«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы»


Экологиялық кодекстер мен заңдар



бет2/13
Дата13.06.2016
өлшемі0.91 Mb.
#133727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2.Экологиялық кодекстер мен заңдар

Қазақстан Республикасынң экологиялық заңнама жүйесі Конституцияда айтылған негізгі идеялардың мазмұынын дамиды.Оның негізінде республикада аса маңызды табиғат қорғау заңдары мен табиғат ресурстарының кодекстері қабылданды.Өкінішке қарай, бұртұтас кешен ретінде табиғаттың өзара байланыстылығы мен өзара тәуелділігі идеясы экологиялық заңнаманың бүкіл жүйесін қамти алмайды.

Негізгі табиғат қорғау заңы 1997 жылғы 15 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы болып табылады.Оның құрылымына 19 тарау, 89-бап жатады.1-тарау-«жалпы ережелерде» (1-4-баптарда) осы заңда пайдаланылған негізгі терминдер мен анықтамалвар етілген, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР-ның заңнамасының міндеттерін белгілейді, мемлекеттің табиғат қорғау қызметінің негізгі принциптерін атайды және қорғалуға жатаытн қоршаған ортаның обьектілері көрсетіледі.

2-тарау «Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері» қоғамдық экологиялық ұйымдардың және азаматтардың табиғатты қорғауға бағытталған шаралардың кең кешенін жүргізу жөніндегі заңдылығын баянды етеді.Олардың арасында аса маңыздылары қоғамдық-экологиялық бағдармаларды жасау, қоғамдық –экологиялық бақылауды, мониторингті, сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық заң жобаларын талықлау, өздерінің экологиялық мүдделерін сотта және әкімшілік жолымен қорғау болып табылады. «Мемлекеттік өкімет пен жерглікті өзін -өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреті» деп аталатын 3 тараудың ерекше маңызы бар. Онда ҚР Үкіметінің, орталық атқарушы органның-бұл табиғат қорғау мен табиғатты пайдаланудың жекелеген міндеттерін жүзеге асыратын Қоршаған орта мен табиғат ресурстарын қорғау министрлігі, өзі де министрліктер мен ведомстволар болып табылады, -сондай ақ биліктің және жергілкті өзін өзі басқарудың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарынң табиғат қорғау саласындағы қызметінің негізгі заңдық өкілеттіері мен бағыттарының тізбесі егжей-тегжейлі ашылады.



3.Экологиялық қатынастарды реттейтін өзге нормативік актілер

Негізгі экологиялық заңдардың мазмұнына сәйкес және оларды орындау үшін атқарушы биліктің органдары экологиялық қатынастарды реттеуге бағытталған заңға тәуелді актілер қабылдады. Бұл актілер де табиғаттың жеклеген обьектілері бойынша топтастырылады немесе барлық қоршаған ортаға қатысы болады.Заңға тәуелді актілер жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары ерекше орын алады. Осы орган қабылдайтын нормативтік акітлер атқарушы билік органдарының барлық жүйесі үшін, министрліктер, комиттетер, ведомстволар, барлық деңгейдегі әкімдіктер үшін міндетті болып табылады.Бұл актілермен табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша субьектілер тәртібінің жалпы шарттары, ережелері белгіленеді.Министрліктер мен ведомстволар да заңға тәуелді актілерді бұйрықтар, нұсқамалықтар шығарады олар белгілі бір министрліктің шектерінде қолданылады және көрсетілетін министрлікпен қатынаста болады. Мысал, ретінде Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қоршаған ортаны ластаумен келтірілген залалды есептеу тәртібі жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарды атауға болады.

Биліктің жергілікті атқарушы органдары, облыстар, қалалар, селолық елді мекендер әкімдері атынан шешімдер қабылдайды,олар да заңға тәуелді экологиялық актілер болып табылады..Мысалы, әкімдерідң шешімдерімен табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ставкалары белгіленеді, табиғатты қорғау қорының қаражаттарын жұмсау тәртібі ,қалалар мен аудандарды жасыл желекен бөлу мен экологиялық қабаттау мәселелері анықталады.

Сөйтіп, экологиялық заңның құрамына экологиялық заңдар мен кодекстер, экологиялық заңға тәуелді актілері, сондай ақ экологиялық қатынастарды реттейтін жекелеген құқықтық нормалар мазмұндалатын заңнаманың өзге де салаларынң заңдары мен заңға тәуелді актілері жатады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Экологиялық құқытың даму тарихының негізіг кезеңдері

2.Экологиялық құқықтың қайнар көзі түсінігі

3.Басқа құқық салаларымен қарым қатынасы
Тақырып 3. Табиғат объектілеріне меншік құқығы

Жоспар:

1. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Мемлекет - табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі.

3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы.

4. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.
1.Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

Табиғат объектілері туралы айта отырып, біз еліміздің табиғи ресурстарының бәрін пайымдай аламыз. Қазақстан Республикасы бүкіл дүние жүзіндегі табиғат ресурстары босалқы қоры жағынан ең бай елдердің бірінен саналады. Бұл орайда, табиғат ресурстарын өндіру тұтастай алғанда бүкіл экологиялық жүйеге теріс әсер ету мүмкін екенін әсте де ұмытуға болмайды, өйткені жиынтығында табиғат объектілерінің өзі (жер, жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфера) экологиялық жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Табиғат объектілерінің азаматтық айналымдағы әдеттегі заттар мен мүліктен өзгешелігі өзінің айрықша белгісі болады. Атап айтканда олардың пайда болуы өндіріспен немесе адамның өнер табысымен байланысты болмайды, табиғат ресурстарын табиғаттың өзі табиғи әдіспен жасайды. Тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге бүкіл ғаламшарда қолайсыз экологиялық ахуалды ескере отырып, адамзат экологиялық жүйенің табиғи теңгерімін жасауға және сақтауға қалайда ұмтылып бағады. Осымен байланысты, қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің мемлекетіміздің құқық доктринасы ұлттық игілік ретінде табиғат объектілерінің тұжырымдамасы деп аталатын ауқымдарға негізделіп, дамуда.

Экологиялық кодекс қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялык, жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды үйымдастыруға бағытталған.

Ұлттық игілік ретінде табиғат объектілері ұғымы кеңестік кезеңдегі табиғат ресурстарына жалпы халықтық меншік дейтіңдей идеологиялық ұғыммен бірдей емес. Егер табиғат объектілерін жалпы халықтық меншік деп есептейтін болсақ, онда мұндай көзқарас заңдық мағынасынан айрылған болар еді және ол қате көзқарас болар еді, өйткені кез келген жағдайда заңдық тұрғыдан табиғат ресурстарының меншік иесі мемлекет болып табылады.

Мемлекет, заң шығарушы, атқарушы және сот органдары атынан билікке ие бола отырып, табиғат ресурстарын мейлінше ойдағыдай басқарып, халықтың қажеттерін қанағаттандыра және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңды бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдануды қоса алғанда, экологиялық құқық тәртібін қамтамасыз ете отырып, бүкіл халықтың мүдделері үшін табиғат ресурстарының құқықтық режимін анықтау міндетін шеше алады.

Заңда ұлттық игілік ретінде табиғат ресурстарының құқықтық режимі табиғат объектілерін тек қана мемлекеттің меншігіне жатқызу арқылы реттеледі. Алайда, қандай да бір табиғат ресурстары немесе олардың бір бөлігі жеке меншікте болуы мүмкін. Атап айтқанда жер өзінің айрықша қасиеттеріне ие болады, бұл оны табиғаттың басқа объектілерінен өзгешелейді. Өндірістік қасиеттерінен басқа, жер инфрақұрылымның объектілерін салу мен дамыту үшін қажет. Осымен байланысты, Қазақстан Республикасында жердің жеке меншікте болуына жол беріледі.

Табиғаттың басқа объектілеріне, атап айтқанда жер қойнауына, суға, орман мен жануарлар дүниесіне қатысты айтар болсақ, онда оларға жеке меншік орнату тиімсіз болады. Жеке меншікте болатын жер учаскелерінде орналасқан жабық су тоғандары, сондай-ақ жасанды ормандар өскен, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жеке орман қоры бұған жатпайды.

Мемлекеттің меншігі жеке меншік алдында ешқандай да басымдыққа ие болмайды, мұның қай-қайсысы да тек қожайынына ғана емес, сонымен бірге бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс, бұл ҚР-сы Конституциясының 6-бабында өзінің көрінісін тапты, онда былай делінген: Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Табиғат объектілеріне меншік құқығы немесе тағы да оларды табиғат ресурстары деп атайтыныңдай, тек экологиялық құқықтың мәнін құрап қана қоймайды, сонымен бірге конституциялық, азаматтық, аграрлық, тау-кен, су, орман және жер құқығы сияқты кұқықтың бірқатар басқа да салаларын құрайды.

Табиғат объектілеріне меншік құқығын немесе табиғат ресурстарын 2 мәнісінде қарастыру керек.



Біріншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы ұғымынан нормативтік кұқықтық актілерде баянды етілген, экологиялық құқық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын түсінеміз. Басқаша айтқанда, бұл объективтік мағынадағы меншік кұқығы.

Екіншіден, табиғат объектілеріне меншік құқығы деп табиғат ресурстарын иелену, пайдалану және билік ету жөніндегі субъектілердің заңдылық жиынтығы түсініледі. Басқаша айтқанда бұл субъективтік мағынадағы меншік құқығы ретінде түсініледі.

Табиғат ресурстарының негізгі объектілері және табиғаттың осындай объектілеріне меншік құқығы негіздерінің өзі ҚР Конституциясында баянды етілген.

Айталық, ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздрі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңмен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Сонымен бірге, ҚР Азаматтық Кодексінің 193-бабында былай делінген: жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады. Жер заң актілерінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте болуы да мүмкін.

ҚР Азаматтық Кодексінің 188-бабында былай делінген: меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң кұжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Алайда бұл заңдылық абсолютті болып табылмайды, мемлекет нормативтік құқықтық актілерін шығару арқылы меншік құқығының өзін, сондай-ақ табиғи ресурстардың меншік иесі жасауы мүмкін іс-қимылдарды да шектей алады. Мысалы, жеке меншікте қорғаныс мұқтаждары және мемлекет қауіпсіздігі үшін орналасқан жер учаскелері бола алмайды.

2. Мемлекет - табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектісі. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі.

Бұл мәселе экологиялық саланы басқару атты тақырыпта толық қаралады. Қазір тек қоршаған ортаны мемлекеттік реттеу мәселесін қарастырған жөн. ЭК 6-бабына сәйкес: қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтi лицензиялауды;

2) экологиялық нормалауды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;

4) мемлекеттiк экологиялық сараптаманы;

5) экологиялық рұқсаттар берудi;

6) мемлекеттiк экологиялық бақылауды;

7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесiн, неғұрлым экологиялық таза технологияларды енгiзудi ынталандыруды, табиғат қорғау iс-шараларын қаржыландыру жүйесiн;

8) мемлекеттiк экологиялық мониторингтi;

9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздерi мен учаскелерiн мемлекеттiк есепке алуды;

10) экологиялық бiлiм беру мен ағарту iсiн қамтиды.



3. Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы.

Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы.



Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілеріне ие бола отырып, мемлекет мұндай табиғат объектілеріне қол жеткізуді шектеуі не жалпы тыйым салуы мүмкін. Мысалы, ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес шектеледі және осындай аумақ туралы жеке-дара ережелермен реттеледі. Қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың төңірегіне осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және калпына келтіруге теріс ықпал ететін осы аймақтар шегінде кез келген қызметке тыйым салына отырып қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.

Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін канағаттаңдыру үшін пайдалы касиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген белгілі бір ережелердің ауқымында жүзеге асырылады, ол ережелерді сақтауды арнайы құрылған уәкілетті мемлекетгік органдар қадағалайды. Табиғат объектілерін экологиялық пайдаланғаны үшін салық және өзге де төлемдер мемлекеттік бюджетке алынады.

Билік ету құқығы табиғат объектілерінің зандық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілерінің заңдық мәртебесін нысаналы мақсатына қарай мемлекет анықтайды және өзінің санаттары болады. Табиғат объектілерін санаттандыру іс жүзінде барлық табиғат ресурстарына қатысты орын алады және табиғат объектілеріне билік етудің бірінші кезеңі болып табылады.

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің жері); 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.

Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және қиыршық тас, қиыршық тас құм қоспасы, құм, саз балшық, саз балшықты жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т.б.); 2 ) жалпы таралған пайдалы қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы қазындылар (мұнай, газ және т.б.).

4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.

Меншіктің басты элементі нақты субъектіге жататындығы болып табылады, сондықтан да меншік нысандары атап айтқанда олардың субъектісі бойынша болады. Мысалы, азаматтық-құқық нормаларына сәйкес меншіктің екі нысаны болады: 1) мемлекеттік меншік, оның өзі республикалық және коммуналдық меншіктен тұрады; 2) жеке меншік, яғни азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі.

Сонымен, табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.

Мемлекет жекеше занды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады.

Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті жөне Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды. Жерге меншік құқығын жақтаушы өзінің айқындамасын атап айтқанда жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын жақсартуға жәрдемдеседі деген дәлелді алға тартты.

Жалпы ережелер бойынша, жер учаскесіне жеке меншік құқығы осы учаскенің шекарасында болатын үстіңгі топырақ қабатына, тұйық су тоғандарына, өсімдіктерге қолданылады. Жердің астындағының бәрі (мұнай, газ және басқа да пайдалы қазындылар) жердің меншік иесі болып табылатын жеке адамға тиесілі бола алмайды.

ҚР-ның Жер Кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:

1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы;

2) жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер Кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Казақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің бәрі жеке меншікте бола алмайды. Мысалы, КР-ның Жер Кодексі мыналар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды деп белгілейді:

- қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне;

- Қазақстан Республикасының - Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, комімуникациялар орналасқан;

- кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

- жасанды ормандар орналасқан, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жасанды ормандар орналасқан жеке орман қорының жер учаскелерін қоспағанда, орман қорының жері;

- ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық маңызы бар) жеке меншікке жекешелендірілген су шаруашылығының қүрылыстары (суландыру және кәріз жүйелері), сондай-ақ бір шаруашылық жүргізуші субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін жекешелендірген суландыру кұрылыстары орналасқан су қорының жері құрамындағы жер учаскелерін қоспағанда, су қорының жері;

- магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;

- жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған ұй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимаратгарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде түрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Казақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды түлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.

Меншік құқығының объектілері жер, орман, су, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктері, табиғи резерваттар және т.б.) жатады.

Жоғарыда қандай табиғи объектілердің жеке меншікте, ал қан-дай объектілер тек мемлекетке тиесілі болатыны аталып көрсетілді.

Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:

1) Сарқылмайтын объектілер - бұл кемшілігі жуық болашақта күтілмейтін табиғи ресурстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.);

Сарқылмайтын ресурстар мыналарға бөлінеді:

а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);

б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі);

в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);

2) Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу қатерінде тұрған табиғат ресурстары.

Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипатталады.



Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Меншік ресурстарға түсінігі

2. Сарқылатын ресурстар түсінігі

3. Сарқылмайтын ресурстар

4.Қоршаған ортаның субьектілері

5. Меншік обьектісі және оның түрлері
Тақырып 4. Табиғат пайдалану құқығы

1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері.

2. Табиғат пайдалану кұқығының түрлері, объектілері және субъектілері.

3. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны. Табиғат пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері.

1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері

деп адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық-эстетикалық қажеттерін) қанағаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ЭК-тің 10-бабының 1-бөліміне сәйкес адамның күнделiктi өмiрiнде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметiнде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуi табиғат пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік кажеттерін канағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барышпа сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында - табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану - бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кажеттерін қанағаттаңдыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі - бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген тұрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында мына төменде аталған шаруашылық қызметінің экологиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

- улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру;

- су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материалдарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

- 1-3 -топтағы кэуіптілігі бар өндірістің кауіпті қалдықтарын жағу, химиялық өңдеуден өткізу, сақтау мен көму, Қазақстан Республикасының қауіпті калдықтарды трансшекаралықтасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міндететтелерін орындаумен байланысты трансшекаралық тасымал;

- Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың - Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізінде берілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет