Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы
ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ 5-тапсырма. Түсініп оқыңыз. Сіздің әрекетіңіз: Ақпараттарды түсініп оқу; Сұхбат берушілерге қандай сұрақтар қойылғанын анықтау; Сұхбат берушілердің жауаптарын негізге алып, өз жауабыңызды жазу; Жаубыңызда үстеу түрлерін қолдану. Серік: . Қазір Қазақстанда девиантты мінез-құлықты адамдар жетерлік. Олармен күн сйын ұшырасып жатамыз. Девианттыққа мән бермеуге болмайды. Себебі елімізде өршіп бара жатқан адам шошырлық қылмыстарға девиантты адамдар барады. Советхан Ғаббасұлы Девианттық мінез-құлықтың түрлеріне қылмыс, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, гомосексуализм, құмар ойындар, психикалық бұзылу, өзіне-өзі қол салу (суицид) жатады-деп автор тизбелей бермей одан арылудың жолдарын алу керек. Мадина: Мұндай мінез бен құлықтар ұлттық санасы оянбаған және азаматтық парасат пен ізгілікті мақсат тұтпайтын халықта қалыптасады. Оның ең әуелгі белгілері - ата-бабасының ғасырлар бойы салып берген дәстүрі мен салтын құрметтемеу, ана тілінен безіну салдарынан өзінің халықтық болымысынан (менталитетінен) айрылу, ешкім зорламай-ақ өзінен-өзі асимилациялану, тым ессіздікпен еліктеушілікке бой алдыру - тәрізді сипаттардан девианттық мінез-құлық қалыптаспақ. Айтолқын: Қоғамымызда девиантты жастардың көбеюі үлкен кеселге апарары хақ. Түрлі діндердің атын жамылып жүрген секталар да девиантты жастардың қаптауына өз үлесін қосып жатыр. Белгісіз қылмыстық топтардың арбауына қазақтың ұл-қыздары түсуде. ТЫҢДАЛЫМ жүктеу/скачать 2.36 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |