Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Авиациялық жұмыстарды орындайтын сыртқы ұшқыштарға рұқсаттар беру тәртібі



бет9/14
Дата03.11.2023
өлшемі119.38 Kb.
#482276
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ұшақсыз аппарат.kaz

2-параграф. Авиациялық жұмыстарды орындайтын сыртқы ұшқыштарға рұқсаттар беру тәртібі

49. ПӘЖ пайдалана отырып авиациялық жұмыстарды орындау үшін сыртқы ұшқыш азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан мынадай құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификат түрінде рұқсат құжатын алады:


1) ПӘЖ қауіпсіз пайдаланбағаны үшін жауапкершілікпен танысқанын растай отырып, ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш;


2) екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, көлемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қарап отырған адамның оң жағындағы бұрышымен);


3) 086 нысан бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;


4) наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалардың көшірмелері;


5) сотталмағандығы туралы анықтаманың көшірмесі;


6) жеке куәліктің көшірмесі;


7) белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген ПҰА-ға арналған бағдарлама негізінде сыртқы пилотты бастапқы даярлау бағдарламасы бойынша оқудың табысты аяқталғаны туралы құжаттың көшірмесі.


50. Қажетті құжаттардың куәландырылған көшірмелері бар өтінім уәкілетті ұйымға электрондық пошта арқылы ұсынылуы мүмкін. frontoffice@caakz.com немесе уәкілетті ұйымның мекенжайына пошта жөнелтілімі арқылы жіберіледі.


Уәкілетті ұйымға ұсынылған құжаттарды қарау күнтізбелік15 күн ішінде жүргізіледі.


Ұсынылған құжаттарды қарау және ескертулердің болмауы нәтижелері бойынша өтініш берушінің электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес сертификат түріндегі рұқсат беру құжаты жіберіледі.


51. Сыртқы пилоттың сертификаты оны берген күннен бастап Уәкілетті ұйым бір жылдан аспайтын кезең ішінде жарамды болып табылады және мынадай ақпаратты қамтиды:


сертификат иесінің суреті;


сертификаттың сериясы мен нөмірі;


сыртқы ұшқыштың аты-жөні;


бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)/жеке-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);


сертификаттың қолданылу мерзімі;


ПҰА-ның типтері мен сериялық (сәйкестендіру) нөмірі;


сертификаттың қолданылу шарты.


52. Осы сертификаттың көшірмесі уәкілетті ұйымның электрондық қоймасында сақталатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет