«Қазақстан республикасының Әкімшілік қҰҚЫҒЫ»


Мемлекеттік қызметі өткеруді әкімшілік – құқықтық реттеу



бет4/7
Дата01.07.2016
өлшемі472 Kb.
#169869
1   2   3   4   5   6   7

6. Мемлекеттік қызметі өткеруді әкімшілік – құқықтық реттеу

Мемлекеттік қызметті өткеру – бұл ұзаққа созылатын процесс, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметке кіргеннен бастап одан шыққанға дейінгі атқаратын қызметтерін дәйекті түрде ауыстыруынан көрніс табады. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметшінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті өткеру екі түрлі құқықтық актілермен іске асырылады. Олар бірнен бірі өздерінің туғызатын құқықтық салдарының сипатымен айырылады. Олардың біріншісі Қазақстанның барлық азаматтары үшін мемлекеттік қызметті өткерудің жалпы тәртібін ( ережелерін, шарттарын ) белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді құрайды. Олар мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызметке қабылдаудың сынақ мерзімінен өтудің тәртібін, мемлекеттік қызмет жағдайының ерекшеліктерін, аттестация өткізудің тәртібін, қызметке орналасудың, лауазымдық санаттар топтарына жатқызудың, құрметті атақтар берудің және қызмет өткерудің өзге де мәселелерінің тәртібін белгілейді. Құқықтық актілердің екінші түрі – бұл заңдық айғақтар түрлерінің бірі, яғни нақты бір азамат үшін мемлекеттік – қызметтік қатынастар туғызтын, өзгертетін немесе тоқтататын нақты жағдайларды реттейтін жеке – дара актілер. Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекеттік қызметке кіруге, заңдарда өзгеше белгіленбесе, жасы 18 жастан кем емес, қажетті білімі бар және өзге белгіленген талаптарға сәйкес келетін ҚР – сы азаматының құқығы бар. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарға сай келген жағдайда мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Азаматтардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу олар міндетті түрде арнайы тексеруден өткеннен кейін жүзеге асырылады. Конкурсты бос лауазымдар бар мемлекеттік орган не президент шешімі бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті орган конкурс өткізу туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялағаннан кейін өткізеді. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган үміткерлерді бос лауазымдарға орналасуды жүзеге асыратын конкурс комиссиясын құрады.Бұл комиссияның шешімі мемлекеттік әкімшілік қызметтің бос лауазымына орналасуға немесе мындай лауазымға кіруге бас тартуға негіз болып табылады. Конкурсқа жасы 18-ден төмен емес ,қажетті білімі,кәсіби даярлық деңгейі бар және белгіленген талаптарға сәйкес ҚР-ның барлық азаматтары қатысуға құқылы. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жіберілмейді: 1)Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес емес ; 2)заңдылық күші бар сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектелген болып танылғандар; 3)Заңдылық күші бар сот шешімімен белгілі бір анықалған мерзімге дейін мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айырылғандар; 4)Заңда қарастырылған басқа жағдайларда. ҚР –сы президентінің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту,мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» 2005ж. 14-сәуірдегі жарлығында мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бос мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізудің айқындығын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірлеу тапсырылған болатын. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет немесе қызметін тоқтатқаннан кейін жаңадан қабылданған,сондай-ақ жоғары дәрежелі санаттағы мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Конкурстық камиссияның оң қорытындысын ала алмаған конкурсқа қатысушылар, камиссиямен мемлекеттік қызметке ұсынылғандар,аталған агенттік және оның аумақтық бөлімшелері құратын кадрлар резервіне тіркелуі мүмкін.Кадр резервіне алынған азаматтар біліктілік талаптарына сай болған жағдайда және өздерінің келісімен әкімшілік қызмет лауазымдарының тиісті немесе төменгі санаты лауазымына бір жыл ішінде конкурстан өтпей тағайындала алады. Мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервін уәкілеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері: 1)конкурстық іріктеуге қатысқан және конкурстық камиссия кадр резервіне алуға ұсыным берген; 2)мемлекеттік тапырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқудан өткен; 3)Кәсіби дәрежесін арттыру мақсатында мемлекеттік орргандар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жіберген; 4)атестациялаудан өткен және атестациялық камиссиялар кадр резервіне алуға ұсыным берген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын азматтардан жасақтайды.Кадр резервіне алынған адамның резервте тұруы бір жылдан ұзақ болмайды. ҚР-ның әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік немесе саяси қызметке кіргенде ант береді.Анттың мәтіндері мен оны берудің тәртіптері президенттің жарлықтарымен бекітілген.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер оқтын-оқтын атестациялаудан өтеді.Оның мақсаты – қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін,құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау болып табылады.

Пысықтау сұрақтары:

1.Мемлекеттік қызмет ерекшеліктері

2Мемлекеттік қызметшілердің жіктелуі

Тақырып 5 Кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі

Мақсаты: Кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның әкімшілік-құқықтық мәртебесі маңызы атқарушылық билікті жүргізуде орны мен маңызы

1.Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелер

2.Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар, өндірістік және тұтыну кооперативтері

3.Қоғамдық бірлестіктер

4.Діни бірлестіктер
1.Мемлекеттік басқару аясында өзінің мақсат – міндеті мен әкімшілік – құқықтық мәртебесі жөнінен әр түрлі болатын көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызмет атқарады.

Ұйым- деп өзінің басқару органы басшылық ететін және меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болатын әр түрлі саны бар қызметкерлер ұжымы түсініледі. Ұйымның басқару органы оның әкімшілігі болып табылады. Бұл жеке дара басшы және оның орынбасарлары, не бір мезгілде жеке дара және ұжымдық немесе басқа тағайындалатын орган, не қызметкерлер ұжымының ұйымды басқару жөнінде уәкілеттік берген органы болуы мүмкін. Әкімшілік басқару функцияларын өзіне берілген өкілеттіктер шегінде өз ұйымының ішінде жүзеге асырады. Бұлар еңбек ұжымының жұмысын ұйымдастыру, еңбек және мемлекеттік тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктер. Өз қызметкерлері ұжымына қатысты әкімшіліктің тәртіптік билігі бар. Сыртқы басқаруды алатын болсақ, ол атқарушы билік органдары сияқты оны жүзеге асырмайды, өйткені оның тиісті мемлекеттік биліктік өкілеттіктері болмайды. Ұйымның әкімшілігі атқарушы билік органдарымен сыртқы әкімшілік-құқықтық қатынастарға ұйымның функцияларын жүзеге асыруға байланысты басқарудың объектісі ретінде қатысады. Әкімшілік оларға тиісті өтініштер беруге, олардың іс-әрекеттеріне әкімшілік жолмен де, сондай-ақ сот тәртібімен де шағымдануға құқылы.

Ұйымдардың қызметінің, өкілеттіктерінің мәселелері әр түрлі тұрғыдан Қазақстан құқығының бірнеше салаларының зерттейтін пәні болып табылады: әкімшілік, азаматтық, қаржылық, еңбек, т.б. Ұйымдардың әкімшілік құқықтық мәртебесін белгілейтін құқық нормалары әр түрлі заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қаралған. Ұйымдардың әрқайсысының әкімшілік құқықтық мәртебесін жекелеп дұрыс және жанжақты сипаттау үшін оларды топтастырудың үлкен маңызы бар. Бұл олардың қызметінің мақсаттары, ұйымдық – құқықтық нысандары, өздеріне жататын мүлікке билік ету өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты бойынша, сондай-ақ бағыныштылығы немесе ведомстволық қарастылығы бойынша жүргізіледі. Ұйымдар өздерінің қызметінің мақсаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Комерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін; ал коммерциялық емес ұйымдар – мекеме, қоғамдық бірлестік , тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Комерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерді білдіру мен қорғау мақсатында өзара шарт бойынша қауымдастықтар нысанында коммерциялық емес ұйым болып табылатын бірлестіктер құра алады. Қауымдастықтың мүшелері өз дербестігін және заңды тұлғаның құқықтарын сақтап қалады.

Қызметінің түрі бойынша ұйымдардың мына сияқты түрлері, мысалы, кәсіпорындар , мекемелер, азаматтардың қоғамдық бірлестіктері және өзге де әр түрлі ұйымдар ажыратылады. Меншік түрлері бойынша ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып болінеді. Ұйымдардың бір түрі кәсіпорындар мен мекемелер болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер өзінің қызметінің көлемі мен маңызы бойынша республикалық және коммуналдық – облыстық, аудандық , қалалық, кенттік және ауылдық маңызы барлар болуы мүмкін.

Кәсіпорындар мынандай ұйымдық-құқықтық нысандарда құрылуы мүмкін, мысалы : шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын. Кәсіпорындардың салалар бойынша әр түрлі түрлері бар: өнеркәсіптік – заводтар, фабрикалар, шахтылар, рудниктер,т.б. Кәсіпорындарды мемлекеттік органдар, құрылтайшылар, мүлікті меншіктенушілер не оған мүлік меншік иелерінің уәкілеттік берген органдары құра алады .



Кәсіпорын - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырыу және пайда табу мақсатында өнім өндіру, жұмыс атқару және қызмет көрсету үшін құрылған шаруашылықпен айналысатын субъект. Бұл қызметтің негізіне оның мүлкі жатады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарған өніміне, тапқан пайданың, салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлегеннен кейін, қалғанына билік етеді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың әкімшілік құқық субъектілігі әр түрлі. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттің меншігі болып табылады . Сондықтан мемлекеттік органдардың қарауына. Мемлекеттік кәсіпорындарды құру; олардың қызметінің мақсат-міндеттерін , сондай-ақ оларды орналастыратын орнын айқындау; жарғысын бекіту; кәсіпорындарды басқару; мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және тарату жатады.

Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынандай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады:



  1. мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;

  2. экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз қамтыған қоғамдық өндірістің салаларында бірінші қажеттіліктегі тауарларды өндіру;

  3. мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.

Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын ҚР-ның Азаматтық кодексінде, кәсіпорын туралы заңда және өзге де заң құжаттарында белгіленген шекте жүзеге асыратын оның заттық құқығы болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындардың бір түрі жедел басқару құқығына негізделген және мемлекеттік мүлікке иелік ететін кәсіпорындар болып табылады. Жедел басқару құқығы қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес кәсіпорвн туралы заңмен өзге де заң актілерінде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқықы болып табылады. Қазыналық кәсіпорындар мынандай мақсаттарда: төтенше және авариялық жағдайларда арнаулы жұмыстар орындау, табиғи зілзаладан қорғау; қылмыстық атқару жүйесі саласындағы өндірістік қызметті; мемлекеттік монополияға жатқызылған салалардағы қызметті жүзеге асыру және т.б. үшін құрылуы мүмкін.Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның жарғыда көрсетілген мақсат-міндеттерімен , сондай-ақ мемлекеттің тапсырыстарымен анықталады. Өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Қазыналық кәсіпорынның қызметі мемлекеттік тапсырысты бөле отырып, мемлекеттік басқару органы бекітетін смета бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік меншіктің түрлеріне қарай кәсіпорындар:



  1. республикалық меншігіндегі кәсіпорындар - республикалық мемлекеттік кәсіпорындар ;

  2. коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді.

Республикалық және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбелерін тиісінше ҚР-ның Үкіметі және тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді. ҚР-ның Ұлттық Банкі құратын кәсіпорындар республикалық мемлекеттік кәсіпорындар болып табылады.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің функцияларын мемлекеттік меншікке билік етуге ҚР-ның Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік орган, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық Банкі орындацды. Министрліктер, агенттіктер, ведомстволар және ҚР-гың Үкіметі уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік басқару органдары болып табылады.

Коммуналдық меншік құқығы субъектісінің коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты функцияларын тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің әкімдігі жүзеге асырады. Тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің әкімдігі не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Мемлекеттік емес кәсіпорындаға мемлекеттің ықпалы шектеулі. Мемлекет оларды басқармайды. Басқаруды мемлекетік – биліктік өкілеттіктері жоқ меншік иелері немесе олардың уәкілеттік берген органдары жүзеге асырады. Мемлекет мемлекеттік емес кәсіпорынның әкімшілігін құруға қатыспайды. Мемлекеттің бұл кәсіпорындар жөніндегі рөлі барлық кәсіпорындарға , олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан , жалпы бірдей болатын әкімшілік- құқықтық тәртіп белгілеу және сол белгіленген тәртіптің сақтауына бақылау жасау болып табылады. Мемлекеттік емес кәсіпорынды басқарудың тәртібі заңнамалармен және кәсіпорынның жарғысымен айқындалады. Заңнамаларда бұл жөнінде тек жалпы нұсқамалар ғана болады.

Басқарушылық, әлеуметтік - мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

2. Шаруашылық серіктестігі болып жарғылық қоры құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым танылады. Шаруашылық серіктестіктері толық серікткстік, сенім серіктестігі, жауапкешілігі шектеулі серіктестік , қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Шаруашылық серіктестігінде қатысушылар мыналар болып табылады. Толық серіктестікке қатысушылар және сенім серіктестігінде толық серіктестік тек азаматтар ғана бола алады. Азаматтар және өкілді , атқарушы және сот билігі органдарынан басқа , заңды тұлғалар жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке, акционерлік қоғамға қатысушылар және сенім серіктестігіне салымшылар бола алады .Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбеген болса, аталған 1995 ж. 2- мамырдағы заңға сәйкес құрылатын серіктестіктерге жалпы негізде қатысады. Шаруашылық серіктестігінің құрылтай құжаттары мен жарғысы, ал бір тұлға құрған серіктестіктің құрылтай құжаты – оның жарғысы болып табылады. Серіктестікті басқарудың жоғарғы органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Серіктестіктің қызметіне күнднлікті басшылық жасайтын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретін атқарушы немесе жеке – дара орган құрылады. Атқарушы орган ретінде :

1) басқарма

2) байқаушы кеңес

3) шаруашылық серіктестігіне қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкін. Атқарушы органның қызметін бақылау үшін қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комисиясын құруға құқылы. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жоғарғы басқарушы органы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді.

Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкрлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкршілігімен жүзеге асырылатын бастамшылық қызметі. Азаматтардың бірлескен кәсіпкеплік қызметі үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелердің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив болып танылады. Кооператив коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Өндірістік кооперативтің мақсаты мен мәнін оның жарғысы анықтайды. Кооператив құрылтайшы жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешімімен құрылады.Кооперативтің таза табысы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Егер кооператив жарғысында өзгеше тәртіп көзделмесе, жалпы жиналыс белгілеген мөлшерде таза табыс кооператив мүшелерінің арасында олардың еңбегімен қатысуына қарай бөлінеді. Кооперативті басқарудың жоғарғы органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.

Коммерциялық емес ұйым деп кіріс түсіндіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға танылады. Коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдық- құқықтық нысандарының бірі мекеме. Жекеменшік мекеме деп басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаииағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым танылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, басқару органдары мыналар болып табылады:

• жоғарғы басқару органы- ұйым қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға құқылы;

• басқарудың атқарушы органы – ұйымның қызметін күнделікті басқаруды жүзеге асырады, жоғарғы басқару органына есеп береді;

• ұйымның басқару органдары сайлайтын немесе тағайындайтын тексеру органы;

• ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да органдар.



3.ҚР-да партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады. Олар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.Қоғамдық бірлестіктің аса маңызды белгісі азаматтардың оны өз еріктерімен құратындығы. Бұл орайда атқарушы билік органдарының алдын-ала рұқсатын алу қажет емес. Қазақстан аумағында халықаралық және шетелдік коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелері құрылулары мүмкін. Қоғамдық бірлестік Қазақстан азаматтарының жарғы қабылданып, басшы органдар құрылатын Құрылтай съезін шақыратын, кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады. Қоғамдық бірлестіктердің заңды тұлға ретіндегі құқық қабілеттігі ол заң актілерінде белгіленген тіртіп бойынша тіркелген кезінен бастап пайда болады. Бұл жағдайда оларға мемлекеттік тіркеуді жасаған тиісті әділет органы тіркелгендігі туралы куәлік береді. Қоғамдық бірлестіктерді тіркеу мемлекеттік бақылаудың нысаны болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктердің табиғи қасиетіне байланысты ммлекеттік билік өкілеттіктері болмағанмен, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл етуі, келісімдер жасауы, шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін.

Қоғамдық бірлестіктер жарғылық мақсаттарға қол жеткізгендей кәсіпкерлік қызметті заңдарға сәйкес жүзеге асыра алады.

Қоғамдық бірлестіктердің заңдарды сақтауына қадағалау жүргізуді прокуратура органдары іске асырады. Қоғамдық бірлестіктерді тіркейтін әділет органдары олардың қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келуіне бақылау жүргізеді. Бірлестіктердің заңнамалары бұзғандығын немесе олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келетін іс-әрекеттерін тапқан жағдайда әділет органы бірлестіктің басшылық ететін органдарына жазбаша ескерту жасауы мүмкін.

Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіру және оларды қалыптастыру ісіне қатысу мақсатында олардың саяси еркіндігін білдіретін ҚР-сы азаматтарының ерікті бірлестігі саяси партия деп танылады. Саяси партия саны бір мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін ҚР-сы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.

Саяси партия : өзінің жоғарғы органның шешімі бойынша; аймақтардың кемінде жартысының өкілі болып табылатын мүшелерінің кемінде елу бір процентінің ұсынысы бойынша; соттың шешімі бойынша таратылады.

Саяси партия: ҚР-сы Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға ; салық органдарына заңдарда белгіленген мерзімдер мен көлемде өзінің қаржылық қызметі туралы есе,п табыс етуге және т.б. орындауға міндетті.

Әкімшілік құқықтық қабілеттіктің үлкен көлемі кәсіподақтарға жатады. Кәсіптік одақтар - дербес тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды азаматтар өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құрылады.



4.ҚР-ның Конституциясында, сондай-ақ адам құқықтары туралы халықаралық актілер мен келісімдерде баянды етілген азаматтардың діни сенім бостандығы жөніндегі құқықтарын іске асыруға қажетті кепілдіктері және діни ұйымдардың құқықтық жағдайы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992ж. 15-қаңтардағы заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген.

ҚР-ның, басқа мемлекеттердің азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жеке өзі, сондай-ақ басқалармен бірге кез келген дінді еркін ұстануға немесе ешқайсысын ұстанбауға құқылы.

Заңда діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгендігі және барлық діндер мен діни бірлестіктердің заң алдында бірдейлігі бекітілген. Сондықтан мемлекет діни бірлестіктердің заңды қызметіне араласпайды. Олар да өз кезегінде қандай да болсын мемлекеттік қызметтер атқармайды, мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының сайлауына қатыспайды, саяси партиялар қызметіне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді. Заңда діни бірлестіктерге, еріеті құрамаларға айқын заңдық анықтама берілген. Ол бойынша жергілікті діни бірлестіктер, діни басқармалар, сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар ҚР-дағы діни бірлестіктер деп танылады.

Жергілікті діни бірлестіктер діни мүдделер мен қажеттерді бірлесіп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың ерікті құрамалары болып табылады. Діни бірлестіктер құдайға құлшылық етуге немесе діни жиналыстар өткізуге жұрт емін-еркін келе алатын орындар, сондай-ақ қайсыбір дінді ұстанушылар құрметтейтін орындар ашып, оларды ұстауға құқылы.



Пысықтау сұрақтары:

1.Кәсіпорны түсінігі

2Ұйым түсінігі

3.Саяси бірлестік түсінігі


Тақырып 6. Атқарушы билікті жүзеге асырудың әкімшілік құқықтық нысандары.

Мақсаты.Атқаушы билікті жүзеге асыру әкімішілк нысанын талдау

1.Мемлекеттің басқару нысандары, түрлері.

2.Басқару құқықтық актілері: түсінігі, құқықтық маңызы.басқару актілерін жою және тоқтату

1. Азаматтардың өтініш жасау құқығы ҚР – сы конституциясының 33 – б. бекітілген, соған сәйкес ҚР – сы азматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай – ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар.

Азаматардың өтініштерін жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мен қорғаудын, оларды мемлекеттік органдарда, сондац – ақ ұйымдарда қорғаудың бірыңғай тәртібін белгілеудің манызды құралы ретінде айқындау мақсатында ҚР – сы Президентінің «азаматардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995ж. 19 маусымда заң күші бар жарлығы қабылданған болатын. Енді бұл жарлықтың орнына «Жеке және занды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007ж. 12 қантарда жаңа заң қабылданды. Бұл Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іск асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін берумен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі ҚР – ның Конституциясына негізделген осы аталған заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Занда өтініштердің түрлері ажыратылып, олардың мынандай негізгі ұғымдары берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет