Қазақстан республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 2011. 11. 01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет8/35
Дата16.06.2016
өлшемі2.3 Mb.
#139603
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35

97-бап. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн қылмыстық

iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету

1. Қорғаушы, сондай-ақ жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi мына мән-жайлардың кез-келгенi болған кезде:

1) егер ол бұрын iске судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, сот отырысының хатшысы, сот приставы, куә, сарапшы, маман, аудармашы немесе куәгер ретiнде қатысса;

2) егер ол осы iстi тергеуге немесе соттың қарауына қатысқан немесе қатысатын лауазымды адаммен туыстық қатынаста болса;

3) егер ол қорғалушымен немесе сенiм бiлдiрушiмен қарама-қарсы мүдделерi бар адамға заңгерлiк көмек көрсетiп жүрсе немесе бұрын көмек көрсеткен болса, сонымен бiрге мұндай адамдармен туыстық қатынаста болса;

4) егер заңның күшiмен немесе соттың шешiмiмен қорғаушы немесе өкiл болуға оның құқығы жоқ болса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.

2. Қорғаушыны, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң немесе азаматтық жауапкердiң өкiлiн iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттету туралы мәселенi сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде - прокурор, ал сотта іс жүргізу кезінде істі қарайтын сот шешеді.

12-тарау. Қылмыстық процеске қатысушы

адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.07.04. № 149-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 98-бап өзгертілді

98-бап. Судьялардың, алқабилердің, прокурорлардың, тергеушiлердiң, анықтаушылардың, қорғаушылардың, сарапшылардың, мамандардың, сот отырысы хатшы­ларының, сот приставтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету

1. Судья, алқаби, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, сарапшы, маман, сот отырысы хатшысы, сот приставы, сонымен бiрге олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстары мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға мемлекет заңда көзделген тәртiппен сотта қылмыстық iстердi немесе материалдарды қарауға, анықтау немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты олардың өмiрiне қауiп төнуден немесе өзге де күш қолданудан қауiпсiздендiру шараларын қолдануды қамтамасыз етедi.

99-бап. Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шараларын қолдану мiндетi

1. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган, егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге байланысты оларға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңда тыйым салынған өзге де әрекеттi жасаудың нақты қаупi болса, жәбiрленушiнiң, куәнiң, айыпталушының, қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының қауiпсiздiгi шараларын қолдануға мiндеттi.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган олардың ауызша (жазбаша) мәлiмдемесiнiң негiзiнде немесе өз бастамашылығы бойынша осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдардың қауiпсiздiгi шараларын қолданып, ол туралы тиiстi қаулы шығарады.

3. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының өздерiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы мәлiмдемелерiн қылмыстық процестi жүргiзушi орган оларды алған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қарайды. Мәлiмдеушiге тиiстi қаулының көшiрмесiн жiбере отырып, оған қабылданған шешiм туралы дереу хабарланады.

4. Мәлiмдеушi өзiнiң қауiпсiздiгi шараларын қолдану туралы өтiнiшiн қанағаттандырудан бас тартылғанына прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

5. Қауiпсiздiк шараларын қолданудан бас тарту, егер бұрын берiлген өтiнiштен көрiнiсiн таппаған мән-жайлар туындаса, көрсетiлген шараларды қолдану туралы қайта өтiнiш жасауға кедергi келтiрiлмейдi.

2009.07.04. № 149-IV ҚР Заңымен 100-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



100-бап. Жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық процеске қатысушы басқа да адамдардың қауiпсiздiгi шаралары

1. Куәлардың, сезiктiлердiң, айыпталушылардың және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының iс жүргiзу қауiпсiздiгiнiң шаралары ретiнде:

1) қылмыстық процестi жүргiзушi органның күш қолдану немесе қылмыстық заңда тыйым салынған басқа да әрекеттер қаупi шыққан адамға оны мүмкiн болатын қылмыстық жауапқа тарту туралы ресми ескерту жасауы;

2) қорғалатын адам туралы мәлiметтер алуға шек қою;

3) оның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

4) айыпталушыға (сезiктiге) қатысты қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты күш қолдану (қолдануды ұйымдастыру) немесе өзге де қылмысты әрекеттер жасау (жасауды ұйымдастыру) мүмкiндiгiн жоққа шығаратын бұлтартпау шараларын таңдау қолданылады.

2. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган енгiзген ескерту адамға қолы қойғызылып хабарланады.

3. Қорғалатын адам туралы мәлiмет алуға шек қою қылмыстық iстiң материалдарынан адамның анкеталық деректерi туралы мәлiметтердi алып, оны негiзгi iс жүргiзуден бөлек сақтаудан, бұл адамдардың бүркеншiк ат пайдалануынан тұрады. Негiзгi iс жүргiзуден оқшауландырылған материалдармен танысу үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органға ғана рұқсат етiледi. Процеске басқа қатысушылар онымен осы мәлiметтердi жарияламау туралы қолхат бере отырып қылмыстық процестi жүргiзушi органның рұқсатымен ғана таныса алады. Қорғалатын адамның қатысуымен iс жүргiзу әрекеттерi қажет жағдайларда оны тануды болдырмайтын жағдайларда жүргiзiледi.

4. Куәгерлердiң, сезiктiлердiң, айыпталушылардың, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы басқа да азаматтардың және олардың жақындарының жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбi заңмен айқындалады.

5. Қауiпсiздiк шараларын қолданғанына қарамастан, қылмыстық iзге түсу органы бұған негiздер болған жағдайда жәбiрленушiге, куәға, айыпталушыға, қылмыстық iстi жүргiзуге қатысушы басқа да адамдарға қатысты қылмыстық заңда тыйым салынған әрекеттер жасау қаупi анықталуына байланысты қылмыстық iс қозғауға мiндеттi.

6. Қауiпсiздiк шаралары оны қолданудың қажеттiгi болмағанда қылмыстық процестi жүргiзушi органның дәлелдi қаулысымен тоқтатылады. Қорғалатын адамға оның қауiпсiздiгi шараларының тоқтатылғандығы немесе ол туралы деректердiң iс бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға ашылғандығы туралы дереу хабарлануы тиiс. Қылмыстық процесті жүргізуші органның қауіпсіздік шараларын тоқтату туралы шешіміне қорғалатын адамның сотқа немесе прокурорға шағым беруі шағым жасалған ше­шімнің атқарылуын тоқтата тұрады.

 

101-бап. Сот талқылауына қатысушы адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету



1. Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн төрағалық етушi соттың жабық отырысын өткiзедi, сондай-ақ осы Кодекстiң 100-бабының бiрiншi, екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген шараларды қолданады.

2. Сот куәнiң, айыптау тарабының өтiнiшi бойынша, сондай-ақ куәнiң және оның жақындарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында өз бастамашылығы бойынша куәдан:

1) бүркеншiк атты пайдалана отырып оның жеке басы туралы деректердi жарияламастан;

2009.17.07. № 187-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редацияда (бұр.ред.қара)

2) қалған қатысушылардың оны дауысы және сыртқы белгілері: акценті, жынысы, ұлты, жасы, бойы, дене бітімі, мүсіні, жүрісі бойынша тануы мүмкін болмайтын жағдайларда;

3) оны сот талқылауына басқа қатысушылардың көзiне көрсетпей жауап алу туралы қаулы шығаруға құқылы.

2009.11.12. № 230-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Төрағалық етуші:

1) бейне, дыбыс жазуды жүргізуге және жауап алуды түсіріп алудың өзге де әдістерін жүргізуге тыйым салуға;

2) адвокатты қоспағанда, сот отырысы залынан сотталушыны, қорғау тарапының өкілдерін шығарып жіберуге құқылы.

4. Сот процеске қатысушылардың бiреуi болмағанда немесе олардың көзбен көрiп отыруынан тыс жауап алынған куәнiң көрсетуiн сотта төрағалық етушi ол куә туралы мәлiметтi көрсетпестен оған барлық қатысушылар қатысып отырғанда хабарлайды.

5. Қажет болған жағдайларда сот процеске қатысушылардың және заңда көзделген өзге де адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде басқа да шаралар қолданады.

6. Сот талқылауына қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы соттың қаулысын атқару қылмыстық iзге түсу органдарына, сондай-ақ сот приставына жүктеледi.

13-тарау. Өтініш жасау. Қылмыстық іс бойынша

іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік

органдар мен лауазымды адамдардың

әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану

102-бап. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтiнiштерiн қараудың мiндеттiлiгi

1. Қылмыстық процеске қатысушылар анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға, сотқа iс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау, өтiнiш жасап барған адамның немесе оларды ұсынған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн iс жүргiзу iс-әрекеттерiн жүргiзу немесе iс жүргiзу шешiмдерiн қабылдау туралы өтiнiштермен бара алады.

2. Өтiнiш процестiң кез келген сатысында мәлiмделуi мүмкiн. Өтiнiш бiлдiрген адам қандай мән-жайды анықтау үшiн iс-әрекет жүргiзудi немесе шешiм қабылдауды сұрайтындығын көрсетуi тиiс. Жазбаша өтiнiштер iске тiгiледi, ауызша өтiнiштер тергеу iс-әрекетiнiң немесе сот отырысының хаттамасына кiргiзiледi.

3. Өтiнiштiң қабылданбағандығы оны қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң келесi кезеңдерiнде қайталап беруге немесе қылмыстық процестi жүргiзушi басқа органға беруге кедергi келтiрмейдi.

4. Өтiнiш ол мәлiмделгеннен кейiн қарауға және тiкелей шешуге жатады. Өтiнiш бойынша шешiмдi дереу қабылдау мүмкiн болмаған жағдайларда ол мәлiмделген күннен бастап үш тәулiктен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс.

5. Егер ол iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге, процеске қатысушылардың немесе басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болса, өтiнiш қанағаттандырылуы тиiс. Өзге жағдайларда өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартылуы мүмкiн.

6. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тарту туралы дәлелдi қаулы шығарып, ол өтiнiш жасаған адамға жеткiзiледi. Өтiнiш жөнiндегi шешiмге осы Кодексте белгiленген шағым берудiң және оны қараудың жалпы ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.

103-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын органдар мен лауазымды адамдардың шешiмдерi мен әрекеттерiне шағымдану

1. Егер жүргiзiлген iс жүргiзу әрекетi өздерiнiң мүдделерiн қозғайтын болса, процеске қатысушылар, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдар осы Кодексте белгiленген тәртiппен анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, соттың немесе судьяның шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне шағымдануы мүмкiн.

2. Шағымдар шағымдарды қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға заңмен уәкiлдiк берiлген, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу үшiн жауапты сол мемлекеттiк органға немесе сол лауазымды адамға берiледi.

3. Шағымдар ауызша және жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар оны жасаушы мен шағымды қабылдап алушы лауазымды адам қол қоятын хаттамаға кiргiзiледi. Тиiстi лауазымды адамдардың қабылдауында азаматтар ауызша айтқан шағымдар жазбаша түрде ұсынылған шағымдармен ортақ негiзде шешiледi. Шағымға қосымша материалдар қоса тiркелуi мүмкiн.

4. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмейтiн адамға шағымды ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде беру құқығы қамтамасыз етiледi.

5. Шағым берген адам оны қайтарып алуға құқылы. Сезiктi мен айыпталушы қорғаушының шағымын қайтарып алуға құқылы; азаматтық талапкер, жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық жауапкер, заңды өкiлдi қоспағанда, өзiнiң өкiлiнiң шағымын қайтарып алуға құқылы. Сезiктiнiң немесе айыпталушының мүдделерiн көздеп берiлген шағым тек олардың келiсiмiмен ғана қайтарылып алынуы мүмкiн. Шағымды қайтарып алу, осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 105-бабында көрсетiлген мерзiмдер аяқталғанға дейiн оны қайтадан беруге кедергi келтiрмейдi.

104-бап. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың шағым жолдау тәртiбi

1. Алдын ала қамауға алу орындарының әкiмшiлiгi қылмыстық процестi жүргiзушi органға қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған немесе бұлтартпау шарасы ретiнде тұтқында отырған адамдардың оған жолданған шағымдарын дереу беруге мiндеттi.

2. Ұсталған немесе тұтқында отырған адамдардың анықтаушының, анықтау органы бастығының, тергеушiнiң iс-әрекетiне немесе шешiмдерiне шағымдарын қамауда ұстау орындарының әкiмшiлiгi дереу iстi тергеудi қадағалаушы прокурорға, ал прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiмен шағымдарды - жоғары тұрған прокурорға беруге мiндеттi. Өзге шағымдарды қамауда ұстау орындарының әкiмшiлiгi ол келiп түскен кезден бастап бiр тәулiктен кешiктiрмей iстi жүргiзушi адамға немесе органға бередi.

105-бап. Шағымдарды берудiң мерзiмдерi

Анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, прокурордың, судьяның немесе соттың iс-әрекеттерi мен шешiмiне шағымдар барлық анықтау iсi, алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргiзу барысында берiле алады. Қылмыстық iстi қозғаудан бас тарту және қылмыстық iстi тоқтату туралы шешiмдерге, бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы соттар шығарған үкiмдерге шағымдар осы Кодексте белгiленген мерзiмдерде берiледi.

106-бап. Шағым берiлуiне байланысты шешiмнiң

атқарылуын тоқтата тұру

Осы Кодексте көзделген жағдайларда шағым беру шағымданылған шешiмнiң атқарылуын тоқтата тұрады. Өзге жағдайларда шағым түсiру, егер шағымды қараушы адам мұны қажет деп тапса, шағымданылған шешiмнiң атқарылуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкiн.

107-бап. Шағымдарды қараудың жалпы тәртiбi

1. Шағымдарды қарауды iс-әрекетiне шағым жасалған анықтаушыға, тергеушiге, прокурорға немесе судьяға, сондай-ақ шағым жасалған шешiмдi бекiткен лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынады.

2. Шағымды қарағанда прокурор немесе судья онда жазылған дәлелдердi жан-жақты тексеруге, қажет болған жағдайда қосымша материалдарды талап етуге, тиiстi лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан шағымданылған iс-әрекеттер мен шешiмдерге қатысты түсiнiктеме алуға мiндеттi.

3. Шағымды қараушы прокурор немесе судья өз өкiлеттiктерi шегiнде қылмыстық процеске қатысушылардың, сондай-ақ өзге де азаматтардың немесе ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiруге дереу шаралар қолдануға мiндеттi.

4. Егер шағымданылған заңсыз iс-әрекеттермен немесе шешiмдермен азаматқа моральдық, дене немесе мүлiктiк зиян келтiрiлсе, оған осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген зиянды өтеуге немесе жоюға арналған құқығы мен бұл құқықты жүзеге асырудың тәртiбi түсiндiрiлуi тиiс.

ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара) 108-бап өзгертілді

108-бап. Анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, прокурордың іс-әрекеті мен шешіміне шағымды қарау тәртібі

1. Анықтаушының, анықтау органының және тергеушiнiң iс-әрекетi мен шешiмiне шағымдар алдын ала тергеу мен анықтауды жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалау жасайтын прокурорға берiледi. Прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiне шағымдар жоғары тұрған прокурорға берiледi. Өзiнiң жеке iс-әрекетi мен шешiмiмен шағым түскен лауазымды адам шағымды өзiнiң түсiнiктемесiмен бiрге дереу тиiстi прокурорға жолдауға мiндеттi. Егер лауазымды адам шағымды негiздi деп есептесе, онда ол шағым жасалған iс-әрекеттi тоқтатады немесе шағым жасалған шешiмдi өзгертедi, ол туралы прокурорға хабарлайды.

2. Прокурор шағымды ол алынған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қарауға мiндеттi. Шағымды тексеру үшiн қосымша материалдар талап ету не өзге де шаралар қолдану қажет болатын ерекше жағдайларда ол туралы шағым берген адамға хабарлай отырып шағымды жетi тәулiкке дейiнгi мерзiмде қарауға жол берiледi.

3. Шағымды қараудың нәтижесiнде шағым жасалған шешiмдi тоқтату немесе өзгерту арқылы шағымды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм қабылдануы мүмкiн. Бұл орайда, егер мұның өзi шағым берген адамның немесе шағым өз мүддесiне сай берiлген адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын болса, бұрын шығарылған шешiмдi өзгертуге болмайды.

4. Шағым берген адам шағым бойынша қабылданған шешiм және одан әрi шағымданудың тәртiбi туралы хабарландырылуы тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту дәлелденуi тиiс.

09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 65-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 109-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен  109-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



109-бап. Прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған  шағымдарды сотта қарау тәртібі

1. Жеке басының құқықтары мен бостандықтарын прокурордың, тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеті (әрекетсіздігі) және шешімі тікелей қозғайтын тұлға, егер мұндай іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) және шешімдердің заңдылығын тексеруді сот талқылауы кезеңіне дейін кейінге қалдыру адам мен азаматтың нұқсан келтіріл­ген құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді қиындатса немесе оның мүмкіндігін жоққа шығарса, қылмыс туралы арызды қабылдаудан бас тартылуына, сондай-ақ қылмыстық істі қозғаудан бас тарту, қылмыстық істі қозғау, тоқтата тұру және тоқтату, сот-медициналық сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, тінтуді және (немесе) алуды жүргізу, мүлікке тыйым салуды қолдану, кепілді қолдану, өзге де іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау және шешімдерді қабылдау кезіндегі заң бұзушылыққа шағымданып сотқа жүгіне алады. Шағым тиісті шешіммен танысқаннан кейін не осыған ұқсас шағымды прокурор қанағаттандырмай тастаған жағдайда тікелей сотқа беріледі.

2. Қылмыстық қудалау органының қаулысына жасал­ған шағымды тексерген кезде сот осы Кодекске сәйкес қыл­мыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау ны­санасы болып табылатын мәселелерді алдын ала шешпеуге тиіс.

3. Сот тексеруінің шектері осы баптың бірінші бөлі­гінде көрсетілген іс-әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасау және шешімдерді қабылдау кезінде заң нормаларының сақталуын анықтаумен шектелген.

4. Шағым түсіру шағым жасалып отырған іс-әрекеттің жүргізілуін және шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.

5. Шағым тұлғаның келіспейтін шешіммен танысқан күнінен бастап он бес тәулік ішінде не прокурордың өзінің атына берілген шағымды қанағаттандырудан бас тартатыны туралы хабарламасы алынғаннан кейін сол мерзімде немесе, егер прокурорға берілген шағымға жауап алынбаса, ол берілгеннен кейін он бес тәулік өткен күннен бастап қылмыстық процесті жүргізетін орган тұрған жердегі аудандық сотқа берілуі мүмкін.

6. Шағымды судья ол келіп түскен кезден бастап он тәуліктің ішінде прокурордың, арыз берушінің және оның қорғаушысының, егер олар қылмыстық іске қатысса, заңды өкілінің немесе өкілінің, мүдделерін шағым жасалатын іс-әрекет (әрекетсіздік) және шешім тікелей қозғайтын өзге де адамдардың қатысуымен, жабық отырыста жеке-дара қарайды. Егер судья аталған адамдардың келуін міндетті деп таппаса, олардың сот отырысына келмеуі шағымды қарауға кедергі болмайды. Іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым жасалған лауазымды адамдар мұндай іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауға және шешімдерге негіз болған материалдарды сотқа үш тәулік ішінде табыс етуге міндетті.

7. Сот отырысы басталғанда судья қандай шағымның қаралуға жататынын хабарлайды, келген адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Содан соң, егер сот отырысына қатысып отырған болса, арыз беруші шағымды негіздейді, содан кейін келген басқа да адамдар тыңдалады.

8. Шағымды қарау нәтижелері бойынша судья мынадай:

1) заңсыз деп танылған іс жүргізу шешімін бұзу туралы:

2) тиісті лауазымды адамның іс-әрекеттерін (әрекет­сіздігін) заңсыз немесе негізсіз деп тану туралы және оның жол берілген бұзушылықты жоюға міндетті екені туралы;

3) прокурорға азаматтың немесе ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерінің жол берілген бұзылуын жою міндетін жүктеу туралы;

4) шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулылардың бірін шығарады.

9. Судьяның осы баптың қағидаларына сәйкес шығар­­ған қаулысына ол жария етілген кезден бастап үш тәуліктің ішінде осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар шағымдануы, сондай-ақ прокурор осы қаулы шығарған судьяның соты арқылы облыстық және оған теңестірілген сотқа наразылық беруі мүмкін. Шағымдану мерзімі өткеннен кейін іс бұл туралы осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар мен прокурорға хабарлай отырып, шағыммен, наразылықпен бірге облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген қағидалар мен мерзімдерді сақтай отырып, шағымды, наразылықты қарайды және мынадай: шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот судьясының қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы; шағымды, наразылықты қанағаттандыру және аудандық немесе оған теңестірілген сот қаулысының күшін жою туралы шешімдердің бірін шығарады.

10. Қылмыстық іс бойынша прокурордың, тергеу және анықтау органдарының осы баптың бірінші бөлігінде көрсе­тілмеген іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешім­де­ріне жасалған шағымдардың заңдылығын тексеруді сот істі мәні бойынша одан әрі қарау кезінде жүзеге асырады.

 

ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 110-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 110-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



110-бап. Айыпталушыны, сезіктіні қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына шағымдану, наразылық білдіру

1. Айыпталушы, сезікті, олардың қорғаушысы, заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі, өкілі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысына судьясы қаулы шығарған сот арқылы облыстық немесе оған теңестірілген сотқа оның жарияланған кезінен бастап үш тәулік ішінде шағымдануға, ал прокурор наразылық білдіруге құқылы. Шағым беру немесе наразылық келтіру, осы Кодекстің 154-бабының алтыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы сот қаулысының орындалуын тоқтатпайды және адамды күзетпен ұстаудан босатуға әкеп соқпайды. Соттың қаулысына шағымдануға, наразылық білдіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін шағымы, наразылығы бар іс бұл туралы айыпталушыға, сезіктіге, олардың қорғаушысына, заңды өкіліне, жәбірленушіге, оның заңды өкіліне, өкіліне және прокурорға хабар беріле отырып, облыстық немесе оған теңестірілген сотқа кідіріссіз жіберіледі.

2. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы қылмыстық іс сотқа келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен кешіктірмей, айыпталушыға, сезіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру немесе қамауға алу мерзімін ұзарту туралы, айыпталушыны, сезіктіні қамауға алуға санкция беруден бас тарту немесе қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруді жүзеге асырады.

3. Сот отырысына прокурор және айыпталушының, сезіктінің қорғаушысы қатысады. Отырысқа айыпталушы, сезікті, айыпталушының, сезіктінің заңды өкілі, жәбірленуші, оның заңды өкілі және өкілі де қатыса алады, шағымның, наразылықтың қаралатын уақыты туралы уақтылы хабарланған кезде олардың келмей қалуы соттың шағымды, наразылықты қарауына кедергі келтірмейді.

4. Сот тараптардың дәлелдемелерін тыңдап, қылмыстық істің материалдарын қарай келіп, мынадай:

1) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысын өзгеріссіз қалдыру туралы;

2) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына берген санкциясының күшін жоя отырып, оның қаулысының күшін жою туралы;

3) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою туралы және айыпталушыға, сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы;

4) аудандық немесе оған теңестірілген соттың қаулысының күшін жою және айыпталушыны қамауға алу мерзімін ұзартудан бас тарту не ұзарту туралы дәлелді қаулылардың бірін шығарады.

Сот қаулысының көшірмесі қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішпен іс қозғаған қылмыстық қудалау органына, сондай-ақ прокурорға, айыпталушыға, сезіктіге, қорғаушыға, айыпталушының, сезіктінің заңды өкіліне және өкіліне, жәбірленушіге, оның заңды өкіліне және өкіліне, адамды күзетпен ұстау орнының әкімшілігіне жіберіледі және дереу орындалуға тиіс.

5. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдардың жасаған шағымы немесе прокурордың білдірген наразылығы қанағаттандырылмай қалған жағдайда, қамауға алу мерзімінің жаңадан әрбір ұзартылуы кезінде сол адамның немесе прокурордың нақ сол іс бойынша, нақ сол негіздер бойынша жасаған шағымын, білдірген наразылығын қайтадан қаратуға құқығы бар. Қайтадан жасалған шағым, білдірілген наразылық осы бапта көзделген тәртіппен қаралады.

6. Судья осы бапта көзделген тәртіппен шағымды, наразылықты қараған кезде хаттама жүргізіледі.

2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 111-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет