Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


Кернеу трансформаторларын қосу сұлбалары



бет4/5
Дата14.06.2016
өлшемі8.66 Mb.
#135772
1   2   3   4   5

3.4 Кернеу трансформаторларын қосу сұлбалары

Электр қондырғыларында тағайындалуына байланысты орама қосылуының әр түрлі сұлбалары бар кернеу трансформаторы қолданылады. КТ бірінші реттік орама тізбегіне сақтандырғыштар мен ток шектегіш резисторлар қосылады, осы үшін трансформатор ақаулық жағдайында ол апат себебі болып шықпасы үшін. Екінші реттік тізбектерде орнатылған сақтандырғыштар трансформаторды осы тізбектердегі мүмкін тұйықталудан қорғау үшін қызмет атқарады. Кернеу трансформаторын қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін екінші реттік ораманың шықпаларының біреуі оны қондыру кезінде жерлестіріледі.

Тәжірибеде бір фазалы КТ келесі қосылу сұлбалары кең қолдану тапты:

Екі орамалы кернеу трансформаторлары үшін:

- ашық үш бұрышқа қосылу сұлбасы, ол ваттметрлер, санауыштар мен кернеу реттегіштерін қосу үшін пайдаланылады;

3.3 сурет–НТМК түрлі үш фазалы екі орамалы кернеу трансформаторларындағы бұрыштық қателікті өтемдеу сұлбасы


- жұлдызша қосылу сұлбасы – бірінші реттік және екінші реттік ораманың бейтараптары жерлестірілген.

Үш орамалы КТ үшін – бірінші реттік және негізгі екінші реттік ораманың қосылу сұлбасы жұлдыз – жұлдыз бейтарабы жерлестірілген, ал қосымша екінші реттік ораманың – ағытылған үш бұрыш, ол жерге тұйықталудан қорғаныс релесін қосу үшін қызмет етеді.

Үш фазалы КТ келесі қосылу сұлбалары бар:

- жұлдыз – жұлдыз екінші реттік орама бейтарабы жерлестірілген (НТМК түрлі кернеу трансформаторы);

- жұлдыз – жұлдыз бірінші реттік орама бейтарабы шығарылған негізгі екінші реттік орама үшін және ағытылған үш бұрыш қосымша екінші реттік орама үшін (НТМК түрлі трансформатор).
3.5 Жүйе оқшаулауын бақылау

Бейтарабы оқшауланған жүйе оқшауламасы күйін бақылау үшін НТМИ, ЗНОМ және НАМИ түрлі кернеу трансформаторы қолданылады. Бейтарабы нық жерлестірілген тораптарда оқшаулама күйін бақылау үшін НКФ түрлі кернеу трансформаторы қолданылады.

Бейтарап тәртібіне байланысты қосымша екінші реттік ораманың фазалық кернеуі зая жүріс кернеуі бойынша бір-бірінен өзгешелікте болады. Жүйенің қалыпты жұмысы кезінде қысқыштарындағы кернеу 3.4,б суреті мен 3.5,б суретіндегі векторлық диаграммадан көрініп тұрғандай, нөлге тең.

3.4 сурет – Бейтарабы жерлестірілген торап

Іс жүзінде магниттік жүйенің симметриялы емес нәтижесінде және магниттік ағында жоғарғы гармоникасы қолда барлығы қыспаларындағы кернеу қалыпты жұмыс ережесі кезінде нақты көрсетілгеннің бірнеше пайызын құрайтын болады.

Тораптың қандай да бір фазасын жерлестірген кезде ағытылған үш бұрыш қысқыштарындағы кернеу 100 В тең болуы керек.

Бейтарабы жерлестірілген торабындағы және бейтарабы оқшауланған жүйедегі фазалардың біреуі жерге тұйықталған кезде кернеу трансформаторында болатын кезеңдерді қарастырамыз.

Тұйықталу жағдайында, мысалы, бейтарабы жерге жерлестірілген тораптағы В фазасы, кернеу трансформаторының В фазасы қысқа тұйықталған болып шығады және осы фазаның орамаларындағы кернеу, сонымен бірге қосымша орамадағы кернеуде жоғалады. 3.4,в суреттегі векторлық диаграммадан көрініп тұрғандай ағытылған үш бұрыш шықпаларында А және С фазалар кернеулерінің геометриялық жинағына тең кернеу пайда болады, осылайша тұйықталған фазаның фазалық кернеуіне тең.



3.5 сурет – Бейтарабы оқшауланған торап

Себебі жерге тұйықталған кезде ағытылған үш бұрыш қысқыштарындағы кернеу 100В тең болуы керек, онда қосымша екінші реттік ораманың фазалық кернеуі де 100В тең болуы керек.

В фазасы оқшауланған бейтарап торабында жерге тұйықталғанда кернеу трансформаторының В фазасы қысқа тұйықталып қалады, ал А және С фазалары толық сызықты кернеу астында қалады, 3.5 сурет, және осы фазалардағы магнит өткізгіш шыбықтардың индукциясы есе өседі. Нөл бейтарабты нүктесі осы жағдайда В нүктесіне орын ауыстырады және ОА және ОС векторлары арасындағы бұрыш орнына тең болады, бұл В фазасы қысқа тұйықталуға дейін болғанда. Тұйықталмаған үшбұрыштың әрекеттегі А, С фаза векторының арасындағы бұрыш орнына тең болады. Осыдан тұйықталмаған ұш бұрыш қысқыштарының кернеуі есе өседі. Бірақ жерге қандайда болсын фазаны тұйықтағанда релелік қорғаныстың кернеуі 100 В тең болуы үшін, қосымша екінші реттік ораманың фазалық кернеуі. Қалыпты режімде В тең болуы керек.

Жерге қосылған бейтарап торабындағы бір фазалық тұйықталу

өзімен бірге ауыр зақымдану түрін көрсетеді және сондықтан ол релелік қорғаныспен ажыратылады.

Оқшауланған бейтарап торабындағы жердегі бір фазалық тұыйқталу зақымның сипаттық түрі болып табылады, олар барлық зақынданудың 70-80% құрайды. Жерге тұйықталуадың пайда болуы тұтынушылардың жұмысын бұзбайды, себебі үш бұрыштағы фазааралық кернеу өзгермейді. Сондықтан берілген тораптағы жерге бір фазалы тұйықталу, ЭҚКЕ сәйкесінше, 2 сағат жоғары емес тораптағы зақымданған элементті көрсету үшін қажетті уақыт аралықта жұмыс істей алады.

Оқшауланған бейтарап торабындағы оқшаулама бақылауы НТМИ, НАМИ немесе ЗНОМ түрлі кернеу трансформаторының негізі 2-ші ретті орамына қосылған үш вольтметр көмегімен жүзеге асырылады, 3.5 сурет. Қалыпты режімде оқшаулама бақылау вольтметр фазалық кернеуді көрсетеді. Фазаның жерге металдық тұйықталуында зақымданған фазаның вольтметрі нөлді көрсетеді, ал басқа екі вольтметрлер фазалық мәннен сызықты мәнге дейін өздерінің көрсетулерін өсіреді.
3.6 Ішке қондырылуға арналған кернеу трансформаторларының құрылысы

Мұнда НОМ, ЗНОМ, НТМК, НТМИ және НАМИ түрлі кернеу трансформаторларының құрылыстары қаралады. НОМ-6, НОМ-10 түрлі кернеу трансформаторларында түрлі магнит өткізгіші бар. Жоғары және төменгі кернеудегі орамдар ортаңғы шыбықта орналасқан. НОМ-6, НОМ-10 түрлі кернеу трансформаторларының жалпы орамдар құрылысы 3.6 суретте келтірілген.

Төменгі кернеудің орамасы 2 цилиндрлік көп қабатты, қалыңдығы 1,5 мм электр техникалық картоннан жабыстырылған цилиндрге 1 оратылады. Төменгі кернеу орамасы үстінде екінші цилиндр 3 жайғасады, ол қалыңдығы 4 мм электр картоннан орындалған, ал одан кейін қалыңдығы 1,5 мм кабельдік қағаз 4.


3.6 сурет – НОМ түрлі кернеу трансформаторлары орамасының құрылуы
Осы цилиндрге жоғарғы кернеу орамасының екі секциясы оратылған – 1-цилиндр; 2-төменгі кернеу орамасы; 3-цилиндр; 4-кабельдік қағаз; 5-жоғарғы кернеу орамасы; 6- епелеқтер; 5 өзара тізбектеліп қосылған және электр картоннан жасалған екі епелекпен 6 бөлінген.

НОМ-6, НОМ-10 түрлі кернеу трансформаторларының бактары цилиндр тәрізді орындалған. Қалыңдығы 1,5 мм томпақ қақпағы бар. Бактың қабырғасының үстіңгі шеттері бекіту болттары үшін бактың қабырғасында қапсырмалар жабыстырылған.

Осы түрлі кернеу трансформаторында ораманың шықпалы аяқтары бактың қақпағына қосылған. Осы түрдегі трансформаторында төменгі кернеу кірмесі құрамалы, ал жоғарғы кернеу кірмесі – механикалық бекітпемен.

Оқшаулатқыштардан басқа, бактың қақпағында май құю үшін тығын мен трансформатор «тынысы» және КТ нақты көрсетілген көрсеткіштері бар қалқанша қарастырылған. Берілген КТ жерлестіру қақпақтың бекіту болттарының бірі көмегімен іске асырылады. ЗНОМ-15 және ЗНОМ-20 түрлі кернеу трансформаторының сауытты түрлі магниттік өткізгіштері бар. Төменгі кернеу орамасы кіндік темірге тақау орналасқан, ал оның үстінен ішкі аяғы жерлестірілетін жоғарғы кернеу орамасы оратылған.

Жоғары кернеулі орам электр статикалық экранмен қорғалған. Берілген түрлердегі кернеу трансформаторлары қуатты генераторлардың жинақтаған экрандық ток өткізгіштерін қондыруға арналған. 3.7 суретте ЖЭТ-ғы ЗНОМ-20 түрлі кернеу трансформаторының қондыру сұлбасы келтірілген.

Кернеу трансфоматоры жоғары кернеу кірмесінде орналасқан пышақтық түйіспе 1 көмегімен, экраны жабық 3, ток өткізгіште 2 бекітілген, серіппелі түйіспеге қосылады. Ток өткізгіш экранынан байқау люгі 4 бар патрубка 5 тармақталады. Осы патрубка бортына кернеу трансформаторының қақпақшасы болтпен 6 бекітілген.




3.7 сурет – ЖЭТ –ғы қуатты генератор ЗНОМ-20 түрлі кернеу трансформаторын қондыру


Сонымен, кернеу трансформаторының жоғары кернеу кірмесі экран ток өткізгішінің жабық өскінінде жатыр. Кернеу трансформаторын қондыруда пышақтық түйіспені жоғары кернеу кірмесінде және токөткізгіштің серіппелі түйіспесінде дұрыс қосу үшін, борт түтікшесінде 4 кернеу трансформаторының қақпақшасында арнайы тесігіне кіретін, үш бағыттауыш шыбығы 7 бар.

Кернеу трансформаторының қақпақшасы жинақталған экрандалған ток өткізгіш ішінде жатуына байланысты, екінші реттік ораманың негізгі және қосымша қысқыштары бактың бүйір жағына шығарылған және бөлек құндақпен жабылады. Жерге қосылған бірінші реттк ораманың соңы бактың қарама-қарсы жағына орналасқан төменгі кернеу кірмесіне шығарылған. Тыныс тесігі арнайы болт арқылы шығарылған. Майды үстеп құю тесігі кернеу трансформаторының қақпақшасында жатыр. Кернеу трансформаторының оның жұмыс уақытында температура өсуінде май көлемінің бос өсу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, бактағы май көлемі қақпақшадан 15 – 30 мм төмен болуы керек.

ЗНОМ-15 және ЗНОМ-20 түрлі кернеу трансформаторлары жұмыс уақыты кезінде жинақталған экрандық ток өткізгіш шинасынан өтетін, ток тудыратын күшті магнит өрісінде жатқандықтан, онда олардың бактары құйынды ток қызуы болмауы үшін магниттік емес болаттан орындалады.

НТМК-10 түрлі кернеу трансформаторының магнит өткізгіші үш шыбықты орындалған. Әрбір шыбықта бір фазадағы жоғары және төмен кернеулі орамалар орналасқан. Орамалар құрылысы НОМ-6 және НОМ-10 түрлі кернеу трансформаторындағыдай. Жоғары кернеу орамының үстіңгі бір орауышының әрбір фазасына бұрыштық қателікті түзетуде қызмет ететін түзеткіш орамдары оралған, 3.3 сурет. НТМК түрлі кернеу трансформаторының багы цилиндрлік орындалған. Бак қақпақшасы тегіс, жапырақша болат қалыңдығы 6 мм жасалынған. Қақпақша бак рамасына болттармен айналдырылған, қабырғаға кірген және бак қабырғасына балқытып біріктірілген, жолақ болаттан жасалынған. Рама мен қақпақша арасына сақина түріндегі резеңкелі тығыздық салынады. Тығыздықтың түсіп кетпеуін болдырмау үшін бактың ішінде рама солай балқытып біріктірлген, қабырға рамадан 2 мм артық шығады. НТМК-10 түрлі кернеу трансформаторлары ішкі қондырғыларға шығарылады.

НТМК-10 түрлі кернеу трансформаторы төмен кернеу жағынан нөлдік нүктесі шығарылған жұлдыз-жұлдыз сұлбасы бойынша орамалар қосылысы бар. Сондықтан берілген кернеу трансформаторы сызықты және фазалық кернеуді өлшеуге қолданылады. Бірінші реттік ораманың нөлдік нүктесі оның қате жерлестіруін болдырмау үшін қаңпақшаға шығарылмайды, себебі жермен қосу бірінші реттік торапты жерге бірфазалық тұйықталу кезеңі пайда болғанда трансформаторды зақымдануға әкелуі мүмкін. Нөлдік дәйектіліктің магнит ағындары, үш шыбықты магнит өткізгіш трансформаторында осы режімде пайда болатын, үлкен магнит ұстайтын жол бойында тұйықталады – бак, ауа және май арқылы. Нәтижесінде, магниттелу тогы қалыпты емес үлкен болады және бірінші реттік токтар біршама есе қалыпты емес ток режімінен басым бола алады. Бұл режімдегі жұмыс ұзақтығы трансформатордың шексіз қызуына әкелуі мүмкін.

НТМК-10 кернеу трансформаторын жермен қосу бак астына балқытып біріктірілген, арнайы болтпен іске асырылады. Жермен қосу болты қызыл немесе ақ сырмен орындалған стандартты жермен қосу белгісімен белгіленеді.

НТМИ-6 және НТМИ-10 түрлі үш фазалық кернеу трансформаторлары оқшауланған бейтарап торабында қолдануға арналған. Берілген кернеу трансформаторлары екі түр өзгертушілікті болады. Ескі түр өзгертушілік трансформаторларында бес шыбықты магнит өткізгіші бар, ал жаңа түр өзгертушілік трансформаторлар бір құндақта орналасқан, үш бір фазалық трансформаторлардан құралады. Әрбір бір фазалық трансформатор сауыт түрлі тік бұрышты магнит өткізгіштен құралады, ортаңғы шыбықтарда концентрациялық үш орама орналасқан:екі екінші реттік және бір бірінші реттік.

Ескі түр өзгертушілікте бес шыбықты магнитөткізгіштерді және жаңа түр өзгертушілікте сауыт түрлі өзекшесі бар үш бір фазалық трансформаторларды қолдану қажеттілігі жерге тұйықталғанда пайда болатын бес бүйір шыбықтар оларда магнит ағынының нөлдік дәйектілігін тұйықталуын қамтамасыз етуге шақырылады. Бос бүйір шыбықтар болмағанда магнит ағынының нөлдік дәйектілігі бак қабырғасы арқылы тұйықталады; бұл үлкен фаза орамаларында үлкен магниттелу тогын шақырады, олар орамаларда температураның шексіз өсуіне әкелуі мүмкін.

НТМИ-6, НТМИ-10 түрлі кернеу трансформаторларының багы цилиндрлік орындалған. Бак қақпақшасында оқшаулатқыштан басқа трансформаторды көтеруге арналған қыпсырмалар және параметрлері бар қалқаншалар, трансформатор «тынысы» және май құюға арналған тығынша қаралған. НТМИ-6, НТМИ-10 түрлі трансформаторларын жермен қосу, жермен қосудың стандартты белгісімен белгіленген және бактың төменгі бөліміндегі балқытып біріктірілген болт көмегімен жүзеге асады.

НАМИ түрлі кернеу трансформаторлары өлшегіш аспаптар, есепке алу тізбегін, тораптағы кернеуі 6 – 10 кВ сигнал беру және қорғанысы үшін өлшегіш ақпаратты өндіруге арналған. Трансформатор үш сызықты, үш фазалық және нөлдік дәйектілікті кернеуді өлшеуді қамтамасыз етеді. НТМИ және ЗНОЛ кернеу трансформаторларының НАМИ трансформаторынан айырмашылығы ол өзінің резонансқа қарсы қасиетімен жоғары сенімділікті және жерге доғалық тұйықталуға тұрақты.

НАМИ трансформаторының орамаларын қосылу сұлбасы, НТМИ трансформаторының орамаларын қосылуының баламалы сұлбасы 3.8 суретінде келтірілген.

Трансформатор өзінен конструктивті қосылған бір бүтін екі үш орамалы трансформаторды көрсетеді, олардың бір бірінші реттік орамалары және сызықты кернеуге қосуға арналған, ал трансформатордың (жермен қосылатын) бірінші реттік басқа орамасы фазалық кернеуін қосуға арналған.

Тұйықталмаған үш бұрыш шықпаларындағы кернеу активті-индуктивті жүктемесі 30 ВА ( және тораптағы номиналды кернеуі симметриялы болғанда 3 В аспайды.

Бір фазаны жерге металдық тұйықтауда тұйықталмаған үш бұрыш шықпаларындағы кернеу активті-индуктивті жүктеме 0-ден 30 ВА ( өзгергенде 90-нан 110 В-дейін өзгереді. Торапта феррорезонанс пайда болған жағдайда



3.8 сурет - НАМИ түрлі кернеу трансформаторының орамаларын қосу сұлбасы


кернеуі 250 – 300 В мәніне жетуі мүмкін.

Сауыт түрлі екі шыбықты, сызықты кернеуге қосылған трансформатор магнит өткізгіші электр техникалық болат жапырақшаларынан жиналған. Сондай сияқты сауыт түрлі трансформатордың жермен қосылу магнит өткізгіші құрылымды болат жапырақшаларынан жиналған.

Екі трансформаторлардың орамаларына отырғызылған магнит өткізгіштері тұтас конструктивті бір қатар конструктивті бөлшектер көмегімен қосылған, өздерінен трансформатордың активті бөлімін көрсетеді, олар трансформатор майы құйылған бакта орналасқан. Трансформатор багы болат жапырақшаларынан балқытып біріктірілген.

Бактағы май деңгейі ішкі үстіңгі қақпақшадан 15 – 5 мм сәйкес болуы керек. Егер май деңгейі нормадан айрықшаланса, онда майды төгіп немесе құю керек.
3.7 Сыртқы қондырғылар үшін кернеу трансформаторларының конструкциялары

Сыртқы қондырғылар үшін кернеу трансформатолары кернеуі 110 кВ және жоғары дайындалады және каскадты сұлба бойынша орындалады, себебі жай конструкцияларда қолдану осы трансформаторлардың салыстырмалы кіші қуаттылық мөлшері жоғары бірінші реттік кернеу, оқшаулама ара қашықтығы салдарынан байланысты төтенше өсуі мүмкін еді. Осыдан кернеу трансформаторларының массасы кернеу өсуінің квадратына пропорционалды өсуі мүмкін, себебі олардың массасы кернеу өсуіндегі күштік трансформатор массасынан тез өседі.

НКФ – 110 түрлі трансформатор майы фарфорлы құндақта жалпы бір магнит өткізгішінде орындалған екі каскадтан құралады. Берілген кернеу трансформаторының сұлбасы 3.9 суретте келтірілген.

Жоғары кернеу орамасы екі бірдей тізбектен қосылған секцияларға бөлінген, өзінен бірінші және екінші каскадты көрсетеді. Жоғары кернеу орамасының бірінші каскады А басына кернеу беріледі, ал ораманың екінші каскады Х соңы жермен қосылады. Магнит өткізгіші жоғары кернеу орамасының ортасымен қосылған және кернеу астында жатыр, жұмыс кернеуінің жартысына тең. Осыған байланысты жоғары кернеу орамасының оқшауламасының әрбір каскады жұмыс кернеуінің жартысымен орындалады, бұл трансформатордың өлшемін және массасын маңызды төмендетеді. Кернеу трансформаторының каскад орамалары қарама-қарсы шыбықтарда екі шыбықты магнит өткізгіштерінде орналасқан, 3.9 сурет.

Екі каскадта өзекшеге жақын П1 және П2 түзеткіш орамалары оратылған, ал олардың жоғарысына П1 және П2 түзеткіш орамалары оратылған, ал олардың жоғарысына жоғары кернеу (ЖК) орамалары оратылған. ЖК орамалары электр статикалық экранмен Э қорғалған.

3.9 сурет НКФ түрлі кернеу трансформаторының сұлбасы


Бірінші каскадта экран Э ЖК А қірмесімен қосылған, ал екінші экранда Э жермен қосылған. Жерге қосылған екінші экранның Э жоғарысына негізгі және қосымша төменгі кернеу орамалары оратылған.

П1 және П2 түзеткіш орамалары қатар қосылған және кернеу трансформаторының екі каскады арасындағы екінші реттік жүктемені біркелкі тарату үшін қолданылады. Жүктеме болмағанда түзеткіш орамаларында ток болмайды, және әрбір каскадтың жоғары кернеу орамалары бойынша тек зая жүріс тогы өтеді. Жүктемені қосқанда П2 орамасының кернеуі екінші каскадтағы жоғары кернеу орама кернеуі құлауымен төмендейді, соның салдарынан П1 және П2 түзеткіш орамалары бойымен жүктеме тогы айнала бастайды. Сонымен түзеткіш орамалар көмегімен жүктемемен кернеу, кернеу трансформаторының екі каскады арасымен тең таратылады.

НКФ – 110 түрлі каскадты кернеу трансформаторы трансформатор майымен толтырылған, оқшауланған фарфорлы қынапта орналасқан және өзінен бір блокты көрсетеді. Қынап жоғарыдан майкеңейткішпен жабылған онда май деңгейін көрсеткіші, түйіспелі шпилькі (А кіруі) және тыныс үшін тығын бар. Қынап төменде болатты тұғырық тақтасына бекітілген. Қынап фарфорының болат тақтамен және кеңейткішпен қосу майға төзімді, резіңке тығыз төсеме арқылы жүзеге асады. Болат тұғырыққа қорап қысқыштары бекітіледі, оларға төменгі кернеу орамалар соңы, жермен қосу болты және жоғары кернеу орамасының жермен қосылған соңы Х шығарылады және май үшін кран түсіретін патрубка балқытып біріктірілген. Қысқыш қораптары есікшемен жабылады, оларға трансформатордың негізгі техникалық берілулері берілген қалқанша бекітілген.

НКФ түрлі кернеу трансформаторлары дәлдік класы 1 және 3 болып шығарылады. Кернеу жоғары болғанда кернеу трансформаторының құрылысы күрделі болады. 220, 330 және 500 кВ кернеу трансформаторлары сәйкесінше екі, үш және төрт тізбектеп қосылған каскадты блоктардан құралған. Сондықтан 500 кВ және жоғары қондырғыларында сыйымдылықты таңдау қуаттылығы бар, таңдау қуаттылық конденсатор С2 көмегімен жоғары жиілікті байланыс С1 конденсаторына қосылған трансформатор құрылғысы қолданылады. Сондай трансформатор сұлбасы 3.10 суретте келтірілген.




3.10 сурет – НДЕ түрлі кернеу трансформаторының сұлбасы


Қуаттылықты таңдау конденсаторынан С2 түсірілетін кернеу, кернеу трансформаторына TV беріледі, екі екінші реттік орамасы бар, олар НКФ трансформаторлары сияқты сұлбамен қосылады.

Сыйымдылықты бөлу кернеуінің (СБК) жұмыс дәлдігін өсіру үшін бірінші реттік орама трансформатордың TV, тізбегіне дроссель L қосылған, оның көмегімен кернеу таңдау контуры конденсатор С2 бар резонансқа бапталады. Дроссель L және трансформатор TV жалпы бакқа бапталады және маймен құйылады. Сонымен қатар дроссель L мен сыйымдылықты бөлу арасына жоғары жиілікті Z1 қоршаушы қосылған, олар трансформаторға TV жоғары жиілікті токты өткізбейді.

Трансформатор TV зая жүрісте жұмыс істегенде феррорезонанс пайда болады, ток өзгеруі секірме тәрізді сипатталатын. Бұл кернеудің тез өсуіне және екінші реттік кернеу формасының бұрмалануына әкеледі, ол осы жағдайда синусоидалдыдан едәуір айрықшаланады.

Осындай бұрмалануды және кернеу тербелісін болдырмау үшін а – х негізі екінші ретті орама шықпаларына резонансқа қарсы сүзгі Z2 қосылады, 3.10 сурет.

Қазіргі уақытта 500кВ (НДЕ-500), 750 кВ (НДЕ – 750) және 1150 кВ (НДЕ – 1150) сыйымдылықты кернеу трансформаторлары шығарылады.
3.8 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1 Жабық, ашық және жинақталған тарату құрылғыларында қолданылатын кернеу трансформаторларының құрылысын оқу.

2 Есеп беруде келесі сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер:

- Жабық, ашық және жинақталған тарату құрылғаларында кернеу трансформаторларының қандай түрі қолданылады?

- Кернеу трансформаторларындағы қателіктерді қарымталаудың негізгі әдістері.

- Жерге өтпелі кедергі арқылы, оқшауланған бейтарап торабындағы әрбір фаза тұйықталуындағы векторлық диаграммалар (оларды талдаңдар;)

- НТМИ түрлі кернеу трансформаторларында неге бос шеткі шыбықты магнит өткізгіші бар?

- НКФ түрлі кернеу трансформаторлары не үшін каскадты орындалады?

- НДЕ түрлі кернеу трансформаторларының басымдылығы және кемшіліктері.
3.9 Бақылау сұрақтары

1 Дәлдік класы өзімен бірге нені көрсетеді және өлшеуіш кернеу трансформаторлары үшін қандай дәлдік класы орнатылған? Өлшеуіш кернеу трансформатрларының әр түрлі дәлдік класының тағайындалуын түсіндіріңдер.

2 Кернеу трансформаторларының екінші реттік номиналды кернеуі неге тең және олар қандай оймен орнатылған?

3 Кернеу трансформаторларының құрылысы күштік трансформаторлар құрылысынан айырмашылығы неден құралады?

4 Кернеу трансформаторының номиналды және максималды қуаттылығы немен анықталады?

5 Оқытушының тапсырмасы бойынша НОМ, НТМК, НТМИ немесе НКФ кернеу трансформаторының бірінші және екінші реттік орамдарының конструктивті орындалуын және өзара орналасуын түсіндіріңдер.

6 Кернеу трансформаторларында оқшауланған компаундтық құйманы қолдану нені береді?

7 Зауыттар неге кернеуі 35 кВ жоғары емес металдық құндағы бар кернеу май трансформаторларын дайындайды?

8 НОМ және ЗНОМ түрлі кернеу трансформаторларының құрылыстары немен айрықшыланады? Осы трансформаторларға қандай орамаларды қосу сұлбасы мүмкін?

9 Үш фазалы үш шыбықты НТМК түрлі кернеу трансформаторының қақпағына бірінші реттік нөлдік нүкте шықпағаны немен түсіндіріледі.

10 Неліктен НТМИ түрлі кернеу трансформаторының бірінші реттік орамының бейтарабы жермен қосуға жіберіледі?

11 Кернеу бойынша кернеу трансформаторларының қарымталау қателігі қалай жүзеге асырылады.

12 НТМК түрлі кернеу трансформаторларында бұрыштық қарымталау қателігі қалай жүзеге асырылады?

13 С фазасын жердегі кішкене өтпелі кедергі арқылы қосқанда бақылау оқшаулымасындағы вольтметрлер нені көрсетеді?

14 Егер кернеу трансформаторының бірінші реттік орамасының нөлдік нүктесі қателікпен жерге жерлестірілмегенде, В фазасы жерге металдық тұйықталғанда бақылау оқшаулама вольтметрінің көрсетулері қалай болады?

15 НДЕ түрлі кернеу трансформаторының конструктивті орындалуын түсіндіріңдер.

16 НТМК түрлі кернеу трансформаторының бұрыштық қателігі, егер оның қосылуында А және В фазасын орнын ауыстырғанда өзгере ме?

17 Кернеу трансформаторында теңестіру орамаларының тағайындалуын көрсетіңдер және олардың жұмыс принциптерін түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет