Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет178/205
Дата04.04.2024
өлшемі1.37 Mb.
#497746
түріКодекс
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   205
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

412-бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

1. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не ауыр зардаптарға алып келген дәл сол іс-әрекет –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. 412-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


412-1-бап. Қылмыс жасауға арандату

1. Қылмыс жасауға арандату, яғни жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның кейін әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Күш қолданумен не күш қолдану, мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндірумен, не адамның материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланумен ұштасқан дәл сол әрекет –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:

1) адамның ауыр не аса ауыр қылмыс жасауына немесе өзге де ауыр салдарлардың басталуына алып келген;

2) қылмыстық топ мүдделерінде жасалған әрекеттер –

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, он жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Заң 412-1-баппен толықтырылды – ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет