес, мемлекеттік органдар өз құзыреттері шеңберінде өз құзіретіне жататын мәселелерге арналған ақпараттық-насихат іс-шараларын жүргізеді, экстремизмнен сақтандыруға бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырады;
-
Діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздеген Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен де реттеледі.
Жұмыс барысында аталған актілермен қатар, қолданыстағы осы Әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу қажет.
АНТ қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражатымен іске асырылуы мүмкін. АНТ қызметін қаржыландыру шығындарының смета үлгісі қоса беріледі (осы Әдістемелік ұсынымның №1-қосымшасы).
АНТ қызметін жүйелендіру, сапасы мен кәсібилігін арттыру мақсатында ақпараттық-насихат топтарын облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің дін істері басқармаларының жанындағы КММ арқылы біртіндеп мақсатты қаржыландыруға көшіру ұсынылады.
2.2. Ақпараттық-насихат тобының құрылымы және оның құрамына қатысты талаптар
Қазақстан Республикасының өңірлік бөлінуіне сәйкес, АНТ келесідей түрлерге бөлінеді:
-
республикалық деңгейдегі АНТ (Дін істері агенттігімен құрылады);
-
облыстардың, Астана және Алматы қалалары деңгейіндегі АНТ (тиісті әкімдіктер тарапынан Дін істері басқармалары жанынан құрылады);
-
қалалық және аудандық деңгейдегі АНТ (тиісті әкімдіктер тарапынан қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері жанынан Дін істері басқармаларымен келісім бойынша құрылады).
АНТ құрамына үміткерлерді іріктеуде жасандылыққа жол бермей, бірінші кезекте шешендік өнері бар және мақсатты аудиториямен жұмыс істеуге қабілетті білікті мамандарды тарту керек.
Атап айтқанда, АНТ құрамына үміткерлерді іріктеу барысында оның құрамында келесідей мамандарды тарту қажет:
-
ғылыми және сарапшылар қауымдастықтарының өкілдерін, дінтанушы-ғалымдарды;
-
орталық және жергілікті атқарушы органдардың (дін істері басқармаларының, Ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлерін), сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерін;
-
дін мәселелерімен айналысатын қоғамдық ұйым өкілдерін, қоғамдық пікір жетекшілері мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерін;
-
заңнамалар, оның ішінде діни қызмет саласындағы заңдар бойынша құқықтық кеңес бере алатын және түсіндіруге қабілетті білікті заңгерлерді;
-
білікті теологтарды, дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдерін.
Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында өңірлерде жүргізіліп отырған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ немесе Діни басқарма) өкілдерінің, теолог-исламтанушылардың әлеуетін тарту ұсынылады.
Жұртшылықпен өткізілетін ақпараттық-түсіндіру бағытындағы шараларда діни бірлестік өкілдері мен теологтардың өздерінің діни сенімдері мен діни бірлестіктің қызметін насихаттауына айналдырып жібермеуіне мұқият назар аудару қажет. Дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері өз жұмыстарын қоғамдағы толеранттылық пен конфессияаралық келісім қағидаттарын нығайтуға, және әртүрлі сипаттағы жалған діни ағымдардың дадикалдық идеяларының теологиялық қатетілктері мен деструктивті мәнін ашып көрсетуге жұмылдырулары керек.
Дәстүрлі діндердің өкілдері тұрғындар арасында пікірталас тудыратын діни мәселелер бойынша (мемлекеттік-конфессиялық қатынастар, білім беру мекемелерінде діни киімдер кию, діни атрибуттарды тағып жүру, мемлекеттік мекемелерде діни жораларды өтеу, некеге тұру, исламдағы ер адам мен әйел арасындағы қарым-қатынас және т.б. мәселелер) өз пікірлерін мемлекеттің зайырлы қағидатын және еліміздің қолданыстағы заңнамаларын сақтау желісінде білдіргені жөн.
Аудандар мен ауылды жерлерде кәсіби дінтанушылар мен теологтар болмаған жағдайда, облыстық деңгейдегі АНТ құрамының көшпелі қызметін ұйымдастыру қажет.
Ақпараттық-насихат топтарының дербес құрамын жоспарланып отырған іс-шараларды, АНТ мүшелерінің мамандықтарын және үгіт-насихат жұмыстары бағытталатын нысандардың өмір сүру ортасын ескере отырып анықтау қажет. Осы тұрғыдан алғанда өмірдің әртүрлі салаларына маманданған кәсіби сарапшыларды енгізе отырып АНТ құрамдарын кеңейтіп отырған жөн.
АНТ жүйесінде тыңдаушыларға ерекше қарым-қатынас талап етілетін пенитенциарлық мекемелердегі жұмыстардың орны ерекше. Сәйкесінше, түзеу мекемелерінде алдын алу және түсіндіру шараларын өткізуге жоғары білікті мамандар ғана жіберілуі тиіс. Осындай мақсатты топтардың құрамына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (бұдан әрі – ҚАЖК) жүйелерінде экстремистік немесе террористік ұйымдарға және деструктивті сипаттағы жалған діни ағымдар мен радикалдық идеяларды таратуға қатысы бар жазасын өтеушілермен, сондай-ақ радикалдық пиғылдағы діндарлар арасында кешенді жұмыстар жүргізе алатын дінтануышларды, теологтар мен психологтарды қосу керек.
-
Достарыңызбен бөлісу: |