Қазақстан республикасының Ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі



бет2/8
Дата29.11.2023
өлшемі88.06 Kb.
#484840
1   2   3   4   5   6   7   8
Медеу Айман

КІРІСПЕ

4

1

Адамның, негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктері

5

1.1

Анатомия бағытында оқыту тарихы

5

1.2

Адамның, негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін оқыту түрлері

8

2

Бастауыш сыныпта адамның негізгі органдарының құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін меңгерту әдістері және ұйымдастыру әдістемесі

14

2.1

Бастауыш сыныпта анатомия меңгертудің тиімді әдістері

14

2.2

Бастауыш сыныпта анатомия меңгерту сабақтарын ұйымдастыру әдістемесі

18




ҚОРЫТЫНДЫ

22




ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

23


КІРІСПЕ


Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.
Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.
Адамзатты қоршаған ортаның оның ішінде қоғам мен табиғаттағы құбылыстардың өзгеріс амплитудасы жиілеп кетті. Қоғамдағы және табиғаттағы жүріп жатқан құбылыстарды танып білуде зерттеу әдістеріне жүгінері сөзсіз. Сондықтан айнала қоршаған ортаны танып білуде түрлі әдістер мен амалдарды, әрекеттерді ұйымдастыра нәтижеге бағытталау тиіс. Осы тұрғыда төменгі сыныптағы балаларға қоғамдық және табиғи құбылыстардың жүру жағдайлары мен себебінің және салдарын анықтап тіршілік практикасына қажеттілігіне жаратуы қажет- ақ.
Көптеген белгілі ғылыми еңбектерді талдау барысында: жас баланың жаратылыстан білімді сапалы меңгерту мен құндылықтар тәрбиесі, олардың жалпы даму мәселесі әр қырынан қарастырылған.
Қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары, олардың бір-бірімен байланысын ғылыми түрде түсіндіру барысында балаларда алғашқы табиғат және оның құраушылары туралы ұғым негіздері қаланады. «Жас бастауыш сынып оқушыларының әлеуеті ой мүмкіндіктері бұрыннан анықталып көрсетілгендей емес, жоғары, сол себептен бұл жастағы балаларда тек көрнекті және бейнелі ойды ғана емес, абстрактылы ой-өріс қабілеттілікті арттыруға да болады»- деген педагогика мен психология ғалымдарының қорытындысы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет