Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың кӛмегімен
адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен ӛздерін сезінеді.
Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана
болып бӛлінеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас
жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін
ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, кӛзқарастар мен
эмоциялардың жиынтығы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және
адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілеті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет адамның жоғары мораль-
дық, құқықтық, саяси және басқа мәдениеттер негізінде сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін білдіреді. Сыбайлас жемқорлық-
қа қарсы мәдениет қазіргі уақытта шынайы қажетті құбылыс мәртебесін
иеленеді, оны әлеуметтендіру процесінде қоғамның барлық әрекетке
қабілетті мүшелері игеруі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет: мазмұны, рөлі мен
функциялары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жӛніндегі уәкілетті
орган;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ӛзге де субъектілері:
мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, қоғамдық
бірлестіктер, сондай-ақ ӛзге де жеке және заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) -
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және
есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын
кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл жӛніндегі мемлекеттік орган болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: