«Сыбайлас жемқорлық» сӛзі (латын тілінен «corumper») кӛптеген
мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан
тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау,
алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» кӛп мағыналы (бұзу, қирату,
заңнан аттап ӛту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со»
қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің
қатысуымен іс-қимыл жасау екенін кӛрсетеді.
Бұдан ӛзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру»
дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе ӛзге де
материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим
құқығында «corrumpire» сӛзі «сындыру, бүлдіру, бұзу,
зақымдау,
алдау,
бұрмалау,
параға
сатып
алу», сондай-ақ «құлдырау,
бұзылғандық,
нашар
жағдай,
(пікір
немесе
кӛзқарастың)
құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған заңының 1-бабына
сәйкес, сыбайлас жемқорлық ұғымына мынадай анықтама беріледі:
Сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын
адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген
адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген
адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың ӛздерінің
лауазымдық
(қызметтік)
ӛкiлеттiктерін
және
соған
байланысты
мүмкiндiктерiн жеке ӛзi немесе делдалдар арқылы жеке ӛзіне не үшінші
тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу
немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен
артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Достарыңызбен бөлісу: