№
|
Ескертпелер
|
Мұғалім пікірі
|
1
|
Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?
|
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, есте сақтау көзделді.
|
2
|
Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?
|
Жаңа сабақ. Сабақта оқушылар өткен сабақтарда үйренген логарифмдік функция мен логарифмдік теңдеулер ұғымдарын қолдана отырып, жеке жұмыс (белсенділіктерін арттыру үшін) жасады.
|
3
|
Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?
А) білімділік
Ә) дамытушылық
Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?
|
А) Логарифмдік теңсіздіктердің басқа теңсіздіктерден айырмашылығын біледі және оларды шеше алады.
Ә) Құндылықтарды дарыту жеке жұмыс арқылы жүзеге асты. Оқушылар пікірталас жүргізуге, өз ойын қорыту, пікірін көпшілік алдында дәлелдей білуге үйренді.
Б) Диалог кезінде өз ойын түсіндірумен қатар басқалардың да пікірін тыңдап, құрметтеу, өзара көмек көрсету сияқты әрекеттер жүргізілді.
|
4
|
Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?
|
Оқушылар жеке-жеке жұмыс жасай отырып, өздерінің жұмыстарында туындаған мәселелермен жұмыс жасай алды.
|
5
|
Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?
|
Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.
|
6
|
Жаңа тақырыпты ашуда оқытудың әдіс – тәсілдерінде қандай үйлесім болды? Әдіс – тәсілдерді таңдау себептерін түсіндіру.
|
Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, есептер талданды. Жеке жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгертуге жұмыс жасалды.
|
7
|
Оқушымен жеке жұмыс болды ма? Ол қалай ұйымдастырылды? Неліктен?
|
Әрбір оқушыларға жеке тапсырма берілді, тақырыпты толық меңгеру үшін есептерді тақтаға шығарды. Есеп шығару барысында оқушылар бір-біріне көмек көрсетіп отырды.
|
8
|
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)
|
Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.
|
9
|
Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды? Неліктен?
|
|