Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білімминистрлігі халықаралық Тараз инновациялық институты бекітемін «Жаратылыстану»



бет2/6
Дата13.09.2023
өлшемі51.06 Kb.
#477431
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Бейорганикалық химия 29102023

Пәннің міндеттері: - «Бейорганикалық химия» курсында студенттер периодтық жүйедегі барлық топтардың элементтерін және олардың қосылыстарін қарастыру арқылы қазіргі бейорганикалық химияның даму жолдары мен химиялық технологияның мәні жайында түсініктерін орнықтырады. Бейорганикалық қосылыстардың атомдарының электрондық құрылымы мен химиялық байланысын терең түсіну үшін олардың қасиеттерін, қышқылдық-негіздік әрекеттесу теориялары мен заңдылықтарына сүйене отырып, жай және күрделі заттардың өзара әрекеттесу өнімдерін болжауды, периодтық кестедегі басты және қосымша топшадағы элементтердің және олардың қосылыстарының химиялық әрекеттесу заңдылықтары, бейорганикалық химияның маңызды элементтері мен олардың қосылыстарының алыну және қолдану жолдарын, бейорганикалық заттардың маңызды қосылыстарын алудың әдістері мен тәсілдерін және қолдану саласынқарастыру.


2.Білімді меңгеруіне қойылатын талаптар.


2.1 Студенттер білуі керек: - Атом-молекулалық ілімнің негізі мен химияның негізгі стехиометриялық заңдарын есеп шығаруда қолдана білу, периодтық заңға сүйене отырып, кез келген элемент атомының электрондық конфигурациясын жаза білуі қажет. Студенттер анықтама, оқулық және оқу құралдарын пайдалана білуі қажет.
2.2 Студенттер істей алуы керек: - Периодтық заңды пайдалана отырып, периодтық кесте құрылымдарының арасындағы байланыс себептерін аша білу;
- атомдардағы электрондардың орналасуын сипаттай білу;
-химиялық процесстердің жүруінің негізгі заңдылықтарын білу;
2.3 Студентте дағды қалыптастыру: - Периодтық жүйедегі орналасу орнына байланысты, Паули, Хунд, Клечковский ережелерін пайдалана отырып, кез-келген элементтің электрондық конфигурациясын жаза білу, период бойынша және s-, p-, d-, f-элементтер қатары (жалпы қасиеттері мен айырмашылықтары) бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеруін теориялық түрде сипаттап жазуға үйрену, дағдылану;
-Д.И.Менделеев периодтық кестесіндегі орны бойынша элементтер атомдарының құрылысы мен қасиеттерін, валенттік мүмкіндіктері мен типтік қосылыстарын жүйелі түрде сипаттауды қалыптастыру;
-бейорганикалық химия саласы бойынша әдебиеттермен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет