Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасы



бет16/43
Дата03.07.2016
өлшемі4.3 Mb.
#175102
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43

3. Салық органдарын мынадай жағдайларда:

1) әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;

2) әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –

жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген алыс-беріс шикізатын өңдеудің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерін бұзу

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке жазылған салықтар сомасының он бес пайызы, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз пайызы, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабардар етпеуі не уақтылы хабардар етпеуі –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай хабарламаны ұсынуға міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына ұсынбауы

жеке тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаты үшін, егер тұлға Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін, осы Кодекстің 275-бабында көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс болған жағдайда, мұндай тұлға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
288-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды

адамдарының заңды талаптарын орындамау

1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы

сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)

он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін салық қызметi органы лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру

қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)

алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


17-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ

ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


289-бап. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің

нормативтік мәндерін сақтамау және энергия

тұтынудың нормативтерін асыру
1. Электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Энергия тұтынудың нормативтерін асыру –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ескерту жасауға, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден астам пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған кездегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
290-бап. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді

жүзеге асыру кезінде олардың тікелей ысырабына

жол бермеу жөніндегі міндетті орындамау
1. Энергетикалық ресурстарды, суды өндіруді және беруді жүзеге асыру кезінде жабдықтың, арматураның ақауы болуына, құбыржолдарды жылу сақтағышсыз пайдалануға немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін сақтамауға байланысты олардың тікелей ысырабына жол бермеу жөніндегі міндетті орындамау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


291-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті

аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің

автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған,

энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді

пайдалануға қабылдау
1. Энергетикалық ресурстарды есепке алатын тиісті аспаптармен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған, энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау

лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпелер.

1. Осы бапта лауазымды адамдар деп объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған адамдарды түсіну керек.

2. Лауазымды адамдар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағат бойынша орташа тұтынуы кемінде 50 кВт-ты құрайтын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен жабдықтау шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
292-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің

энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін

өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы

бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша

белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын

төмендету туралы талапты бұзуы


1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне энергия аудиті қорытындылары бойынша белгіленген шамаға дейін міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты энергия аудитінен өткеннен кейін бес жыл ішінде бұзуы –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


293-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің

міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы

не оны жүргізуге кедергі келтіруі
1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


294-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін

арттыру саласында өнімді өндіру, сату

және пайдалану бойынша шектеулерді бұзу
1. Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдарын сату және өндіру

жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін, қуаты 25 Вт және одан жоғары электр қыздыру шамдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес техникалық құжаттамасында және этикеткаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамалары туралы ақпарат қамтылмаған энергия тұтынатын құрылғыларды өндіру және (немесе) өткізу –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он екі, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


295-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия

менеджменті жүйесін құру, енгізу және оның жұмысын

ұйымдастыру жөніндегі міндетті орындамауы
1. Жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде энергетикалық ресурстарды тұтынатын, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджментінің жүйесін құру, енгізу және оның жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндетті орындамауы -

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


296-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және

энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында

белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия

үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын

жүргізу тәртібін сақтамау
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасында белгіленген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


18-тарау. ӨНЕРКӘСІП, ЖЫЛУ, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ АТОМ

ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
297-бап. Жарылғыш материалдармен, радиоактивтi және

өзге де экологиялық қауiптi заттармен жұмыс істеу

кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материалдарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және өзге де экологиялық қауiптi заттар мен өнеркәсiп салаларындағы және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлердегi қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге жарату, тасымалдау немесе өзге де жұмыстар істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу, егер осы әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, ядролық емес арнаулы материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қос мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, тасымалдаудың немесе өзге де жұмыс істеудің белгiленген қағидаларын бұзу –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


298-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi қағидаларды бұзу
1. Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның және басқа да мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi белгiленген талаптарды бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқпаса,

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қауіпті өндірістік объектідегі авария, оқыс оқиға фактісін жасыру

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік)

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


299-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң қауiпсiздiгi

саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу

кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік және бөгеттердiң қауiпсiздiгi саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын:

1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша сараптама объектісінің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындысын, оның ішінде жарылыс жұмыстары саласында беру;

2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу;

3) қауіпті өндірістік объектілердің мамандарын, қызметкерлерін даярлаудың, қайта даярлаудың Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

4) газ тұтыну жүйелерінің жарамды күйін қамтамасыз етпей оларға техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

5) Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi (сәйкес еместiгi) туралы толық емес және (немесе) анық емес ақпаратты қамтитын сараптама қорытындыларын беру, бөгеттердiң қауiпсiздiгi декларацияларын әзiрлеу түрінде жасалған бұзушылық –

аттестаттың қолданысын тоқтата тұрып не онсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
300-бап. Электр станциялары мен желілерін техникалық

пайдаланудың, электр станциялары мен жылу

желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану

кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың

электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың

бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ энергия

тұтынудың белгіленген режимдерін бұзу
Авария, қоршаған ортаның ластануы, өрт қатерін немесе қызмет көрсетушi персоналдың өмiрiне қауiп төндіретін жай-күйге әкеп соққан, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың, электр станциялары мен жылу желілерінің жылу-механикалық жабдығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының, тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдаланудың бекітілген қағидаларын бұзу, сондай-ақ басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және (немесе) одан ажыратуға әкеп соққан энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


301-бап. Әзірлік паспортын алу мерзімін бұзу
1. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алу мерзімін бұзуы

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

302-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
1. Кернеуі 1000 вольтқа дейінгі электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру -

жеке тұлғаларға – сегіз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кернеуі 1000 вольттан асатын электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерiн, жерасты және суасты кәбіл желiлерiн, трансформаторлық және өзгертушi шағын станцияларды, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттерді) бүлдiру

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде iркілiс туғызған және залал келтiрген, сол сияқты бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


303-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын

энергия көздерін пайдалануды қолдау

саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамалық актісінде белгіленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр, жылу энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімдерін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет