Ескертпелер
|
Мұғалім пікірі
|
1
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, формулаларды қолдану көзделді.
|
2
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
|
Бекіту сабағы. Сабақта оқушылар жеке, жұптық, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаландым.
|
3
|
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?Бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
|
Санның логарифмі ұғымын қайталау;
Логарифм қасиеттеріне байланысты есептер шығару; Ондық және натурал логарифмді есептерді шығаруда логарифм қасиеттерін пайдалану;Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс, жалпы жұмыс арқылы жүзеге асты. Пікірталас, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білу.
|
4
|
Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында топтық жарыс түрінде ойын өткіздім. Оқушылар оңай түрде тақырыпты бекіте алды және тәтті сый арқылы қызығушылығы артты.
|
5
|
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
|
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
|
6
|
Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.
|
Оқушыларға сын тұрғысынан ойлау технологияларының элементтерін ізгілендіру педагогикасымен ұштастыра өткізіп, ойын технологиясы арқылы жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгертуге жұмыс жасалды.
|
7
|
Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?
|
Әрбір оқушыларға жеке тапсырма берілді, тақырыпты толық меңгеру үшін үлестірмелі арнайы есептер жазылған карточкалар таратылды.
|
8
|
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
|
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
|
9
|
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
|
Интерактивті тақта, презентация, сергітц сәті үшін ойын қосымшасын және заманауи рефлексия түрін пайдаландым.
|
10
|
Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты?
|
Сабақ барысында оқушылар ұйымшылдыққа, бірге жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдауға тәрбиеленді. Дұрыс психологиялық қарым-қатынас жасай алдым.
|
11
|
Үй тапсырмасын беру
|
Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері өткен тақырып бойынша кітаптағы есептерді шығару тапсырылды.
|
12
|
Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?
|
Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданады.
|
13
|
Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?
|
Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Математикалық ойын және жеке мен топтық тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.
|