Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы



бет2/6
Дата01.07.2016
өлшемі479 Kb.
#169702
1   2   3   4   5   6

Қоршаған ортаға әсерiн бағалау

      Химия өнеркәсiбi қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтiретiн көздердiң бiрi болып табылады.


      Қазақстаннық химиялық кәсiпорындарында қоршаған ортаға тигiзетiн зиянды әсерiн төмендету мақсатында бiрқатар табиғатты қорғау шаралары жасалған.
      Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында электрлiк термикалық пештердегi фосфорлық шламды залалсыздандыру жүйесiн енгiзiлуде, бұл - конусты пештерден өндiрiстiк қалдықтардың шығуын болдырмайды. «Ақтөбе хром қосылыстары зауыты» АҚ (Ақтөбе қ.) натрий монхроматының өндiрiсiнде монохромат шламы қайта қолданылады. Бұл технология пайда болуы монохроматты шламның 76% дейiн өндiрiске қайтаруға мүмкiндiк бередi.
      Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардағы қалдықтарды өндiрiске қайта тарту - олардың қатты қалдықтарының кәсiпорнының аумағында жиналуын азайтып, сұйық қалдықтарының — су ресурстарын ластауларын, газ тектес қалдықтардың - әуе бассейнiн ластауын болдырмауға көмектеседi.
      Фосфорит кендерiн флотациялық байытудың нәтижелерi болып - фосфориттi ұсақтар мен байыту қалдықтары табылады.
      Шикi фосфориттi ұсақтар мен кварциттер фосфорлы англомераттар алу үшiн қолданылады, ал олар «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында сары фосфорға айналып өңделедi.
      2009 жылы фосфогипстi пайдалы химиялық өнiмдерге және халық тұтынатын тауарлар түрлерiне айналдыратын бiрқатар фосфогипстi залалсыздандыру технологиялары жасалды.
      А.Б. Бектұров атындағы химия ғылыми зерттеу институтында (бұдан әрi - Институт) химиялық белсендi заттары бар модифицикацияланған фосфогипстi қолданудың жаңа технологиясы жасалып шыққан, ол бойынша модифицирленген фосфогипс шаңтектес қалдықтардың үстiн жабу үшiн химиялық белсендi қосындылармен араластырылып, Ақтау қ. бұрынғы «Қасқар» ЖШС химия комбинатының қалдықтарының айналасын жасылдандыру мақсатымен қолданылған болатын.
      «Қазфосфат» ЖШС қаржылай көмегiмен 2007-2009 жылдары белсендi химиялық қоспалары бар модифицирленген фосфогипстiң сынақтары кең көлемде (100 гектарға жуық) жүргiзiлдi.
      Институт қызметкерлерi көтрельдi «сүттi» тыңайтқышқа айналдыру технологиясын әзiрледi.
      Сонымен қатар, 2009 жылы аталған институтта көтрельдi «сүттен» цианистiк қосындыларды жасаудың жаңа перспективасы ашылды.

2. Күштi және нашар жақтарын талдау, осы сала үшiн мүмкiндiктер мен қауiп-қатерлер

      Республикада химия өнеркәсiбiн дамыту үшiн барлық қажеттi алғышарттар бар. Сонымен қатар, отандық химия өнеркәсiбiнiң дамуына терiс әсер ететiн бiрнеше факторлар бар.



Күштi жақтары

Нашар жақтары

Бай табиғи ресурстар;
Тұрақты макроэкономикалық орта;
Химия өнiмдерiнiң дәстүрлi түрлерiн өндiрудiң қолда бар тәжiрибесi;
Химия кешенiне шетелдiк инвесторларды тарту үшiн елдегi қолайлы саяси жағдай;
Химия ғылымы саласындағы отандық ғылыми мектептердiң болуы;
Химия мамандықтары бойынша кадрлар даярлайтын ЖОО жеткiлiктi саны;

Минералды шикiзаттарды өңдеудiң таяздығы;
Кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаттарының төмен жұмыс бастылығы;
Жабдықтардың табиғи тозу және технологиялардың артта қалғандығының жоғары деңгейi;
Шығарылатын өнiмдердiң тар шеңберлi номенклатурасы;
Қосылған құны жоғары жоғары технологиялық өнiмдердi өндiрудегi жеткiлiксiз үлесi;
Саладағы инновациялық белсендiлiктiң төмен деңгейi;
Iшкi нарықтың жеткiлiксiз сыйымдылығы.
Бiлiктi кадрларды қысқарту және тапшылығы, салаға жастардың болмашы келуi.

Мүмкiндiктер
Жоғары технологиялық, оның iшiнде қосылған құны жоғары өнiмдердiң жаңа түрлерiн ұйымдастыру үшiн химия кешенiнiң қолданыстағы қуаттарын пайдалану мүмкiндiктерi;
сұрыпты шикiзаттар мен қалдықтарды өндiрiске тарту;
Инновациялық перспективтi жобаларды iске асыру, тиiмдiлiгi жоғары отандық және шетелдiк жобаларды ендiру есебiнен химиялық кешеннiң инновациялық дамуы;
Екi iрi әлеуеттi өткiзу нарығына, Ресей мен Қытай жағырапиялық тұрғыдан жақын орналасуы;
Iшкi нарықтың отандық өндiрiстiң iрi токнажды химиялық өнiмдерiмен толу мүмкiндiгi;
Химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында ресурс және энергия үнемдейтiн технологияларды енгiзу;
Салаға мемлекеттiк даму институттарының қаржы ресурстарын тарту және химия өнеркәсiбiндегi жобаларды iске асыру үшiн басқа да қаржылық құрылымдардың қаражаттарын тарту;
Жұмыс iстеп тұрған және жаңа өндiрiстiк кәсiпорындар үшiн технологиялық мамандықтар бойынша мамандар даярлау;

Қауiптер
Жекелеген салалық сегменттердегi экспорттық тауашаларды жоғалтып алу қаупi;
Бiрқатар шетелдерде химиялық өнiмдердi өндiру мен айналымын бақылау саласындағы экологиялық заңнаманың қатаңдауы; Бәсекелестердiң жоғары технологиялық жарақтануы, шығаратын өнiмдерiнiң аса жоғары сапасы, жаңа өткiзу нарықтарын жаулап алу мақсатында жетекшi шетелдiк компаниялардың жолға қойылған маркетингтiк жүйесi; Ғылыми-техникалық саладағы материалдық-техникалық базаның ескiруi;
Химия өнеркәсiбiне кадрлардың қажеттiлiгiн болжаудың ғылыми негiзделген жүйесiнiң болмауы;
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Моральдық тұрғыда ескiрген жабдықтар мен технологиялар (өткен ғасырдың 70-80 жылдары жасалған технологиялар iс жүзiнде барлық қазақстандық кәсiпорындарда қолданылады) қазақстандық кәсiпорындарда минералды және көмiрсутек шикiзатын өңдеудiң тереңдiгi мен жинақтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бермейдi.
      Химия өнiмдерiнiң көп түрлерiнiң импорты 100% -ды құрайды, бұл ретте оны Қазақстан Республикасында өндiрудi ұйымдастыру үшiн iшкi нарық көлемi жеткiлiксiз болып табылады. Химия өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн ұйымдастырудың (синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және т.б.) стратегиялық болашағы жоқ, өйткенi нарықтағы жоғары бәсекеге байланысты халықаралық брендтердi құруға едәуiр инвестиция қажет.
      Iшкi нарық сыйымдылығының жеткiлiксiздiгi, бұл тұтас қазақстандық тұтыну нарығы сыйымдылығының айтарлықтай жоғары болмауымен, және қарастырылатын салалардың өнiмдерiнiң негiзгi тұтынушысы ретiнде өңдеушi өнеркәсiптiң артта қалуымен байланысты. Кеден Одағына (бұдан әрi - КО) қосылу бiр жағынан алғанда әлеуеттi өткiзу нарығын кеңейтедi, ал екiншi жағынан алғанда, Кеден Одағына қатысушы Ресей Федерациясының (бұдан әрi - РФ) өзiнiң қуатты химия өнеркәсiбi бар, және Қазақстан сияқты өңдеушi өнеркәсiптi дамытудың әлемдiк деңгеймен салыстырғанда бiршама төмендiгiмен ерекшеленедi. Өндiрiлген химия өнiмдерiнiң басым бөлiгiн РФ экспорттайды, яғни Қазақстан Республикасы үшiн әлеуеттi бәсекелес болып табылады.
      Экспорт үшiн техникалық және сауда кедергiлерi Қазақстанның осы уақытқа дейiн Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (бұдан әрi - ДСҰ) мүше болмауымен байланысты, осының нәтижесiнде халықаралық саудаға қатысу рейтингi төмен (WEF деректерi бойынша, әлемде 93 орын).
      Қазақстан Республикасының ДСҰ енуi позитивтiлiгiмен қатар отандық химия енеркәсiбiнiң дамуына келеңсiз ықпалын тигiзедi.
      ДСҰ кiргенге дейiн Қазақстаннның саланың қалыптасу кезеңiнде жеңiлдiктi жағдайлар жасауға, ДСҰ кiргеннен кейiн - экспорт үшiн сауда кедергiлерiн алып тастауға мүмкiндiгi болады.
      ДСҰ жарғысына сәйкес, Қазақстан Республикасы осы ұйымға кiргеннен кейiн химия саласын мемлекеттiк қолдау мынадай түрлерде ғана болуы мүмкiн:
      ғылыми-зерттеу және тәжiрбиелiк конструкторлық жұмыстар (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) жүргiзу;
      персоналды оқыту;
      әкiмшiлiк кедергiлердi азайту;
      экспортты маркетинг, кеңес беру, сауда өкiлеттiктерi және т.б. арқылы қолдау;
      еркiн экономикалық аймақтарды дамыту;
      мемлекеттiк сатып алулар.

3. Химия өнеркәсiбiн дамытудың негiзгi проблемалары, үрдiстерi және алғышарттары

      Өндiрiс орындарының ескiру деңгейi жоғары (43-80) және олардың жаңартылу деңгейiнiң төмендiгi (2%);


      iшкi нарықтың сұранысының төмендiгi;
      отандық химия өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлетсiздiгi және өнiм түрлерiнiң аздығы;
      саланың үдемелi белсендiк деңгейiнiң төмендiгi;
      химия өнеркәсiбi салаларына технология трансфертiн тартудың қалыптасқан жүйесiнiң болмауы;
      өнеркәсiптi дамыту үшiн өндiрiс орындарының өз қаражатының жетiспеушiлiгi;
      жаңа және iстеп тұрған өндiрiс орындарына қажет мамандарға деген сұранысты анықтаудың ғылыми негiзделген жүйесiнiң болмауы;
      жоғары көлiк шығындары;
      отандық химия өнiмдердiң әлемдiк нарықтағы танылу деңгейiнiң төмендiгi;
      химиялық өнiмдердi өндiру мен айналымы жайлы технологиялық реттеу нормативтi базаның аздығы.
      Қазақстан Республикасында өндiруi едәуiр бәсекеге қабiлеттiлiкке ие өнiм түрлерiн анықтау
      2009 жылы жүргiзiлген маркетингтiк зерттеулерге сәйкес, Қазақстан Республикасы жағдайында таяудағы бес жылда химия өнiмдерiн өндiру төмендегi бағыттар бойынша барынша тиiмдi болып қалады:
      1) Бейорганикалық химия өнiмдерiн өндiрудi дамыту:
      Тыңайтқыштар:
      фосфорлы тыңайтқыштар;
      азотты тыңайтқыштар;
      калийлi тыңайтқыштар;
      азотты-фосфорлы, кешендi тыңайтқыштар;
      Күкiрт қышқылы;
      Хлор - сiлтiлi өнiмдер:
      каустикалық сода;
      хлор;
      тұз қышқылы;
      натрий гипохлоритi;
      Хром қосындылары;
      Кальциленген сода.
      Минералды тыңайтқыштар
      Азотты, калийлi және фосфорлы тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру үшiн қолданылады. Азотты тыңайтқыштар табиғи және iлеспе газдар негiзiнде, азот қышқылын бөлiп алу арқылы өндiрiледi. Фосфатты тыңайтқыштар күкiрт қышқылын бөлiп алу арқылы фосфорит негiзiнде өндiрiледi. Калийлi тыңайтқыштар калий негiзiнде дайындалады. Қазiргi кезде өсiмдiктерге пайдалы заттардың барлық түрi қажет болғандықтан, құрамында барлық негiзгi үш компонентi және қажеттi микроэлементтерi бар кешендi тыңайтқыштарды қолдану үрдiсi байқалады.
      Минералды тыңайтқыштар қолдану көлемiн арттыру үшiн мемлекет тарапынан отандық ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлерге жәрдем беру бағдарламасы жасалынды, ол өз кезегiнде ойдағыдай iске асып, жыл сайын артып келедi. Мысалы, 2010 жылы 1 тонна тыңайтқыш бағасына жәрдем көлемi 2009 жылдағы 40%-дың орнына 50% -ды құрады. Аталған мемлекеттiк бағдарлама өз оң нәтижелерiн беруде. Тек 2009 жылдың өзiнде ауылшаруашылық өнiм өндiрушiлер сатып алған минералды тыңайтқыштар көлемi 2 есеге артып, 450 мың тоннаны құрады.
      Фосфорлы тыңайтқыштар
      Қазақстан Республикасында Жамбыл және iшiнара Оңтүстiк Қазақстан облыстарында орналасқан, негiзiнен Қаратау бассейнiнiң жер қойнауында шоғырланған фосфорит кенiнiң орасан зор қоры бар.
      Бұл жерде кен бойынша 5,0 млрд. тонна және бестотықты фосфордың (Р205) 1,2 млрд. тоннаға жуық мөлшерде теңгерiмдiк қоры есепке алынған 50 фосфорит кенорны анықталды.
      Қазақстан Республикасында құрамында фосфор бар қосындылардың негiзгi өндiрушiсi «Қазфосфат» ЖШС болып табылады. Компания қызметi фосфорит кендерiн геологиялық барлау, өндiру және қайта өңдеу жұмыстарын жүргiзуге, сары фосфор мен оның қосалқыларын, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен жемдiк фосфаттар өндiру мен сатуға, минералдық шикiзаттар негiзiнде өнеркәсiптiк өнiм шығаруға шоғырланған.
      «Казфосфат» ЖШС өнiмдерi Шығыс және Батыс Еуропа, Тәуелсiз мемлекеттер достастығы (бұдан әрi - ТМД), Қытай нарықтарына, сондай-ақ iшкi нарыққа жеткiзiледi.

Құрамында фосфоры бар қосындылардың өндiрiсi, экспорты, импорты, мың тонна.

Атауы

Экспорт

Импорт

Өндiрiс

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Ортофосфор қышқылы (фосфор) және полифосфор қышқылы

7,7

5,7

0,2

0,4

79,0

43,9

Фосфорлық тыңайтқыштар

-

-

10,9

8,1

59,3

45,1

      Қазiргi кезде ТМД аумағында термикалық фосфор қышқылы тек қана Қазақстанда өндiрiлуде, ТМД басқа елдерiнде термикалық фосфор қышқылының өндiрiсi экстаркциялық әдiспен жүзеге асырылады.
      Табиғи фосфаттар суперфосфат, аммофос секiлдi минералдық тыңайтқыштарды өндiруде қолданылады.
      Қазiргi таңда «Қазфосфат» ЖШС 2 млн. тоннаға дейiн құрамы 30% Р2О5 кем емес тауарлық жоғарғы сапалы фосфориттi концентрат алатын кен байыту фабрикасын (бұдан әрi - КБФ) «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ - мен бiрлесiп қайта қалпына келтiрудi жоспарлауда. 1990 жылдың басында тоқтатып қойған Қаратаудағы «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңатас кен орнының суспензионды және ұнтақтағыш-үгiту фабрикасының өнеркәсiптiк алаңы жобаны iске асыру алаңы болып табылады.
      «Қазфосфат» ЖШС КБФ базасында минералды тыңайтқыштар өндiруге қажет, қуаттылығы 650 мың тонна күкiрт қышқылын өндiретiн цех салу жоспарлануда.
      Өнеркәсiптiк алаңға қажеттi жер телiмдерi иеленушi- «Қазфосфат» ЖШС-не бекiтiлген, ол жерде темiржол және автомобиль жолдары; электр, су, жылу және басқа да қажеттi инженерлiк коммуникациялар бар.
      «Қазфосфат» ЖШС филиалдарында жобаларды iске асыруға қажеттi тиiстi мамандандандырылған негiзгi техникалық қызметшiлер бар. Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттiк университетi, М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi, Тараз мемлекеттiк университетi, Жаңатас көпбейiндi колледжi, № 2 және № 5 кәсiптiк лицейлерiмен жобаны iске асырған кезде қажет болатын мамандарды дайындайтын келiсiмге отырды.
      Азотты тыңайтқыштар
      Қазақстан Республикасында табиғи және iлеспе газдың iрi кен орындары бар, олар азот пен одан әрi қарай азоттық тыңайтқыштар алу үшiн шикiзат болып табылады.
      Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсiбi үшiн табиғи газдың (метан) болуы құрамында азот бар тыңайтқыштарды өндiрудiң кез-келген жобаларының базисi болып табылады. Негiзгi ресурстар Қарашығанақ, Теңiз және Қашаған iрi кен орындары болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгi деректерi бойынша, мемлекеттi азық-түлiк қауiпсiздiгiмен қамтамасыз ету үшiн, топырақ құнарлығы мен топырақ қоректендiргiш қорды сақтауға егiстiк жерлердiң азотты минералды тыңайтқыштарға деген қажеттiлiгi жылына 1530 мың тоннаны құрайды.
      Қазақстанда азоттық тыңайтқыштардың негiзгi өндiрушiсi «ҚазАзот» ЖШС болып табылады. Аталған компанияның шығаратын өнiмдерiнiң номенклатурасында: синтетикалық сұйық аммиак, әлсiз азот қышқылы, аммиакты селитрасы өнiмдерi бар. Өнеркәсiптiң қазiргi өнiмдiлiк қуаттылығы айына тек 17 мың тонна аммиакты селитра шығара алады. Негiзгi қордың моральды ескiрiп тозуынан табиғи газдың шығыны америкалық және батыс европалық кәсiпорындарымен бiр өнiмге есептеп салыстырғанда 30—40% жоғары. Екi жыл бұрын мәлiм етiлген жаңа кешен құрылысы және жұмыс iстеп тұрған кешендi қалпына келтiру жұмыстары әлi басталған жоқ.
      Төменгi кестеде Қазақстан Республикасында азотты тыңайтқыштар өндiру және қолданудың жалпы мәлiметтерi келтiрiлген (мың тонна).

 
 


2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Өндiрiс

54,1

221,8

204,8

205,4

Импорт

250,5

246,4

246,7

207,7

Iшкi қолданыс

250,7

284,5

291,3

330,1

Экспорт

37,6

198,2

155,5

83,1

      Аммиакты пайдаланудың негiзгi бағыты басым азоттық (карбамид, нитрат және аммоний сульфаты) және фосфатты (аммофоса, диаммофос) - минералды тыңайтқыштар өндiрiсi болып табылады. Республикада өндiрiлетiн техникалық сұйық аммиактың бiраз бөлiгi азотты минералды тыңайтқыштарға өңделедi.
      Азот қышқылы көптеген құрамында азот бар заттарды алу үшiн бастапқы өнiмдердiң бiрi болып табылады.
      Республикамызда азот қышқылының өндiрiсi тек «ҚазАзот» ЖШС-де ғана шоғырланған, олар оны өздерiнiң мұқтаждықтары үшiн өндiредi.
      Қазақстан Республикасында қазiргi кезде түйiршiктелген карбамид өндiрiлмейдi.
      2014 жылға дейiн Маңғыстау облысында «Каспий Азот» ЖШС Аммиакты-карбамидтi кешеннiң (бұдан әрi - АКК) қүрылысы жоспарлануда. Жоба қуаттылығы - 850 мың тонна түйiршiктелген карбамид және 527 мың тонна аммиак, оның iшiнде 476 мың тонна аммиак түйiшiктелген карбамид өндiрiсiне шикiзат ретiнде, 51 мың тонна тауарлы аммиак сатуға жiберiледi.
      Минералды тыңайтқыштардың басқа түрiмен салыстырғанда карбамид нығыздалмайды, 100% сусымалы, ылғал жұтпайтын қасиетке ие.
      АКК орналасу орнын таңдау өнеркәсiпке шикiзаттың негiзгi екi түрiн жеткiзу мүмкiндiгiмен негiзделген - табиғи газ құбырын тарту және көл суын жеткiзу жүйесi құбырын салу, сондай-ақ, табиғи темiржол және автомобильдi жолдарды тарту ыңғайлылығы.
      «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағына қатысушы ретiнде алынған рұқсат салық және кедендiк жеңiлдiктер, арнайы артықшылықтар бередi.
      Калийлi тыңайтқыштар
      Калий түздары хлорлы және сульфатты калийлi тыңайтқыштарды өндiруге қажеттi маңызды шикiзат болып табылады.
      Қазақстан Республикасының калий тұздарының мемлекеттiк теңгерiмiмен төрт кен орны есепке алынған: Ақтөбе облысысында орналасқан Жылан, Атырау облысында орналасқан Iндер және № 99 кен орындары, Батыс Қазақстан облысында - Сәтiмола кен орны.
      Қазiргi уақытта, Қазақстанда калийлi тыңайтқыштар өндiрiсi жоқ. Бiрақ, тыңайтқыштың осы түрiне деген сұраныстардың көпшiлiгiн ескере отырып, шағын кәсiпорындар Беларусь Республикасынан (бұдан әрi - БР) әкелiнетiн селвиниттi көлемi 500 тонна калийлiк тыңайтқыштарға дейiн қайта өңдеумен айналысатын азынаулақ өндiрiстi жақсартты.
      Калийлi тыңайтқыштарға деген сұраныс iшкi нарықтарда да, әлемдiк нарықта да жыл сайын өсiп келедi; осыған байланысты калийлi, сондай-ақ оның негiзiнде кешендi тыңайтқыштар өндiрiсi үлкен қызығушылық тудырады.
      «Батыс Калий» АҚ «Батыс» ӘКҚ» ҰК» АҚ-мен бiрлесiп, геологиялық барлау жұмыстарының жобасын жасау үшiн қажеттi, кен орнын ары қарай барлауға геофизикалық жұмыстар жүргiзу жоспарлауда. («Жилянск» және «Челкар» калийлi тұздар кен орындары жер қойнауын қолдану қүқығы)
      Ақтөбе облысы, Ақтөбе ауданында орналасқан Жилянск кен орнында геолого-түсiру, барлау және iздеу жұмыстары жүргiзiлдi.
      Батыс Қазақстан облысындағы Челкар кен орны аз зерттелiнген. Жилянск кен орнындағы калийлi тұздың жобаланған қоры 500-600 млн. тонна шикi кен деп бағаланады.
      Келтiрiлген геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу қазақстандық  және тау-кен өндiрiсi саласында беделi бар ЕRCОSРLАN консалтингтiк компанияларын тарту арқылы жүргiзу жоспарланған.
      2010-2011 жылдарға геологиялық барлауды аяқтаудың физикалық көлем жұмыстары қарастырылған, ол аяқталғаннан кейiн «Жилянск» және «Челкар» кен орны құрылымын игерудiң мақсатқа сәйкестiлiгiнiң ТЭН жасалатын болады.
       Аммофос (моноаммонийфосфат, диаммонийфосфат), кешендi тыңайткыштар
      Моноаммонийфосфат (бұдан әрi - МАФ) және диаммонийфосфат (бұдан әрi - ДАФ) аммиак және фосфор қышқылынан өндiрiледi.
      Қазақстан Республикасында «Қазфосфат» ЖШС аммофос өндiретiн жалғыз кәсiпорын болып табылады. Зауыт қуаттылығы - жылына 360 мың тонна.
      Елiмiзде фосфорлы тыңайтқыштарға деген сұранысты құрамында 44%-дан 48%-ға дейiн Р205 бар қос суперфосфат қанағаттандырады. Ол ұнтақталған және ұнтақталмаған күйде шығарылды, сондай-ақ қоспалардағы тыңайтқыш ретiнде қолданылады (калийлi және азотты тыңайтқыштармен).
      Iшкi нарықтың аммофосқа деген сұранысы және қажеттi шикiзаттың болуы МАФ, ДАФ шығаратын iрi жобаларды iске асыруға түрткi болды.
      Ақтөбе фосфориттi бассейнiнде құрамында 7-12 % Р205 бар (900 млн. тонна) фосфориттер 10 млрд тоннаға дейiн фосфориттер шоғырланған, оның iшiнде аммофосты өнеркәсiптiк игеруге дайындалғаны (Шилiсай кен орны) - 1160 млн тонна руда немесе 110,37 млн тонна Р205.
      Осы кезеңде Шилiсай кен орнында «Сұңқар Ресурсы» ЖШС қуаттылығы 880 мың тонна МАФ, ДАФ өндiретiн зауыт құрылысын ұйымдастырудың жобалау жұмыстары жүргiзiлуде. Жоба Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында iске асатын болады.
      Қосымша инвестициялар қолдағы инфрақұрылымдарды жақсартуға қажет.
      Оңтүстiк Қазақстан облысындағы Созақ ауданында орналасқан Қаратау бассейнiндегi Үшбас және Герес кен орындарын игеру аммофос өндiру үшiн тиiмдi болып табылады. Кеннiң негiзгi бөлiгiн ашық әдiспен алу мүмкiндiгi жобаның таулы бөлiгiне кететiн шығындарды азайтып, осы кен орнының негiзгi артықшылығын көрсетедi. Жоба қуаттылығы 1 млн. тоннаға дейiн.
      «Минералды-Химиялық Компания «Еврохим» ААҚ (бұдан әрi - «Еврохим» МХК» ААҚ) 2016 жылға дейiн Жамбыл облысындағы Гиммельфарбск және Көк-Жон (Аралтөбе және Кесiктөбе учаскелерi) фосфор кен орындарын игеру үшiн 300 млрд теңге жұмсау жоспарлауда. Атап айтқанда, жылына 5-6 миллион тонн фосфориттi кен алатын бiр жер асты және екi ашық кенорнын салу және және жалпы көлемi жылына 1,4 млрд тонна МАФ/ДАФ, азотты және кешендi минералды тыңайтқыштар шығаратын өңдеушi химиялық кешен салу.
      Гиммельфарбск және Көк-Жон фосфорит кенорындарын игеру кезiнде жобаланған өндiрiс орындарының жанында мамандарды орналастыруға қажеттi бос үйлер мен әлеуметтiк бағыттағы нысандардың болуы да оң әсер етедi. (кен орындары Жамбыл облысындағы Жаңатас кеншiлер қаласының жанында орналасқан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет