2.2 БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
ОҚЫЛЫМ
Мәссаған!
Амал жоқ!
Қалайша?
8-тапсырма. Оқыңыз, айтылған ойға сәйкес келетін репликаны таңдаңыз.
Солай ма?
Шындық екен!
Керемет ұстаным!
Енді білетін болдым!!
Шын ба?
Енді қайттік?!
Қуантарлық жағдай!
Негізгі ой
|
Айтылатын реплика
|
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
|
|
Отбасында бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
|
|
Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бір бөлігі.
|
|
Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт.
|
|
Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
|
|
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
|
|
Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік секілді құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |