Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандары бойынша ұшуды орындау қағидалары



бет6/14
Дата03.11.2023
өлшемі119.38 Kb.
#482276
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ұшақсыз аппарат.kaz

2-параграф. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандары бойынша ұшуды орындау қағидалары

35. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандары бойынша ұшуларды орындау екі кезеңде жүзеге асырылады: ұшуды орындауға дайындық және ПҰА-ның ұшуын орындау.


36. Ұшуды орындауға дайындық кезеңінде "жеңіл" санатындағы ПҰА-ны пайдаланушы мынадай іс-шараларды жүргізеді:


1) ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды айқындау мақсатында ұшу ауданын зерделеу және тікелей зерттеу.


Аудандызерттеукезіндемыналарғаназараударуқажет:


тыйымсалынғанаймақтардың, ұшуғашектеуқойылғанаймақтардың, күзетілетінмемлекеттікобъектілердің, әуеайлақтардыңболуытұрғысынанұшуауданыныңәуекеңістігініңқұрылымы;


адамдаркөпжиналатынаудандардыңболуы, ұшуауданындажасандыжәнетабиғикедергілердіңболуы, олардыңсипаттамалары мен таңбалануы;


көрінуінеәсеретеалатынжәнебасқаружәнедеректерді беру арналарының радио кедергілерінқұраалатынобъектілердіңболуы (С2);


басқару арнасы жоғалған кезде (С2) бағыттың кез келген нүктесінен қону алаңы ауданына ПҰА-ны қауіпсіз автономды қайтару мүмкіндігі);


ұшуды орындау уақытына болжамда ауа райының қауіпті құбылыстарының болмауы;


2) қабылданған шешім негізінде пайдаланушы ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуын жүргізу бойынша ақпарат әзірлейді және ҚР ӘПҚ 17-2-тармағына сәйкес жауапкершілік аймағында (ауданында) ұшуларды орындау жоспарланған ӘҚБ орталығымен және ӘҚҚ органымен келісіледі;


3) қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындауға рұқсаттың нөмірін көрсете отырып, ұшу жоспары жасалады;


4) ұшу жоспары кейіннен телефон арқылы өтінімнің өтуін бақылай отырып, ӘҚБ орталықтарына жіберіледі;


5) берілген ұшу жоспарына сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат пен шарттар алынды;


6) ПҰА-ның, ПӘЖ деректерді басқару және беру арналарының ақаусыздығы тексеріледі;


37. Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындау кезінде ПӘЖ пайдаланушы:


1) осы Қағидалардың 26-тармағының талаптарын орындайды;


2) ПҰА-ның ұшуын берілген ұшу жоспарына және әуе кеңістігін пайдалануға алынған шартқа қатаң сәйкестікте жүргізеді;


3) егер бұл басқа әуе кемелеріне, адамдарға, жануарларға, қоршаған ортаға немесе мүлікке қауіп төндіруі мүмкін болса, кез келген соқтығысу тәуекелінен аулақ болады және ұшуды тоқтатады;


4) егер бұл ұшу тапсырмасында көзделмеген және ден қою қызметтері мақұлдамаған болса, төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі іс-қимылдар жалғасатын аудандардың маңында немесе ішінде ұшпайды.


Қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшуды орындау кезінде "орташа", "орташа ауыр" және "ауыр" санаттағы ПҰА пайдаланушылар үшін осы Қағидалардың 7-тарауының талаптары қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет