Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет132/352
Дата03.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#451576
түріКодекс
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   352
kazakstan respublykasynyn kylmystyk kodeksi

239-бап. Төлем қабiлетсiздiгiне дейiн жеткiзу

1. Мүлкін немесе мүліктік міндеттемелерін, мүлкі, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мәліметтерді не мүлкі туралы өзге ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметін көрсететін өзге де құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер ірі залаға әкеп соққан төлем қабілетсіздігіне әкелген бұл әрекеттерді (әрекетсіздікті) құрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам, заңды тұлғаның органдары, сол сияқты дара кәсіпкер жасаса, – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не өкiлеттiк бойынша орындайтын адамның қаржы ұйымын мәжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабiлетсiздiгiне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген қасақана әрекетi (әрекетсiздiгi), –  

мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің, ірі қатысушы (ірі акционер) – жеке тұлғаның, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) – заңды тұлғаның басқару органы басшысының, мүшесінің, атқарушы органы басшысының, мүшесінің, бас бухгалтерінің, сондай-ақ қаржы ұйымының басқару органының немесе атқарушы органының функцияларын уақытша не арнайы өкiлеттiк бойынша орындайтын адамдардың жасаған, қаржы ұйымына ірі нұқсан келтірген іс-әрекеттері – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылдан қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болуға өмір бойына тыйым салу белгіленгенге дейінгі мерзімге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 239-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   352




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет