8-тапсырма. Мәтіндегі ақпаратты негізге алып, «Қазіргі жастар келбеті» тақырыбында дисскусивті эссе жазыңыз.
Ұрпақ ауысқан сайын, заман да жаңарып бара жатқандай әсер қалдырады. Әр ұрпақ өзін барынша заманға сай адам ретінде сезінетіні заңдылық. Техникалық прогрестің арқасында ол өзінен бұрын өмір сүрген адам көрмеген нәрселерді қолданады. Расымен, өткен ғасыр адамдарының қиялында болған іPad-тың бір өзі қандай зор мүмкіндіктер беріп жатыр! Адамдардың ойлары, киім кию әдебі өзгеріп, жаңа ұрпақпен жаңа өмір басталып жатады. Өз заманында ең атақты болған әуендер, сән үлгілері, қарапайым шаш сәні қазір бізге тым қарапайым болып көрінеді емес пе? Анаңыздың не әкеңіздің суреттерін көріп отырып, дәл қазір өзіңіз сол суреттегідей балақты шалбармен көшеге шығар ма едіңіз? Біздің ұрпағымыз да біршама жылдардан кейін, ноутбукті көрген кезде “Неткен қарабайыр техника!” деп айтуы әбден мүмкін! “Виртуалды әлем” пайда болып, кейбіріміз осы әлеммен өмір сүреміз. Күніміздің тым көп бөлігі жұмыста өтеді. Жұмыс үшін жеке өмірді кейде ұмытамыз. Алайда сол жұмыстың тапсырмаларына үлгермей, жанталасып жатамыз. Кез келген техниканың мүмкіндіктерін тиімді қолданып, жоғары технологиядан хабардар болып жүргеніңіз жөн. Заманауи адам болып жатқан маңызды жаңалықтарға құлақ түріп жүруі керек. Кез келген тақырыпты әрі алып кете алатындай ой өрісіңіз, біліміңіз болғаны жөн. Заманауи адам – жоғары білімді, өте мәдениетті, рухани бай және жетістікке жете білетін адам. «Ағаш көркі - жапырақ, адам көркі - шүберек». Гардеробыңызда кез келген жағдайға: жұмысқа, кездесуге, отырысқа, кештерге т.б. арналған киімдердің тұрғаны жөн. «Қазір адамды киіміне қарап бағалайтын заман» деген сөз рас. Сондай-ақ адамның сіз туралы ең бірінші ойы сыртқы келбетіңізге байланысты қалыптасатыны дәлелденген.
Мейіргүл Оңғарова
ТЫҢДАЛЫМ
9-тапсырма. https://www.youtube.com/watch?v=1i1hPQ3PFFQ сілтемесі бойынша «Келешек келбеті» атты жастар туралы деректі фильмді қарап, кестені толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |