Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет122/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

315-бап. Адам мәйiтiнiң ағзалары мен тiндерiн заңсыз алып қою

1. Транспланттау не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң ағзаларын немесе тiндерiн заңсыз алып қою, сол сияқты адам мәйiтiнiң ағзаларына немесе тiндерiне қатысты мәмiлелер жасасу –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ;

2) бірнеше рет;

3) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


316-бап. Жануарларға қатыгездiкпен қарау

1. Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау –

бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) екі және одан да көп жануарға қатысты жасалған;

2) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;

3) бірнеше рет;

4) жас балалардың көзінше;

5) жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 316-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.12.2021 № 98-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет