Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы



бет53/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

5-тапсырма. Берілген ақпаратты «етістік+ып/іп,-а,е,й етістік» құрылымды конструкцияны пайдаланып, жазыңыз.
Үлгі: Нәтижесінде ақпараттық қоғам не тек жағымды құбылыс ретінде, не керісінше, адамзат мәдениетіне теріс әсер ететін фактор ретінде қарастырыл+а бастайды /қарастырыл+ып отыр.
Ақпараттық қоғамның қалыптасуы орасан зор пайдасын әкелетін бұлтартпас және қажетті факт. Сонымен қатар, бұл саланың ауқымы, оның даму қарқыны мен онда болып жатқан өзгерістерден қоғамдық сананың белгілі бір артта қалуын көрсетеді. Нәтижесінде ақпараттық қоғам не тек жағымды құбылыс ретінде, не керісінше, адамзат мәдениетіне теріс әсер ететін фактор ретінде қарастырылады. Біз шеткері қалмай, ақпараттық кеңістікке адамның және тұтастай мәдениеттің тартылуымен байланысты болып жатқан дамудың бір ғана аспектісін атауға тырысамыз. «Тарту» сөзін кездейсоқ пайдаланған жоқпыз, өйткені бұл процесс дәстүрлі мәдениетке қатысты жай ғана жаңалық емес, белсенділіктің артуымен, тіпті, мәдениеттің көптеген дәстүрлі элементтеріне қауіптірек дейміз. Философияның міндеті – бұл процестің жалпы мәдениет үшін мүмкін болатын салдарын ұтымды бағалау және болжау.


ОҚЫЛЫМ


6-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сызба бойынша негізгі ақпараттарды кестеге орналастырыңыз.
Қазақстанның ақпараттық кеңістігі және жаһанданудың
өзекті мәселелері
Қазақстанның қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірі оның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы да қазіргі жаһанданудың күрделі жағдайында жүріп жатқанын көрсетеді. Әлем сөзсіз ақпараттық ғасырға еніп жатыр. Ондағы шешуші рөлді өндіріс емес, материалдық игіліктер емес, ақпараттың барлық түрлеріне қол жеткізу мүмкіндігі атқарады.
З.Бжезинскийдің, Д.Беллдің, О.Тоффлердің тұжырымдамасына сәйкес ақпараттық қоғам постиндустриалды қоғамның бір түрі екені белгілі. Осы әлеуметтік дамудағы «кезеңдердің өзгеруін» көре отырып, ақпараттық қоғам тұжырымдамасының апологиттері оның қалыптасуын экономиканың үш белгілі секторы – ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және экономиканың ақпараттық секторының «төртінші» басымдылығымен байланыстырады. Бұл капитал мен еңбек индустриалды қоғамның негізі ретінде өз орнын ақпаратқа беруі керек дегенді білдіреді. Шын мәнінде барлық жерде ақпаратқа және ақпараттық қоғам туралы білімге жол беріп жатыр.
Жаһандық тұрғыда, мемлекеттің егемендігі, ең алдымен, оның өз аумағын қорғауға, экономиканы дамытуға ғана емес, халықтың руханияты мен мәдениетіне қамқорлық жасау дегенді білдіреді. Бірақ дәл солай, бұл міндеттерді орындау жылдан жылға қиындап барады. Өйткені, компьютерлік технологияларды пайдалануға негізделген заманауи ақпараттық технологиялар қоғамымыздың барлық қызмет саласына көбірек еніп келеді. «Компьютерлік революция» бірте-бірте ақпаратты алу мүмкіндіктерін, оны өңдеу және беру тәсілдерін өзгертіп, дәстүрлі формаларды электронды түрге ауыстырып қана қоймайды, сонымен қатар адамның идеологиясын, дүниетанымы мен санасын өзгертеді. Қазақстан әртүрлі мемлекеттердің геосаяси және стратегиялық мүдделерінің тоғысқан жерінде орналасқан. Сондықтан объективті талдау мен түсінуді қажет ететін бірқатар «мәңгілік» мәселелер пайда болады.
Ақпарат дереккөзі: https://articlekz.com/



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет