Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет30/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету

1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету –

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сегіз мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 143-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


144-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнімдерді жасауға тарту

Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту –

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:

1) ата-анасы, өгей әкесі, өгей шешесі, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған;

2) көрінеу жас балаға қатысты жасалған;

3) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;

4) бірнеше рет жасалған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


3-тарау. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет