Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет43/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

171-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер)құру

Жалдамалыларды дайындау үшін көрiнеу базалар (лагерьлер) құру не үй-жайды немесе жер учаскесін осы мақсаттарға көрiнеу беру –

мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 171-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


172-бап. Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу

Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа сыйымсыз қатысуы –

бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


173-бап. Халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау

1. Шет мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғауды пайдаланатын халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сол сияқты халықаралық қорғауды пайдаланатын адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы адамдарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, сондай-ақ көрсетілген әрекеттерді жасау қатерін төндіру –

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Бiрнеше рет не қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан, сол сияқты соғысқа арандату немесе халықаралық қатынастарды ушықтыру мақсатында жасалған дәл сол іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан немесе қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –

мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 173-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет