Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет40/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

9-тапсырма. «Қазақ жастары неге шетелден білім алуға құштар» тақырыбында студенттер арасында сауалнама жүргізіңіздер.
10.2 «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ


АЙТЫЛЫМ


10-тапсырма. Төмендегі сөздердің анықтамасын айтыңыз.

1. Табысты болу-




2. Мансаптық өсу-




3. Шетелдік жоғары оқу орындары-




4. Санат -




5. Тағылымдамадан өту-




6. Мүдде -




7. Басшылыққа алу -




8. Халықаралық бағдарлама-






ОҚЫЛЫМ -АЙТЫЛЫМ


11-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды кестеге орналастырыңыз.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы – азаматтардың магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуы үшін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде білім алуы, резидентурада оқуы немесе шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен құрылған. «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектердің табысты мансаптық өсуі мен кәсіби өзін-өзі қалыптастыруының өзіндік кепіліне айналды.
2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға барлығы 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура, тағылымдама бағдарламалары бойынша 7 санат бойынша бөлінген. "Ғалымдар"тағылымдамалар санатына 500 стипендия бөлінді.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту бағдарламалары бойынша түсе алады.
Аталған білім бағдарламаларына:

  • тағылымдамадан өтуге мемлекеттік қызметші;

  • тағылымдамадан өтуге инженерлік-техникалық қызметкерлер;

  • академиялық оқуға өз бетімен түскен үміткер;

  • ауылдық елді мекендерден үміткер;

  • орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері тағылымдамадан өтуге;

  • агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері тағылымдамадан өтуге;

  • мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері тағылымдамадан өтуге;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері тағылымдамадан өтуге;

  • тағылымдамадан өтуге медицина қызметкерлері;

  • ғалымдар тағылымдамадан өтуге.

Әр санаттың белгілі бір талаптармен сипатталатынын атап өту керек.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетіндер қажетті құжаттарды «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» «электрондық үкімет» порталы арқылы жібере алады. Ол үшін алдымен талаптарға сәйкес келу, қажетті құжаттарды жинақтау, көрсетілген мерзімде Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру қажет.
3 турдан тұратын конкурстық іріктеуден өту:
1-тур – Кешенді тестілеу;
2-тур – ТСК мүшелерімен дербес әңгімелесу;
3-тур – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы.
Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешімді қабылдағаннан кейін, стипендиат не оған сенімді тұлға стипендия тағайындалған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) Заң қызметі департаментіне жүгініп, Орталықпен оқуды ұйымдастыру туралы шарт, сондай-ақ кепіл шартын жасасуы қажет. Шарттарды мерзімінде жасаспаған жағдайда, стипендиат «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері мәртебесінен айырылады.
Ақпарат дереккөзі: https://egov.kz/cms/kk/articles/obrazov_zarubew





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет