Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата23.11.2022
өлшемі371.2 Kb.
#465610
1   2   3   4   5
Парасаттылық сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлық ұғымы



Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың кӛмегімен
адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен ӛздерін сезінеді.
Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана
болып бӛлінеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас
жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін
ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, кӛзқарастар мен
эмоциялардың жиынтығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және
адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары мораль-
дық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық-
қа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін
иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке
қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мәдениет: мазмұны, рөлі мен 
функциялары



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі уәкілетті
орган;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ӛзге де субъектілері:
мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық
бірлестіктер, сондай-ақ ӛзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) -
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын
кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жӛніндегі мемлекеттік орган болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет