Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі кәрібаева саягүл елтайқызы


-ша, -ше (жаңаша, балаша, ескіше, әлдекімше)



бет18/68
Дата28.01.2024
өлшемі2.36 Mb.
#490074
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
DOC-20231215-WA0054.

-ша, -ше (жаңаша, балаша, ескіше, әлдекімше)

Әр жұмыс беруші білімі жоғары, мәдениетті, өзіне деген сенімі мықты, азаматтық айқындамасы орнықты, кәсіптік білім деңгейі жоғары, жаңалыққа жаны құмар, тың шешім таба алатын, қазақша, орысша, ағылшынша сөйлей алатын маманды жұмысқа алғысы келеді.


Сіздің мысалыңыз:

лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей (осылай, жастай, күздей)

Жұмыс берушімен сұхбаттасуға жартылай дайындықпен баруға болмайды.


Сіздің мысалыңыз:





ОҚЫЛЫМ-ЖАЗЫЛЫМ


5-тапсырма. Түсініп оқыңыз.


Сіздің әрекетіңіз:

  • Ақпараттарды түсініп оқу;

  • Сұхбат берушілерге қандай сұрақтар қойылғанын анықтау;

  • Сұхбат берушілердің жауаптарын негізге алып, өз жауабыңызды жазу;

  • Жаубыңызда үстеу түрлерін қолдану.


«Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, біліміне, адамгершілік және ұжыммен тез тіл табыса алу, қарым-қатынасқа түсе алу сияқты сапаларға қарайды деп ойлаймын. Ең алдымен, жеке қасиеттерге, одан кейін кәсіби қасиеттерге қарайды» (Сарбиназ, аудармашы, Алматы обл.).
«Тиянақтылық, берілген тапсырманы уақытылы, сапалы орындау, сауаттылықты талап етеді, біліміне де қарайды» (Айман, әкімшілік қызметкері, Алматы қ.).
«Ең алдымен ұжыммен қарым-қатынас жасай алу, сосын адамның өзін-өзі қалыптастыру маңызды. Өзін-өзі қалай қалыптастыруына байланысты қарым-қатынас құрылады. Оқуды бітіріп жұмысқа тұлға болып келмедік қой, соны ескерсек, жұмыс жасай білуің маңызды» (Ардақ, ХБА қызметкері, Алматы қ.).
«Ең маңыздысы жұмысқа жауапкершілікпен қарау және қабілеттілік. Жылдам бейімделген, тез үйренген адамға ары қарай өсуге мүмкіндік болады. Өзіннің білімділігіңе байланысты.» (Айжан, коллекторлық компания қызметкері, Алматы обл.).


«Ия, есептеймін. Себебі, бір істі бастасам, оны аяғына дейін жеткіземін. Орта жолда тастамаймын. Мысалы, қазіргі жұмысым өзімнің ойымнан шықпаса да, ұнамаса да жаупкершілікпен істеймін. Сол себепті, бәсекеге қабілетті шығармын деп ойлаймын» (Айдана, колледж оқытушысы, Алматы обл.).
«Тың идеяларды, жаңа жобаларды өмірге алып келмесем де, өзім үшін, өзімнің қоршаған ортам үшін бәсекеге қабілеттімін деп ойлаймын. Мысалы, оқушыларды түрлі олимпиадаларға дайындау ғылыми ізденісті талап етеді және сол арқылы өзімнің шығармашылығымды шыңдаймын. Мен дайындаған оқушылар жүлделі орындар алып жатыр. Мүмкін осындай жағымды жақтарымды алып қарайтын болсақ, өзімді бәсекеге қабілеттімін деп есептеймін. Мүмкін олай да емес шығар. Өзімнің жұмыс көрсеткішім бойынша керемет қабілетті болмасам да, соған жақынмын деп ойлаймын» (Айгерім, мектеп мұғалімі, Алматы обл.).
«Өзімді бәсекеге қабілеттімін деп есептеймін. Себебі, жұмысты тиянақты орындаймын, өз ісіме жауап бере аламын. Бірақ, шет тілін білмеймін» (Әсел, әкімшілік қызметкері, Алматы обл.).
«Есептеймін. Себебі, жоғары оқу орынды бітіргеннен кейін, сол бітірген мамандығым бойынша жұмыс жасап жатқаным бәсекеге қабілеттілігімді көрсетеді деп ойлаймын» (Өркен, жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының қызметкері, Алматы обл.).
«Ия, бәсекеге қабілеттімін. Өйткені, жаңаша технологиялармен жұмыс жасай аламын. Сабақ өткенде жаңа технологияларды пайдаланамын, оны ұштастырып жүрмін. ... Тек магистратураға биыл түспей қалдым, сол менің кемшілігім болып тұр» (Арайлым, мектеп мұғалімі, Алматы қ.).
«Мен өзіме ондай баға бере алмаймын. Ондай бағаны, тек менің басшыларым немесе мені жақсы танитын адамдар бере алады. Бірақ, бәсекеге қабілетті деп есептеймін» (Малик, ұшқыш, Алматы қ.).
«Бәсекеге қабілеттімін. Себебі, маған тапсырылған тапсырманы толықтай бітіремін, тиянақтымын. Жұмысқа орналасқаннан бері маған әлі ешқандай ескертулер болған жоқ. Дұрыс жұмыс жасаймын деп ойлаймын. Ары қарай да барлық жұмыстарды алып кете алатыныма сенімдімін» (Маржан, статист-маман, Алматы қ.).


ТЫҢДАЛЫМ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет