2010 жылғы 1 қазанына Қарағанды облысында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәліметтерге түсіндірме хат



жүктеу 13.37 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі13.37 Kb.
2010 жылғы 1 қазанына Қарағанды облысында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы мәліметтерге

түсіндірме хат

2010 жылғы 1 қазанына қоғамдық жұмыстарға 8806 жұмыссыз азамат қатысты. Ауылдық жерлерде 2810 адам немесе қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жалпы санынан 31,9%.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындауға 404981,5 теңге сомасына келісім-шарт жасасты. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға еңбекақы төлеуге 349811,4 мың теңге қаражат есептелген, нақты қаржыландыру – 344253,7 мың теңге. 2010 жылдың қаңтар айында төленбеген сома 2126,9 мың теңге, оның ішінде ауылдық жерлерде -858,1 мың теңге.

Облыс жұмыссыздарының атқарған қоғамдық жұмыс түрлері:



  • тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына аумақ жинауға көмек көрсету – 1548 адам (немесе қоғамдық жұмысқа қатысушылардың жалпы санынан (17,6%);

  • құрылыс және жол жөндеу, су құбыры, газ, канализациялық коммуникация салу –41 адам (0,5 %);

  • мелиорация жұмыстарын жүргізу – 30 адам (0,3%);

  • құрылысқа, тұрғын үйлерді қайта салу және күрделі жөндеуге, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени сала нысандарын жөндеуге қатысу – 390 адам (4,4%);

  • аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту) – 2141 адам (24,3%);

  • кең ауқымды мәдени шараларды ұйымдастыруға көмек (спорттық жарыстар, фестивальдар) – 114 адам (1,3%);

  • түрлі кампаниялар мен қоғамдық пікіртерімдер өткізуге көмек, санаққа қатысу – 283 адам (3,2%);

  • малды жемдеу, жас малды өсіру – 108 адам (1,2%);

  • қоғамдық жұмыстың басқа түрлері – 4151 адам (47,1%). Бұл түрлерге: тұрғылықты жердегі балалар және жасөспірімдермен жұмыс, жалғызбасты қарт адамдарды күту, атаулы әлеуметтік көмек құжаттарын ресімдеуге көмектесу, халыққа салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет